"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты

20.01.2026
Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер музейінде ұйымдастырылған «Ұлы дала қазынасы» көрмесін тамашалады.

Көрме көшпелі өркениеттің асыл мұрасын кеңінен қамтыған мәдени жоба ретінде көпшілік назарына ұсынылып отыр. Экспозицияға Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан әкелінген археологиялық жәдігерлер қойылған. Бұл құнды дүниелер 2016 жылдан бері еліміздің жетекші археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев Абай және Шығыс Қазақстан облыстары аумағында жүргізіп келе жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған.

Экспозицияда Елеке сазы, Тасарық, Шілікті, Берел, Ақжайлау, Қарақаба секілді археологиялық ескерткіштерден алынған бірегей артефактілер бар. Мамандардың айтуынша, көшпенділер дәуіріне тән бұл жәдігерлер сол кезеңдегі өркениет деңгейін, сондай-ақ көне шеберлердің зергерлік өнердегі жоғары қолтаңбасын айқын көрсетеді. 2016-2025 жылдар аралығындағы зерттеулер барысында 28 мыңнан астам артефакт табылып, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын толықтырған.

Көрме төріне тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев пен тарих ғылымдарының кандидаттары Қ.Ахметжан және Қ.Алтынбеков жасаған ғылыми-тарихи реконструкциялар да қойылған. Соның ішінде соңғы жылдардағы ірі жаңалықтардың бірі ретінде Абай облысы Ақсуат ауданындағы Елеке сазы қорымынан табылған «Алтын адам» ерекше аталады. Жәдігер б.з.б. VIII ғасырға жататыны көрсетіліп, қорымның бұзылмай сақталуы ақсүйек әулеттен шыққан бозбаланың жерлеу киімі мен қару-жарағын дәл қалпында жаңғыртуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ Елеке сазы қорымындағы Қаған мәдени-мемориалдық кешенінен табылған VIII ғасырға жататын «Тақта отырған Қаған» мен Үржар ханшайымының реконструкциясы да келушілердің қызығушылығын арттырды.

Көрмені аралаған аймақ басшысы ұсынылған жәдігерлердің тарихи әрі ғылыми маңызына тоқталып, мәдениет саласына Абай облысына қатысты ескерткіштердің көшірмелерін жасап, оларды жергілікті музейлерге орналастыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Өңірде тарихи нысандарды сақтау және қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіліп келеді. Былтыр Семей қаласындағы бұрынғы көпес Мусиннің диірмені ғимараты Pana Unique Semey қонақ үй кешені ретінде жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге В.Чернышевский атындағы №1 мектеп, Губернатор үйі, қос мұнаралы мешіт, көпес Сахно үйі және Ф.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музей ғимараттарында реставрациялық жұмыстар атқарылып, кейбір нысандарда жаңғырту жалғасып жатыр.

Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты Семейде «Ұлы дала қазынасы» көрмесі ашылып, Берік Уәли құнды жәдігерлермен танысты

Мақалада: Алтын адамБерік УәлиЕлеке сазыНевзоров музейіҰлы дала қазынасы

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

4 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

4 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

5 дней бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

7 дней бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 неделя бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 неделя бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 неделя бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 неделя бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 неделя бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС