"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

08.01.2014
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақ руханиятының қайнар көзіндей төл әдебиетіміздің аса көрнекті қайраткерлерінің бірегейі Қайым Мұхамедханұлының есімі халқына етене таныс. Тумысынан асқан дарынды, зор қабілетті, биік мәдениетті, сұңқар табиғатты текті тұлғаның соңынан қалған қазына да қомақты. Беймезгіл уақыт аяғын тұсап, қолын байлап жүйелі шығармашылық қызмет жасауына мұрсат бермеді. Отыз жетінің қасіретті репрессиясы қанатынан қайрылтты, панасынан айрылтты. Мұхамедхан Сейтқұлұлы жазықсыз жазаланды. Атылды. Әкеден айрылу жас ақын жүрегіне беріш болып байланды.

Мәдениетті, салауатты, өнегелі жанұяда өскен Қайым қатыгез тағдырдан теперіш көрді. Ынтымақты отбасында «Әкеден – ақыл, анадан – мейір» көріп өскен жас көп нәрсені көңіліне түйіп, ой сүзгісінен саралап өткізеді. Заман аңғарын, уақыт талабын жете түсінуге талпынады. Алаш зиялыларының «тұрақты мекеніне» айналған Мұхамедхан Сейітқұл-ұлының үйі рухани – мәдени ошаққа айналған кезінде.

Қазақстанның бас қалаларының бірі Семейде Алаш партиясы құрылып, Алашорда үкіметінің билікке кірісуі 1917-1918 жылдар екендігін бүгін барша жұрт біледі. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұма-баев, Ж.Аймауытов, Шәкәрім, Абай балалары, ірі оқығандар Халел Ғаббасов, Жақып Ақпаев, тағы басқалар Мұхамедханның көктөбел үйінде жиі бас қосқан, ой толғаған, пікір ұштаған. Қазақ зиялыларының естеліктеріне зер салсақ, Алаш ардақтыларының жыр, толғаулары болашақ ақынның бесік жырына айналған. Кейінде Қазақ КСР-нің тұңғыш әнұранын жазғанда:

 

Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,

 

Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан, —

деп келетін өлең жолдары ақын көкірегін кернеп шығып, тегіннен-тегін қасиетті поэзия ауылына жол тартпаған шығар.

Қ. Мұхамедханұлының қазақ ғылымы мен өміріне қосқан айтулы үлесінің бастысы ұлы Абай мен оның ақын шәкірттерін зерттеумен байланысты. Барлық саналы өмірін Абайды зерттеуге арнаған ғалымның опа таппаған кездері де болды. Абай үшін отқа түсті, сотталды, халық жауы атанды. Қайсар жан ұс-танған жолынан қайтпады: қорлықты да, зорлықты да бастан кешірді.

Туған ел, алтын бесік, ұшқан ұям,

Көз жұмылмай тұрғанда қайтіп қиям.

Тарта гөр Семейімнің топырағы,

Төстіктей жеріңе мен еркін сыям.

Бұл – ұлтшыл деген жалған жалаға тап болып, Карлагтың қаншеңгел тырнағына ілінген, тордағы бұлбұлдай аянышты халді басынан кешірген ақын өмірінің аса бір ауыр шағын көз алдыңызға елестететін шумақ. Осы бір елең-алаң шақта ғұлама ғалым Қаныш Сәтпаев жұмысынан босады, кемеңгер жазушы М.Әуе-зов Москваға қашып барып, достарын паналады, тарихшы Е.Бекмаханов, әдебиетші Қ.Мұхамедханов түрменің төрінен бірақ шықты. Алаш азаматы Қайым Мұхамедханұлы «қырағы саясатшылардың» қармағына мықтап ілінді.

Түрме түнегінен босай сала Қайым аға тіке туған жері – Семейіне қайта оралды. Қызу еңбекке араласты. Адалдығын, шындықтан ауытқымайтындығын дәлелдеп берді. Ұстаздық, өнімді ғылыми шығармашылық істер атқарды. Еңбегі еленіп, КСРО медальдарымен, айырым белгілерімен марапатталды. Ол – профессор, Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР гимнінің авторы, бірнеше сыйлықтардың иегері, Семей қаласы, Абай, Жаңасемей аудандарының Құрметті азаматы. Мемлекеттік тапсырыспен он томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

Келесі жылы Қ.Мұхамедханұлының қайтыс болғанына он жыл толады. 2016 жылы жүз жылдық мерейтойын өткізу оянған ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы арада қадап айтпағымыз, қазақтың ұлтжанды перзенті, ірі тұлғасы Қайым Мұхамедханұлы есімін Семей қаласындағы бір орталық көшеге берілсе деген тілегіміз бар.  Билік басындағы көшелі азаматтар мәселені шешетіндігіне сенімдіміз.

Қайым есімін қастерлеу ұрпақ парызы.

Арап Еспенбетов,

профессор, Қазақстанның

еңбек сіңірген қайраткері.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС