"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕГІ- ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ

12.07.2016
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат кеңесі өтті. Кеңейтілген жиында Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асуы, өңірге инвестиция тарту көлемін ұлғайту, сонымен қатар 2016-2019 оқу жылдарына арналған үштілділікті дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жарқын Мұсағалиев баяндама жасады. Оның ақпаратынша, 2015 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 15,6% болып, 410,8 млрд. теңгені құраған. Ішкі инвестиция 198 млрд. теңгені құрады. Ал ағымдағы жылдың бес айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 133,3 млрд. теңгені құрап отыр.

— Инвестиция көлемін арттыруды қамтамасыз етуде Индустрия-ландыру картасы негізінде құны 5,5 млрд. теңге болатын жеті жаңа жобаны жүзеге асыру көзделуде. Оның аясында «Ақтоғай тау — кен байыту комбинаты» жобасы бойынша сульфид зауытын ашуға жаңа қондырғылар сатылып алынбақ,- деген Жарқын Мұсағалиев 2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 13,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 424,3 млрд. теңгені құрайды деп күтілетінін жеткізді.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында облыста ағымдағы жылдың қаңтар айынан  Халыққа қызмет көрсету орталығы жанынан инвесторларға қызмет көрсету секторы құрылды. Қызмет көрсету секторынан инвесторларға өз жобаларын жүзеге асыру үшін «бір терезе» жүйесі арқылы барлық мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

— Мәселен, инвесторлар құрылысқа қажетті құжаттарды, сондай-ақ инвестициялық келісімшартқа отыру сынды басқа да көптеген құжаттарды рәсімдеуге рұқсат ала алады. Бұл үшін олар инвесторларға қызмет көрсету секторына арыз жазып, қажетті құжаттарын өткізеді,- деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары. Сонымен қатар инвестиция тарту мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК акционерлік қоғамында инвестиция мен бизнес жобалар бөлімі жұмыс істейді.

— Шығыс Қазақстан облысының екі қаласында, Өскемен мен Семейде, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасайды. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді. Кәсіпкерлерді мобильді қолдау орталығы, яғни шағын қалалар мен аудан орталықтарына және алыс елдімекендерге шығуға жарақталған автобус бар. Сала мамандары арнайы көлікпен барып, кәсіпкерлерге оқыту семинарларын, кеңестер өткізеді.

Жалпылама айтқанда, бұл атқарылып жатқан шаралардың барлығы мониторинг жүргізу жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді және инвестиция тартуды жүйелемек. Ал бұл өз кезегінде облыстың экономикасына тартылатын инвестиция көлемін ұлғайтып, өңірдің дамуына өз үлесін қоспақ.

Даниал Ахметов Кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық даму басқармасы басшысы орын-басарының баяндамасында облыста мемлекеттік — жекеменшік әріптестік бағытында инвестициялық жобалардың, Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісілген нақты жобалардың жоқтығын атап өтті.

— Басқарма басшысы немесе оның орынбасары инвестиция тарту мәселесінде облыстағы атқарылған және атқарылатын жобаларды бүге — шігесіне дейін білуі керек,- деп атап өтті облыс әкімі.

Ал 2016-2019 оқу жылдарына арналған үштілділікті дамытудың кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы ШҚО білім беру басқармасының басшысы Айжан Сыдықова баяндама жасады. Үш тілде білім беру жобасы ШҚО-да алғашқылардың бірі болып қолға алынған еді.  Ағылшын тілін оқыту Кембридж әдістемесі бойынша, ал қазақ және орыс тілдерін оқыту бағдарламада түзілген бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл ретте арнайы диагностикалық тестен өткен үш мыңға жуық мұғалім қайта даярлықтан өтеді. Облыста 2016-2019 оқу жылдарына арналған үштілділікті дамытудың кешенді бағдарламасы бекітілді. «Шығыс Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінің  2015 — 2019 жылдарға арналған жол картасы» түзіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісілген.

— Үштілділікті дамытудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 509 млн. 648 мың теңгеге  1 — 11 сыныптарға арналған 341535 дана оқу — әдістемелік құралдар мен оқулықтар сатылып алынды,- деп атап өтті Айжан Сыдықова.

Осы ретте сөз алған аймақ басшысы Даниал Ахметов үштілділікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін негізгі тіл мамандары – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері — дайын болу керектігін және де олардың білімдері білім сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

— Өкінішке орай, мұғалімдердің білімі қосымша дайындықты қажет етеді. Біз оларды нашар мұғалім деп тұрғанымыз жоқ, бірақ олардың білімдерін жетілдіре түсуіміз қажет. Ал оларды тілді жетік білетін мамандар ғана оқыта алады. Менің ойымша, мұғалімдерімізге тілді меңгерте аламыз. Сол кезде білім сапасы да жаңа деңгейге көтерілетін болады,- деген Даниал Кенжетайұлы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды.

Аппараттық кеңес соңында Даниал Ахметов Семей қаласын дамытудың үш жылдық даму жоспарын әзірлеуді тапсырды. Аймақ басшысы шаһарда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін инженерлік инфрақұрылымды, сонымен қатар Қарағайлы ықшам ауданының инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап өтті. Аталған мәселелер Семей қаласында өтетін ШҚО әкімдігінің көшпелі отырысында жан – жақты талқыланатын болады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша әзірлеген Асан МЫРЗАХАН.

Ұқсас жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

5 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

14 часов бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

14 часов бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

14 часов бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

2 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС