"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҚҰНАНБАЙ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

15.05.2015
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жылдың жазында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Абай ауданында тарихи—драмалық «Құнанбай» атты көркем фильмнің түсірілімін жүргізгені белгілі. Халқымыздың маңдайалды тұлғасына арналған жаңа туынды жуырда толық монтаждалып, даяр болған еді. Фильмнің қоюшы—режиссері әрі басты рөлде ойнаған Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов жаңа премьераны ең алдымен Семей жерінде өткізуді жөн санапты. Осыған дейін Астана төрінде немесе батыс Еуропа қалаларында туындыларының тұсауын кесіп келген «Қазақфильм» бұл жолы дәстүрін өзгертті. Аталмыш кинотуындыны мамырдың 12-і күні Қарауыл ауылында таныстырса, ертеңгісін Семейдегі «Еңлік—Кебек» кинотеатрында шымылдықашар рәсім өткізді.

Бес жыл бойғы даярлық

{jcomments on}Толық метражды көркем фильмнің сценарийін жазған танымал өнертанушы, жерлесіміз марқұм Таласбек Әсемқұлов екен. Ал қағаз бетіндегі өнімді актер ретінде сүзгіден өткізіп, тарихи образдарды айшықтауға режиссердің өзі – Досхан Жолжақсынов атсалысыпты. «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті әрі редакторы, жазушы Дидар Амантайдың айтуынша, туындыны түсіруге бес жыл бойы даярлық жүргізіліпті. Құнанбай Өскенбайұлының тұлғасын сомдау, сол дәуірдің тұрмыстық һәм қоғамдық сипатын айқындау үшін тарихи деректер жинастырылған. Осылайша, әбден пісіріліп барып, мүмкіндігінше шынайы бейнеленуі үшін Абай ауданындағы Құнанбайдың өзі мекен еткен Қарашоқыда түсірілім жұмыстары жүргізілген.

Туынды аса ұзақ емес, айтылар ой, көркемдік шешім не бары 1 сағат 40 минутқа сыйдырылыпты. Бюджет шығыны да айтарлықтай емес, бар болғаны 3 млн. 800 мың $ екен. Ал түсіру жұмыстары ең қысқа мерзім ішінде, не бары бір ай 18 күн ішінде тәмамдалыпты.

Басты жанашыр – Бердібек Сапарбаев

Тұсаукесерде Д.Жолжақсынов көрермен алдында кіріспе сөз сөйледі.

— Ұлт тарихын бірегей өнер адамы Таласбектей білетін әрі қағазға түсіре алатын адам көп емес. Сценарийдегі сол заманның тілі – оның еңбегі. Марқұм Таласбек Әсемқұлов екеуіміз «Біржан салдан» соң көп ойландық. Ақырында, үлкен тақырып – Құнанбайды таңдадық. Бұл орайда алдымызда Мұхаң тұрды. Мұхаңнан Құнанбайды бөліп алып көрсету оңай шаруа емес. Сол себепті Құнекеңнің пендеуи болмысына назар аудардық. Ал түсірілім жұмыстарына сол кездегі облыс әкімі, өнер мен мәдениеттің де жанашыры Бердібек Сапарбаевтың жәрдемі ерекше болды. Бердібек Мәшбекұлының қазақ руханиятына деген құрметінен болар, көп мәселенің шешім табуына көмектесті. Фильмнің бюджеті үнемделді. Жергілікті тұрғындардың қатысуымен түсірілім жұмыстары жеңіл өтті. Мәселен, әкімдердің демеуімен 500-ге тарта киіз үй тіктік. Сондай-ақ жергілікті әкімдік тарапынан актерлерге көрсетілген сый-сияпат та жоғары болды, — деп пікір білдірді.

Әуезовтің кейіпкерінен өзгерек

Құнанбай бейнесі көпшілікке Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы таныс. Яғни, оқырман санасында өктем, ескі дәуір көзқарасындағы харизмалық тұлға ретінде қалыптасты. Ал кинодағы аға сұлтан бейнесі — ішкі жан күйзелісі айқын байқалатын, ел басқаруда шешімге келуге қиналатын сәттері де бар, ойлы, тіпті көзіне жас та үйіретін кейіпкер. Тек көпқырлылығы сақталған. Билік тізгінін ұстаушы ретіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Атап айтсақ, ел басқарудың үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі дала заңын, патшалы Ресейдің «Сібір қазақтарына арналған низамын» Ислам дінінің шариғат қағидаларымен қатар әрі қатаң ұстанатын бейне ретінде көрініс тапқан. Бойындағы асқан    басқарушылық қабілет оны ұлт қайраткері дәрежесіне дейін көтергені аңғарылады.

Фильмде сондай-ақ Аягөз уезінің аға сұлтаны болған Барақ бейнесі де бар. Құнанбаймен үзеңгілес жүрген тарихи тұлғаның да пайым-парасаты терең екенін екі кейіпкердің терең мағыналы, қазақы сөз саптастарынан, әсіресе киноның ең соңғы шешуші сәттерінің бірінде байқауға болады. Осы тұста Абайдың «Біріңді, қазақ, бірің дос  көрмесең, істің бәрі бос» деген нақылы қос тұлғаның шекісіп барып бекіскен сәті, Барақтың Құнанбайдың басына күн туған кездегі көмегі, ерге тән мәрт мінезі арқылы тамаша ашылады. Сондай-ақ фильмнің сезімді тербейтін әсерлі тұстары көп.

Ал 10 жастар шамасындағы бала Абайдың әкесіне деген құрметі, оның өмірлік ұстанымын келешегіне бағдар етуі де меңзеледі.

Ұлттық мүдде басты орында

Жалпы, фильм сюжетінде сол ғасырдағы ру арасындағы дау-жанжал, билердің сөз барымтасы, ұрлық пен дінбұзарлықты тиюдағы төрелік нанымды көрініс табады. Сондай-ақ кинотуынды сюжетіне Қодар мен Қамқа оқиғасы да арқау болған. Тек М. Әуезов романындағыдай екіұшты пайым емес, нақты шешім жасалған. Зинақорлыққа жол беріп, қазақы дәстүрге де, шариғатқа да қайшы іс істеген жандарға рубасылар тарапынан кешірім жасалмайды. Ал Құнанбай ақтық сәтке дейін қос күнәһардың ақталуынан үміттенсе де, ұлттың арын сақтау үшін дала заңына сүйеніп, қатал жазалауға бұйырады.

Жалпы, кинокартинада Құнанбайдың тек жеке басы ғана емес, XIX ғасырдағы қазақ қоғамы шынайы көрініс тапқан. Мәселен, Керей мен Қаракесек рулары арасындағы құн дауын шешуде Құнанбайдың шешендік қыры айшықталады. Ал Омбыдағы патшалы Ресей генералының тергеуінде отаршылдармен нағыз мәміле жүргізуде шебер саясаткер екені аңғарылады. Туындыда басты кейіпкердің Кенесарыға, оның көтерілісі мен мүдде-мақсатына көзқарасы да айқын көрсетіліпті. Бұл қазақ қоғамында бұрын — соңды айтылмаған тың деректер екені белгілі.

Жергілікті актерлер үлесі мол

Кинодағы массовкалық көріністе абайлық тұрғындар үлес алса, басты кейіпкерлер қатарында жерлес актерлер де ойнапты. Мәселен, билер қатарында суырылып сөз сөйлейтін Бекен Имахановтың шеберлігі тәнті етсе, орыс жандаралы рөліндегі Ф.Достоевский атындағы театрдың директоры Яков Горельников нанымды кейіпкер ретінде танылады. Сондай-ақ Гүлшат Еруова сынды жерлес әншілерімізге де айтылар алғыс зор екенін фильм беташарында қоюшы-режиссер жеткізе кетті.

Ал кесек бейнелерден Тұңғышбай Жаманқұлов, Қарагөз Сүлейменова, Рахман Омаровтардың актерлік қа-білеттерін байқауға болады.

Жалпы, «Құнанбай» көркем фильмін тамашалаған көрерменнің қазақтың өткен ескі өміріне саяхаттап қайтқандай әсер алатыны анық. Аталмыш туынды енді, Астана қаласында Елорда жұртшылығына тұсаукесер рәсім өткізілген соң, жалпыұлттық прокатқа мамыр айының 25-нен бастап шығады.

Қазақ кинематографиясы осылайша тағы бір айтар ойы, өзіндік мінезі мен көркемдігі бар сүбелі, тарихи туындымен толықты.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

5 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

5 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС