"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАРҚАКӨЛДІҢ ШЫРШАСЫ ТАРБАҒАТАЙДА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

20.05.2016
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 мың түп тал егу  Тарбағатай ауданында көктемнің алғашқы күндерінде белгіленген міндеттердің бірі болатын. Аудан әкімі Ділдабек Оразбаев өзі бастап қолға алған бұл игілікті шара өткен аптада ұйымдастырылған бүкілаудандық сенбілікте қорытындыланды. Терек, қарағаш қана емес, қылқан жапырақты ағаштар әкеліп бау-бақшаға отырғызу соңғы жылдары дәстүрге айналды. Мәселен, өткен жылы аудан бойынша төрт мыңның үстінде шырша егілсе, биыл 2050 түп шырша Тарбағатай топырағынан орын тапты.

Ақсуат, Ақжар, Тұғыл сияқты ең ірі ауылдарда ғана емес, шалғайдағы шағын ауылдарға дейін көркейту, көгалдандыру жұмыстары жақсы жолға қойылып, тал егу мен гүл егу қазір аудан бойынша қарқын алған. «Биыл ауылымызға 86 мың түп гүл егеміз»,- дейді Ақсуат ауылының әкімі Ғалымжан Нұғиев.

Биылғы бір ерекшелік — аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы әрбір саябақты, әрбір аллеяны қоғамдық ұйым жетекшілеріне бөліп беріп, соның жұмысын жетілдіруді сеніп тапсырды. Мысалы, Бәйтерек төңірегін гүлдендіру аудан ардагерлері ұйымының басшысы М.Сахариевқа жүктелсе, «Мәңгілік Ел» саябағы облыс әкімінің кеңесшісі А.Сәметовке, Абай аллеясын ретке келтіру аудандық мәслихаттың хатшысы С.Жақаевқа тапсырылған екен.

Сенбіліктегі тал егу, оны суару, гүл егілетін алаңдарды дайындау түстен кейін де жалғасты. «Мәңгілік Ел» саябағының төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанған сезіммен қарап тұрған аудан басшысының қасына А.Байқыдыров атындағы Ақсуат музыка мектебінің директоры Қалихан Сапоров келді. Өткен жылы мектебінің төңірегін гүлдендіру жұмыстары басқаларға үлгі ретінде бағаланған Қалихан биыл да сол биігінен төмендемейтінін айтты.

— Ділдабек Тәжібайұлы, осы бір ай мөлшерінде мектебіміздің жеті мұғалімі өз шәкірттерін халықаралық, республикалық, облыстық өнер сайыстарына апарып, жүлделі орын алып, аудан намысын қорғады, кеше ғана Мәдениет үйінде есепті концерт бердік,- деді. Бұл жетістікке риза болған аудан әкімі:

—  Мынау жақсы жаңалық екен. Үлкен мерекелерде осы музыка мектебін де аудандық сахнаға шығарайық, балалар өнерін көрсетсін,- деді.

— Дұрыс айтасыз. Мейрамдарда үнемі Мәдениет үйінің әртістерін ғана көреміз, тыңдаймыз. Мысалы, түрлі жарыстарға қатысу  жас спортшыны шыңдап, шынықтырса, жас өнерпаздың үйренетін, өсетін, үлгі алатын орны — сахна ғой,- деп өз ойын айтты  Мұқан ақсақал осы жерде.

Сенбіліктегі жұмыстың қауырт шағында аудан басшысымен бірге алаңда жүрген аудандық мәслихаттың хатшысы Сәумен Жақаевты әңгімеге тарттық.

-Көркейту, көгалдандыру айлығы табысты өтіп жатыр. Атқарылған жұмыс көзге көрініп тұр. Ең қуаныштысы – азаматтардың өз ауласын, ауылын көркейтуге деген ынтасы артып келеді. Демек, осы саладағы істі халық қолдап отыр. Жаңа ғана аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы енді бір алаңға тек қана жеміс ағаштарын ексек, тағы бір жерге тек қана қайың өсіріп, қарағайлы орман жасасақ деген ұсыныс айтты. Міне, Марқакөлден біздің ауданға жерсіндіруге әкелінген шыршалар қандай тамаша өсіп келеді. Көркейту, көгалдандыру жағынан да мақтана аламыз,- деді Сәумен Жақаев.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

17 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

18 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

18 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

19 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

19 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС