"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына бару қажеттілігін азайтуға жағдай жасап отыр.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров атап өткендей, бүгінде электрондық формат салық төлеушілердің мемлекетпен өзара іс-қимылының негізгі тәсіліне айналды.

«Цифрландыру – бұл мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру ғана емес. Бұл мемлекет пен азаматтар және бизнес арасында неғұрлым ыңғайлы, жедел әрі ашық өзара іс-қимыл қалыптастыру», – деп атап өтті Руслан Данияров.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Департамент тарапынан 327 079 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 326 459 қызмет немесе 99,8%-ы электрондық түрде көрсетілген. Қағаз түрінде бар болғаны 620 қызмет – жалпы көрсетілген қызметтердің 0,2%-ы ұсынылды.

«Мұндай көрсеткіштер цифрлық құралдардың қаншалықты сұранысқа ие екенін айқын көрсетеді. Салық төлеуші үшін бұл, ең алдымен, уақытты үнемдеу. Егер қызметті онлайн алуға мүмкіндік болса, мемлекеттік кірістер органына барудың, кезекте күтудің және құжаттарды қағаз түрінде ұсынудың қажеті жоқ», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Бүгінде цифрлық мүмкіндіктердің аясы кең. Мемлекеттік кірістер комитетінің portal.kgd.gov.kz порталында салық төлеушілерді іздеу, салық берешегінің бар-жоғын тексеру, ҚҚС төлеушілері туралы мәліметтерді алу, салық калькуляторлары және басқа да электрондық сервистер қолжетімді.

Салық төлеушінің кабинеті де ерекше маңызға ие. Ол интернет арқылы салық есептілігін тапсыруға, қажетті ақпаратты алуға, сондай-ақ салықтық нысандарды толтырудың дұрыстығын тексеруге арналған кіріктірілген құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар азаматтар мен кәсіпкерлерге қажетті ақпаратты алуға және бірқатар салық операцияларын мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мобильді және цифрлық сервистер де белсенді түрде дамып келеді.

«Біз мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етуге ұмтыламыз. Қызметтер онлайн форматта неғұрлым көп қолжетімді болған сайын, салық төлеуші әкімшілік рәсімдерге соғұрлым аз уақыт жұмсайды», – деп атап өтті Руслан Данияров.

Департамент басшысының айтуынша, цифрландыру мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыруға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға да ықпал етеді.

«Біздің міндетіміз – қызметтерді жай ғана электрондық форматқа көшіру емес, оларды пайдаланушы үшін барынша түсінікті, қолжетімді және ыңғайлы ету», – деді ол.

Руслан Данияров Абай облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды:

«Бүгінде салықтық және кедендік қызметтердің едәуір бөлігін қашықтан алуға болады. Азаматтар мен бизнес өкілдеріне қолжетімді электрондық сервистерді пайдалануды ұсынамын. Бұл – ыңғайлы, жылдам әрі уақытты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді», – деп шақырды Департамент басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

2 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

2 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

3 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

5 дней бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

6 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

6 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

6 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

6 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

6 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС