"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫС ШЫРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ

20.03.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының 1991-2015 жылдардағы әлеуметтік—экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасы.

{jcomments on}Тәуелсідік алған жылдардан бері өңірлік жалпы өнімнің көлемі 8,8 миллиард теңгеден 2,2 триллион теңгеге дейін, яғни 251,3 есеге, өсті. Бүгінде ШҚО – да жан басына шаққандағы ӨЖӨ 315,9 есеге өсіп, 1579,5 теңгені құрады.

Өнеркәсіп саласында да өркендеу бар. Өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемі 30 миллион теңгеден 1098,1 миллиард теңгеге өсті. Оның ішінде тау — кен өндірісі көлемі 1 миллионнан 102,5 миллиард теңгеге,  өңдеуші өнеркәсіп 30 миллионнан 912,6 миллиард теңгеге өсті. Индустрияландыру картасын жүзеге асыра бастағаннан бері жалпы құны 220 миллиард теңгені құрайтын 44 жоба жүзеге асырылып, 8,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Егемендік алған жылдардан бері ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 1,4 миллиард теңгеден 294 милилиард теңгеге, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 331,7 миллион теңгеден 115,4 теңгеге, мал шаруашылығы 1086,5 миллион теңгеден 178,4 миллиард теңгеге өсіпті. Әлбетте, ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш. Мысалы, 1997 жылмен салыстырғанда облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 14 есеге өсті (1997 жылы  20,5 миллиард теңге болды). Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған мемлекеттік қолдау көлемі 1997 жылдан 2014 жылға дейін 3 есеге артты. Сондай –ақ негізгі капиталға салын-ған инвестициялар көлемі 21,9 миллиард теңгеден 345,5 миллиард теңгеге дейін, немесе 1999 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 15,8 есеге өсті. Осы кезеңде облыста 4723,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

ШҚО — да шағын бизнес жетекші салалар қатырында. Бұл күнде белсенді кәсіпорындардың саны 1999 жылғымен салыстырғанда 57,7 пайызға өсіп, 5857-ге дейін жетті (1999 жылы олардың саны 3714 болатын). Осы күнде шағын бизнес нысандарында жұмыс істейтіндер саны 2,6 есеге өсіп, 75919 адамды құрап отыр. 1999 жылы бұл көрсеткіш 28756 адам болатын. Шағын бизнес кәсіпорындарындағы орташа айлық жалақысы 8,6 есеге өсіп, 60,6 мың теңгені құрап отыр. Ал 1999 жылы бұл көрсеткіш 7,0 мың теңге көлемінде болатын.

 

Соңғы бес жыл ішінде облыстағы инновациялық кәсіпорындардың саны 2009 жылы   47 болса, бұл күнде 2 еседен артық өсіп, 99-ға жеткен. Айта кетерлігі, облыстағы ірі кәсіпорындардың бестен бір бөлігі инновациялық тұрғыдан белсенді болып табылады.

Сауда – саттық, алыс – берісте де ШҚО – ның шоқтығы биік. Сыртқы сауда айналымының көлемі 566 миллион АҚШ долларынан 3263,8 миллион АҚШ долларына дейін өскен. Оның ішінде 1995 жылғымен салыстырғанда экспорт 385,3 миллион АҚШ долларынан 1961,5 миллион АҚШ долларына дейін,  импорт көлемі 180,7 миллион АҚШ долларынан 1302,3 миллион АҚШ долларына дейін өсті. Ал бөлшек тауар айналымына келер болсақ, 1991 жылғымен салыстырғанда 3,8 миллиард теңгеден 563,8 миллиард теңгеге дейін, немесе 148,3 есеге өскен екен.

Мемлекеттік бюджетке төленген түсімдер көлемі 18,5 миллиард теңгеден 196,6 теңгеге дейін,  оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін түсім 1997 жылғымен салыстырғанда 13,7 миллиард теңгеден 77 миллиард теңгеге артты. Орташа айлық жалақы 128 теңгеден ($ 24) 98 360 теңгеге ($532) өсті.

Шығыс Қазақстандағы жетекші салалардың бірі көлік-логистикасы саласында жүк тасымалының көлемі 176,7 миллион тоннадан 595 миллион тоннаға дейін артты.

Облыста әлеуметтік салада  да серпінді даму динамикасы айқындалған. Жұмыссыздар деңгейі 9,5 пайыздан 4,8 пайызға төмендеді. Медициналық — әлеуметтік нысандар саны 3,2 есеге артып, он алтыға жетті. Ал 1991 жылы медициналық – әлеуметтік мекемелердің саны бесеу ғана болатын.

Денсаулық сақтау саласында балалар өлімінің көрсеткіші жаңа туған 1000 нәрестеге шаққанда 25,3 –тен 10,8-ге дейін төмендесе, аналар өлімі 1000 жаңа туған нәрестеге шаққанда 71,3-тен 4,3-ке дейін төмендеді. Халыққа 88 аурухана ұйымы медициналық қызмет көрсетеді. Бұл көрсеткіш 1991 жылғымен салыстырғанда 27,5 пайызға, немесе 19 ұйым-ға көбейді.

Шығыста табиғатты қорғау саласында тындырымды істер атқарылып, 54 мың гектардан астам орманды жер қалпына келтіріліп, табиғи қорық аумағы 15,5 есеге арттырылды. Орман шаруашылықтары орманды қалпына келтіру үшін 243,9 миллион ағаш тұқымын екті. Өндірістік кәсіпорындардың ауаға шығаратын қалдықтарының көлемі 1992 жылдан бастап 300,2 мың тоннадан 125 мың тоннаға дейін кеміді. Ал халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 62 пайыздан 85,2 пайызға дейін артты.

Облыс бойынша дене шынықтыру мен спорттық нысандардың саны 2740-тан 3116-ға дейін артты. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың қамтылуы 23,3 пайыздан 30,1 пайызға дейін немесе 7 пайызға өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 часа бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

5 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

5 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

5 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

7 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

8 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

8 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

8 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

9 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС