"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫС МАЙДАНЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ

31.03.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соғысқа қатысып, туған жеріне аман—есен оралған соң халық шаруашылығы салаларына белсене араласып, жемісті еңбек еткен ағаларымыздың бірі – Тарбағатай ауданындағы Жаңаауыл ауылының тұрғыны Ниязбек Садықов. Ол кісі 1925 жылы шілде айында Терісайырық деген жерде дүниеге келген екен. Қызылтастағы мектепте оқып, білім алыпты. Еңбек жолын колхозда жұмысшы болудан бастапты. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыстағы Беребижан қаласы маңындағы 474 — атқыштар полкінің сапына алынады.

{jcomments on}- Біздің полк Бабства деген орыс кентінде болды. Отан шебін қорғауда үш жыл жүрдік. Оқ шығармадық.  Бірақ соғыс жағдайындағы кезеңде шекара күзетінің өз қиындығы аз емес еді. 1945 жылдың 9 мамырында Жеңіс туралы қуанышты хабар бізге де жетті. Сол жылдың тамыз айында Жапония соғыс ашып, соған қатыстым. Біздің полктің бағыты Амур өзені болды. Өзеннен түнде катер арқылы өттік. Сонда бір тәулік бекініп жатып, ары қарай жылжыдық. Полк командирі подполковник Устинов Сергей, батальон командирі Штрунк деген украин азаматы еді. Жапон соғысы сол жылдың қыркүйегінде аяқталды. Сол жерде бізді бөліп, Сахалин аралына апарды. Командиріміз ауысып, бір орыс жігіті келді. Біздің негізгі міндетіміз қару-жарақтар қоймаларын күзету болды. 1946 жылы мамыр айында елге келдім,- деп әңгімелейді өзінің жауынгерлік жорық жолдары туралы Ниязбек ақсақал.

Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына кел-тіру жұмыстары оңай болмаған. Өзгелер сияқты Ниязбек аға да колхоздың жыл он екі ай бойы жалғасатын шаруашылық жұмыстарына білек сыбана араласыпты. Ел игілігін молайтуға қосқан елеулі еңбегі үшін 1947 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін омырауына тағыпты. Еңбексүйгіштігімен, адалдығымен танылған ағамыз қой фермасының бастығы да болыпты. Колхоз басшылары сенім артып, шаруашылық игіліктерінің, қоймасының кілтін ұстау міндетін тапсырыпты. «Қойма кілтшісі» болу жауапкершілігін 1987 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін мінсіз атқарыпты. Ол кісінің есімі кезінде «Қазақстан» кеңестік шаруашылығының Құрмет кітабына жазылған екен. II дәрежелі Отан соғысы орденімен», Кеңестер Одағының маршалы Г.Жуков медалімен марапатталған Ниязбек ақсақалға Астана қаласының он жылдығына арналған мерекелік медалі де беріліпті. Бәйбішесі екеуі он екі балаға өмір сыйлаған бақытты ата қазіргі уақытта Ораз деген ұлының қолында немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

7 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

14 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

14 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

14 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

14 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС