"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ УАҚЫТ ЕНШІСІНДЕ

08.07.2015

Соңғы жылдары саяжайларға электр жарығын таратуда біраз қиындықтар туындап, тұрғындар тарапынан келіспеушіліктер орын алуда. Осы мәселе өткен аптаның бейсенбісінде БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында сөз болды. Саяжай массивтерін электрмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрих, “Шығысэнерготрейд” ЖШС Семей өңірінің директоры Светлана Винтер, “ШҚ АЭК” АҚ Семей аймағының бастығы Бауыржан Смағұлов, “МЭПС” ЖШС бастығының орынбасары Болат Жұмаділов БАҚ өкілдері сауалдарына жауап берді.

 

{jcomments on}Саяжай массивтерін электр жарығымен қамтамасыз етуде көптеген мәселелер туындап отыр. Ондағы желілер әркімнің жекеменшігінде болғандықтан, қуат көзіне төленетін төлемақы да тұрғындар үшін әртүрлі. Осындай саяжай алқаптарының бірі — Шығыс кентіндегі оң жақ жағалау саяжай алқабы. Бұл аумақтағы желілер жергілікті кооператив балансында. Сондықтан да меншік иелері барлық ішкі жұмыстарды, атап айтқанда желілерді жөндеу мен қордаланған берешектерді, өздері ретке келтірулері керек. Ал тұрғындар саяжайды толықтай  «ШҚ АЭК» АҚ қарамағына алуды өтініп отыр. Дегенмен ол үшін саяжайдағы барлық желілер техникалық талаптарға сай болуы керек екен. Сонда ғана электр таратушы компания оларды өз балансына ала алады. Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Александр Генрихтің айтуынша, осы бағытта қазір жұмыстар атқарылып жатыр.

 

— Жергілікті кооператив иелігіндегі желілерді мемлекетке өткізу үшін алдымен оларды иесіз деп тануы керек. Ол үшін тұрғындардың жүз пайыз келісімі керек. Ал иесіз атанған күннің өзінде, ол бір жылдай есепке алынады. Одан кейін сот процестері басталады. Міне, осыдан соң ғана тозығы жеткен желіге мемлекет қаражат сала алады. Бұдан кейін энергия таратушы компанияға тапсырылады. Иә, бұл процесс тұрғындар үшін тым ұзаққа созылады. Жоқ дегенде 2-3 жыл уақытты қажет етеді, — деген Александр Генрих тағы бір мәселе, егер кооператив таратылатын болса, саяжай тұрғындары мүлде жарықсыз қалуы мүмкін екенін, өйткені электр таратушы компаниямен келісім-ге келетін ешкім болмай қалатынын, сол себепті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

— Дұрыс шешім қабылдау керекігін айтып түсіндірудеміз. Қазір жарық үздіксіз беріліп отыр. Жақында олар бір трансформатор қойды, қазір екіншісіне қаражат  жинады. Түскен салмақты өз күштерімен реттеп отыр, — дейді Александр Генрих.

Айта кетуіміз керек, жалпы, қалада 200-ден астам еш жерде тіркелмеген, яғни иесіз жатқан электр желілері бар екен. Алайда жергілікті атқарушы билік оларды әкімшілік балансына алып, қазір оның 17-сін сот арқылы иесіз деп таныған. Сондай-ақ олардың он шақтысына қалпына келтіру мақсатында жоба да жасалыпты. Алдағы уақытта аталмыш желілердің барлығы қалпына келтірілетін болады.

Асан САМАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС