"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БӨДЕНЕ БАЙЛЫҚТЫҢ КӨЗІ

21.04.2015
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы уақытта облыс көлемінде бірқатар тұрғындар бөдене өсіріп, оны табыс көзіне айналдырып отырғандығын жиі естиміз. Бұл дегеніміз, нарық заңдылығына қарай, сұраныстан туындаған істің бірі. Құс шаруашылығының бұл түрі бүгінде Жарма ауданына да жетті. Өңірде алғашқылардың бірі болып Баймұрат Ысқақұлы өзінің отбасы мүшелерімен бірлесіп көп адамдар айналыса қоймайтын бөдене құсын өсіріп, еті мен жұмыртқасын өндіруді қолға алды.

{jcomments on}Ішкі істер саласының ардагері құрметті еңбек демалысына шықса да, қол қусырып отырмай, әр істің басын шалған. Уақыт өте келе, кішкене ғана құстан үлкен өнім өндіруге болатындығын біліп, істі жүзеге асырған. Бұл ұсыныс жанұя мүшелерінің ойынан шығып, кәсіп жан­дана бастады.

— Бөдене өсіру ісін теле­дидардан көріп, көбіне бұл шаруашылықпен Өзбекстан мемлекетінде жиі айналысатындығын аңғардым. Бөдененің жұмыртқасы мен етінің адам ағзасы үшін берері көп екендігін көріп, оны өсіруді жанұямызбен қолға алмақ болып шештік, — дейді Баймұрат Ысқақұлы.  Осыдан жарты жыл бұрын 20 бас бөдене сатып әкеліп, шаруашылығын бастаған Баймұрат Ысқақұлы ерекше күтімді қажет ететін құстың қыр-сырын ғаламтор арқылы үйреніпті. Істі игерген кәсіп иесі құс басын өсіруді жөн деп тауып, жұмыртқа шығаратын қондырғыны сатып алып, бүгінде бөдене басын 80-ге жеткізген екен. Бүгінде тәулігіне 25-тен аса жұмыртқа өнідіруде. Қаз бен үйрек, тауыққа қарағанда, бөдене жиі жұмыртқалайтындықтан, оған аз уақыт ішінде сұраныс та артқан. Яғни Баймұрат Ысқақұлынан  тапсырыспен  алып тұратын тұрақты тұтынушылар саны да күн санап артып келеді екен.

 

Жалпы, мамандар бөдене жұмыртқасы мен етін жоғары бағалайды. Тіпті кей елдерде оқушылардың ас мәзіріне кіретін өнім болып табылады. Яғни жас жеткіншектердің ой қабілетін арттыру үшін, денсаулықтарын нығайту үшін таптырмайтын өнім екен. Жалпы, бөдененің еті жұмсақ әрі жеңіл. Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондар екен. Қазіргі таңда дүниежүзінде жапон бөденесі, мәрмәр бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе адам ағзасын темір қалдықтары мен шлактар­дан тазартады. Тыныс жолы демікпесі, асқазан аурула­ры, жүйке, жүрек және тағы басқа ауруларға пайдалы. Құрамында фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы жеткілікті, микроэлементтерге бай.

 

Шағын құстан мол пайда табуға болатындығына көз жеткізген  Баймұрат Ысқақұлы кәсіп аясын кеңейтіп, алдағы уақытта құс басын үш мыңға жеткізуді көздеп отыр. Ал бұрын тұрғындар бөдене жұмыртқасы мен етін ат арытып іздесе, енді алыстан арбаламай, жақыннан дорбалайтын мүмкіндікке жетті.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

Жарма ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС