"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні белгілі. Күнделікті жұмыс барысында құжаттарды рәсімдеуге байланысты туындаған кедергілер, созбалаң әкімшілік рәсімдер немесе мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімсіздік кәсіпкердің қызметіне елеулі ықпал етеді. Осындай мәселелерді анықтап, олардың заң аясында шешілуі Абай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің негізгі бағыттарының бірі.

Бұл туралы Кеңес төрағасы А.А. Суттибаев 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген жұмыстарды қорытындылауға арналған баспасөз конференциясында тоқталды. Оның айтуынша, есепті кезеңде Кеңес қараған мәселелердің қатарында жекелеген кәсіпкерлердің өтініштерімен бірге, тұтас бизнес саласына әсер еткен жүйелі проблемалар да болған.

Жыл басынан бері Кеңестің алты отырысы өткізіліп, оның бірі көшпелі форматта ұйымдастырылған. Отырыстар барысында кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысты 11 мәселе қаралып, оның сегізі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Қаралған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға 34 ұсыным беріліп, оның 20-сы қолдау тапқан. Сонымен қатар Кеңес төрағасы 25 жеке қабылдау өткізіп, кәсіпкерлердің нақты мәселелерін тыңдаған. Палатаға келіп түскен 30 өтініштің 12-сі құқықтарды қорғауға қатысты болса, оның бесеуі оң шешімін тапқан.

Кеңес жұмысы барысында кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары және басқа да әкімшілік рәсімдерге байланысты мәселелері қаралып, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шаралар қабылданды. Жекелеген өтініштер бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданып, нәтижесінде кәсіпкерлер үшін туындаған әкімшілік кедергілер жойылып, мәселелер оң шешімін тапты. Сонымен қатар, Кеңес тек нақты өтініштерді қараумен шектелмей, кәсіпкерлердің уақытын, қаржысын және бизнес-жоспарларын ескеріп, проблемалардың туындауына себеп болатын әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге назар аударды.

Бұл жұмысты тұтас салаға әсер ететін мәселелерді қарау кезінде байқауға болады. Соның бірі – «Абай облысының омарташылар қоғамы» қоғамдық бірлестігі көтерген аралардың жаппай қырылуына қатысты мәселе. Талқылау барысында ауыл шаруашылығы алқаптарында жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстары туралы омарташыларды алдын ала хабардар ету, ветеринариялық бақылау, омарталарды есепке алу және олардың қозғалысына қатысты бірқатар проблемалар көтерілді.

Кеңес мүшелері мәселені тек оның салдарын жою тұрғысынан емес, мұндай жағдайлардың алдын алу қажеттігі тұрғысынан да қарастырды. Осыған байланысты химиялық өңдеу жұмыстары туралы алдын ала хабарлау тетігін жетілдіру, SMS-хабарламалар мен WhatsApp чаттарын пайдалану, сондай-ақ аралардың қырылу фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу жөнінде ұсыныстар айтылды.

Осылайша, Кеңестің жұмысы нақты кәсіпкердің мәселесін шешумен қатар, ұқсас проблемалардың қайталануына жол бермейтін жүйелі шешімдер қалыптастыруға бағытталғандығын көрсетті.

«Кәсіпкердің құқығын қорғау бір ғана өтінішті шешумен шектелмеуі керек. Егер мәселе бірнеше кәсіпкерге немесе тұтас салаға ортақ болса, оның жүйелі шешімін табу қажет», – деді Кеңес төрағасы өз сөзінде.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған бұл жұмыс мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимыл арқылы жүргізілген. Есепті кезеңде Палата Абай облысының көлік прокуратурасының аумақтық органдарымен, Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен және Төтенше жағдайлар департаментімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. Сонымен қатар Палата өкілдері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелері мен прокуратура органдары жанындағы ведомствоаралық жұмыс топтарының құрамынан да тыс қалмаған.

Бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері Кеңестің кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда екі бағытты қатар ұстанатынын көрсетті: бір жағынан, нақты өтініштер бойынша кәсіпкердің мәселесін шешу, екінші жағынан, осындай мәселелердің қайталануына себеп болатын жүйелі әкімшілік кедергілерді анықтап, оларды жоюға ықпал ету. Бұл тәсіл бизнес өкілдерінің заңды мүдделерін қорғаумен қатар, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

1 день бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

1 день бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС