"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛЫЖАЙ ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

14.04.2015

Шаруашылық жұмыстарының жаңа бір саласы – жылыжай орнату, егістікті тамшылатып суару әдістерін қолдану, топырақты өңдеудің тың тәжірибелерін ғылыми түрде меңгеру сияқты заман талабына сай тірліктер Тарбағатай ауданында да кеңінен қанат жая бастады. Қазірдің өзінде ауданның бірнеше ауылдарында жылыжайлар іске қосылып, тәжірибелер таратылуда. Аудан әкімі Ділдабек Оразбаевтың өзі тікелей бақылауына алып, құрылыстың сапалы орындалуы мен алғашқы бастамалардың сәтті болуына көңіл бөлуі бұл саладағы істердің тыңғылықты атқарылуына әжептәуір ықпал етті. Соның бір дәлелі — № 2 Ақсуат орта мектебінің жанынан салынған жылыжайдың қалыптасып келе жатқан жақсы жұмысы.

{jcomments on}Құрастырыла бастағалы бірер айдың жүзі болған осы жылыжайда бақша өсімдіктерінің бірнеше түрі егілген. Бұл жылыжай мұғалімдердің, өндіріс шеберлерінің басшылығымен оқушылардың тәжірибе үйренетін, өсімдіктер әлемінің сырларына терең бойлап, көзбен көріп, қолмен ұстап еңбектенетін орнына айналған. Жылыжайға жалпы басшылық жасау жұмысы Шалқар Әстаевқа жүктелген екен. Жас маман өзінің жоғары оқу орнынан алған білімі мен тәжірибесін балаларға үйретуден жалықпайтын көрінеді.

Жылыжайда қандай тірлік жасалып жатқанын көру үшін барғанымызда, Шалқар Болатбекұлы іс басында екен. Ол 8 «В» сыныбының оқушылары Жанара Байзырахманова, Жаннұр Естаянова, Жолымбет Серікқазин және Жандос Тұрсынбековпен бірге жылыжайда өсіп тұрған қызанақ, қияр, қырыққабат өсімдіктерінің жай-күйімен танысып, алдағы уақытта атқарылар міндеттер жайлы ақылдасып тұр екен.

 

— Бұл жылыжай аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлының бастамасымен тұрғызылды. Мектеп ұжымының өз күшімен құрастырылып жасалды. Мына балалар Эльвира Рахымжанова жетекшілік ететін сегізінші сыныпта оқиды. Өздері оқу үздіктері, осы жылыжайда атқарылған топырақ өңдеу, көшет отырғызу, өсімдіктердің көктеп шығу кезеңдеріндегі барлық жұмыстарға белсене қатысты. Қазір мұнда 500 түп қияр, 600 түп қызанақ гүлдеп, 30 түп қырыққабат өсіп тұр. Барлығы тамшылатып суарылады. Барлығы да осындай жылыжайларға арналған тұқымнан жеке-жеке құтыларға отырғызылып, көктеп шыққан соң, осында әкелініп егілді. Топырақты жергілікті көң, тауықтың қиы сияқты заттармен тыңайттық. Химиялық заттар пайдаланған жоқпыз. Бұйырса, енді бір айдан астам уақытта алғашқы өнім алынып, мектеп жанындағы интернат асханасына беріледі, — дейді Шалқар Болатбекұлы.

 

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

9 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

9 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

9 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

13 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС