"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ МҰРАСЫ АҚШ ҒАЛЫМДАРЫ НАЗАРЫНДА

17.07.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламызда бірқатар рухани—танымдық бағыттағы шаралар өтуде. Дана ақын мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан салмақтауға мүмкіндік беретін мұндай игі басқосулардың қатары жуырда тағы толықты. Абай атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат» тақырыбындағы іс—шара болып өтті.

{jcomments on}Бір ерекшелігі бұл жиынға АҚШ мемлекетінен келген меймандар қатысты. Айта кету керек, Абай мұрасы мұхиттың арғы жағында да зерттеледі екен. Атап айтсақ, Смитсон институты қызметкерлері қазақтың бас ақынын әр қырынан зерделеуде. Бұл жайында Абай алаңындағы ақын ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі барысында аталмыш оқу орнының профессоры Полл Тэйлор айтып берді.

— Қазақ халқының ерекше дарындылығы бізді таңырқатады. Мәселен, мен қызмет ететін оқу орнына 150 жылдан асты. Оны тәмамдағандар арасында АҚШ халқына танымал тұлғалар шықты. Ал сіздердің ұлттарыңыздан шыққан көптеген қоғам қайраткерлері, әнші-композиторлар арнайы мамандық иегері атанбаған. Жоғары оқу орнын бітірмеген. Тіпті, қарапайым ғана мысал, жаза білмейтіндері де болған. Алайда олар артына мол мұра қалдырып кетті. Біз негізгі зерттеу нысаны ретінде қазақ даласындағы зиялылардың даналық ерекшеліктерін алдық, — деді америкалық оқымысты.

Ал өз кезегінде сөз алған Абай қорының президенті Отантай Кәріпжанов Абай мұрасының барша адамзатқа ортақ құндылық екендігі оның 150 жылдық тойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуі екендігін айта келе, мұхиттың арғы жағынан келген қонақтарға алғыс білдірді. Осыдан соң ақын ескерткішіне гүл шоғы қойылып, тағзым етілді.

 

Іс-шара Абай атындағы кітапханада жалғасын тапты. Мұнда қонақтар алдымен ақынның 170 жылдық мерейтойына байланысты сирек басылымдар қорынан тұратын «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» тақырыбындағы ретро көрмені тамашалады. Осынау қордағы Абайдың қайраткерлік қырын ашатын құнды деректермен танысып, өздеріне қажетті мағлұматтарды түртіп алды.

 

Осыдан соң АҚШ зерттеушілері мен семейлік ғалымдардың қатысуымен арнайы жиын басталды. Шараға абайтанушы ғалымдармен қатар жазушылар, өлкетанушылар, ЖОО және колледж кітапханашылары мен оқытушылары, сондай-ақ  БАҚ өкілдері қатысқан болатын. Америкалықтар Абайдың рухани мұрасы туралы зерттеу еңбектеріне қызығушылық танытты. Атап айтсақ, Полл Тэйлор бастап келген жас ізденушілер Уильям Брэдфорд Смит, Джаспер Уэгх-Куасбарз, Тревор Меррион Абай әлемін зерттеуші ғалымдар баяндамасына құлақ түрді. Бұл ретте Арап Еспенбетов жасаған, Абай сусындаған кітаптар туралы баяндама ерекше назар аудартты.

Жиын барысында БАҚ өкілдеріне пікір білдірген Смитсон институтының профессоры Полл Тэйлор Абайдың музыкалық мұрасы, ақын әндері туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, бүгінгі өткізілген жиынның берері мол болғанын жеткізді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

14 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

14 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

17 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

18 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

18 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

18 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

19 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

19 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

19 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

19 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС