"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЕШЕНДІК СӨЗ ӨНЕРІ ОРТАЛЫҒЫ БӘТТАШ СЫДЫҚҰЛЫ АТЫНДА

11.03.2016
44
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

№37 гимназияда Шешендік сөз өнері орталығы ашылды. Инновациялық орталықтың ашылуына халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті бастамашы болған. Орталыққа белгілі қоғам қайраткері, қазақ тілінің жанашыры Бәтташ Сыдықұлының аты берілді. Бәтташ Сыдықұлы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін бірнеше мекемелердің ашылуына тікелей мұрындық болған.

Бәтташ Сыдықұлының бастамасымен 1990 жылы Семей облыстық «Қазақ тілі» қоғамының іргетасы  қаланады. Нәтижесінде Семей қаласындағы қазақ мектептерінің санын екіден жетіге, жалғыз қазақ балабақшасын 17-ге жеткізуге күш салады. Әсіресе қаланың дәл ортасынан №37 қазақ мектебін ашуға мұрындық болды. Мектепте 15 бірінші сынып ашылады. Қазір Семейдегі №37 гимназия — іргелі оқу орындарының бірі. Шара барысында алғашқы мерекелік құттықтау сөз «Құрмет» орденінің иегері, аталмыш гимназияның директоры Жұмағазы Стамбековке берілді. Ол игі шараға қатысушыларға орталықтың ашылғанына қуанышты екенін жеткізіп, ардақты азамат Бәтташ Сыдықұлының    елеулі еңбегіне тоқталды.

—   Білім ошағы Бәтташ Сыдықұлы армандаған ойларын жүзеге асырды деп айтуымызға болады. Бүгінге дейін мектебіміздің 61 оқушысы «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Мұндай көрсеткішке Семей өңірінің бірде-бір мектебі жете қойған жоқ. Он бес шақты оқушымыз «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алды. Үш оқушымыз — ғылым кандидаттары. Міне, сондықтан Бәтташ ағамыздың ойлаған арманын жүзеге асырдық деп есептейміз. Ал біз Бәтташ Сыдықұлын мәңгі есте қалдыру мақсатында осы мектепте Шешендік сөз өнері орталығын аштық, — дейді Жұмағазы Стамбеков.

Келесі кезекте сөз алған профессор, қоғам қайраткері Арап Еспенбетов аталмыш шараның маңыздылығына жан – жақты тоқталды.

— Бүгінгі шараны ұстазға, қазақ  тіліне деген үлкен құрмет деп білуіміз керек. Мен Бәтташ Сыдықұлының оқушыларының бірімін. Бәтташ аға, шын мәнінде, ұстаз дейтін бір ғана сөзге сыя қоймайтын үлкен қайраткер, шешен адам. Ол кісі жаңашыл болды. Біз сонау 50-ші жылдары мектепте оқып жүргенде, Семей өңірінің шұрайлы Саржал ауылында мектептің радиоторабын ашты. Бұл үлкен жаңалық болып, газетке жазылды. Аты мектептікі болғанымен, ол бүкіл ауылдың радиоторабы еді. Әуелі мектептің, одан кейін ауылдың жаңалықтары айтылып, ән шырқалып, күй төгілетін. Бәтташ аға әдебиетке ерекше бейімі бар адам еді. Жұмысқа келе сала жазуға ебі бар жастарды жинақтап алып, альманах ашты. Бірінші өлеңін өзі жазды, қалғанын шәкірттеріне тапсырып, зерек жастардың қаламға үйір болуына жағдай жасады. Көптеген қаламгерлердің төселуіне, алғашқы өлеңдері мен әңгімелерінің жазылуына ықпалын тигізген Бәтташ ұстазымыз еді, — деді А.Еспенбетов.

Салтанатты жиында Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова да сөз алып, қала әкімшілігі атынан шараға қатысушыларды құттықтады.

— Бүгін қаламызда айтулы оқиға орын алып отыр. Еліміз 25 жыл тұрақтылық пен татулықта, бірлік пен берекеде ғұмыр кешіп келеді. Бүгінгі Шешендік сөз өнері орталығының ашылуы — біздің береке-бірлікте атқарып жатқан көптеген мәдени шараларымыздың бірі, — деді қала әкімінің орынбасары.

Салтанатты шарада гимназияның Жас қаламгерлер клубының мүшелері ұлағатты ұстаздың өмірдеректерінен сыр шертті, Бәтташ Сыдықұлына арнаған арнауларын оқыды. Осыдан кейін Шешендік сөз өнері орталығының лента қию рәсімі өткізіліп, бұл мәртебелі құрмет Бәтташ Сыдықұлының жұбайы Үміт Өмірбекқызы мен №37 гимназия директоры Жұмағазы Стамбековке берілді.

Жалпы, орталық шешендік сөз өнерінің қыр-сырын, жыраулар мен билердің дана сөздерін, сонымен қатар әділ шешімдерін жан-жақты дәріптеуді көздеп отыр. Бұл бағытта Қазақ инновациялық гуманитарлық — заң университеті мен №37 гимназия басшылығы бірлесе жұмыс атқару үшін ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

18 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС