Semeytany.kz — Аягөз қаласында өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтетін маңызды инфрақұрылымдық нысан – жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді.
Жоба аясында бұрын 110 кВт кернеумен жұмыс істеген электр желілерінің қуаты 220 кВт-қа дейін арттырылды. Нәтижесінде электрмен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілеті ұлғайып, желінің тұрақтылығы мен сенімділігі күшейді.
Жаңадан іске қосылған қосалқы станция Аягөз қаласын, сондай-ақ Мақаншы және Үржар аудандарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Нысанды іске қосу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, бұл жоба инвестициялық тартымдылықты арттыруға және өнеркәсіп кәсіпорындарын үздіксіз электр қуатымен қамтуға ықпал ететінін атап өтті.




