"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

16.10.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.  Қозғалған негізгі тақырып – тым ауқымды болды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау Заңын жүзеге асыру» аясындағы атқарылып жатқан шаралар қатары мен түйінді мәселелер сөз болды.

{jcomments on}Жиынды аталмыш мекеме басшысы міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев алғысөзбен ашты. Бүгінгі таңда қоғамның әлжуаз мүшелерін, оның ішінде түрлі топтағы мүгедектерді әлеуметтік тұрғыдан қорғауға алу шаралары жөніндегі ел Үкіметінің алға қойып отырған бірқатар мәселелерімен аталмыш тараптағы Заң талаптары жайлы сөз қозғаған Азамат Аманкелдіұлы соңғы кезеңдері орын алған өзгерістер жайында тұщымды мағлұмат беріп өтті. Мысалы, өздігінен қозғалуы қиындық тудыратын мүгедектер үшін жеке көмекші бөлу ісінде біршама өзгерістер бар. Сонымен қатар аталмыш заңның 754-бабы алынып тасталып, оның орнына мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қамту тұрғысындағы 26 бап күшіне енген.

Жалпы, бүгінде жалғызілікті мүгедек жандар толықтай мемлекеттің қамқорлығына алынған. Олар үшін Семей қаласында 16 жеке көмекші қызмет етеді. Алайда, қызмет көрсету тым ауқымды. Себебі бұл қызметкерлер шаһарымызда тұратын өздігінен жүріп-тұруы қиын 83 адамға үлгеруі тиіс көрінеді. Міне, осы тараптан кейбір тұрғындар арасында шамалы түсінбестік туындауда. Атап айтсақ, 1-ші немесе 2-ші топтағы мүгедектердің туыстары мүгедектерді қамқорлықтарына алғандары үшін жәрдемақы беруді сұрайды. Алайда бұл қисынсыз. Себебі қабылданған Заң бойынша жасы 18-ден асқан мүгедекке көрсетілетін қамқорлық үшін мұндай ақы түрі төленбейді. Оның есесіне мүмкіндігі шектеулі жанға қажетті көмекті мемлекет өзі көрсетеді. Мәселен, арбаға таңылған мүгедектер үшін инватакси қызмет көрсетсе, өзге тұлғалардың үйлеріне жеке көмекші жіберіледі. Бұдан өзге де жәрдем түрлері көп. Ал қартайған ата-аналары үшін перзенттері көмек жасаулары тиіс. Бұл тіпті Ата Заңда атап көрсетілген. Алайда, өкінішке орай, әке-шешесін қартайған шақта тастап кетіп, өздері бақуатты тұрып жатқан азаматтар бар. Олардың әке-шешелеріне де мемлекет қамқорлық жасайды.

 

Жиын барысында мекеме басшылығына журналистер тарапынан сауалдар да қойылды. Мәселен, жеке көмекші қызметін атқаруға қызығушылық білдіргендерге қойылатын талап туралы сұраққа Азамат Аманкелдіұлы:

 

— Ынта білдірген, қолынан жұмыс істеу келетін кез келген азамат аталмыш қызметке тұра алады. Олардан жоғары білім талап етілмейді. Мүгедектердің туыстары тарапынан мұндай ұсыныстар болған. Алайда аталмыш қызметке тұрған жағдайда оларға тек өзінің мүмкіндігі шектеулі туысына ғана емес, қаламыздағы тіркеуде тұрған өзге 83 мүгедек      жанға, алдын ала түскен өтініштері бойынша барып, көмек көрсетуі тиіс болатынын түсіндірдік, — деп атап өтті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

6 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС