"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АНА ТІЛІҢ — АРЫҢ БҰЛ… «

18.07.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 15 шілде күні қалалық әкімдікте Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау және мемлекеттік тілдің қоғамда алатын орны мен мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту мәселелерін талқылау жұмыстарын жандандыру мақсатында «Семей қаласындағы мемлекеттік тілдің ахуалы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов, Семей қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Асхат Ксанов, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, Семей қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерінің, БАҚ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, жарнама агенттіктері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Жиынның кіріспесінде сөз алған қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова мемлекеттік тіл саясатының өзектілігіне тоқталды. Ол сондай-ақ еліміздегі тіл саясатының, оның ішінде мемлекеттік тілдің өркендеуі, қоғам бірлігін бұзбай, өркениетті жүргізілуі сындарлы саясаттың жемісі екенін атап өтті.

— Тіл қай елде болмасын қадірлі де құдіретті. Бүгінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдануға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асуда. Өкініштісі, Тіл туралы заң талаптарының бұзылуы жөнінде қала тұрғындарынан өтініш-арыздар келіп түседі. Әлеуметтік желілерде, басылымдарда осы мәселелер жиі көтеріліп отыр. Алайда заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескеру қажет. Семей рухани орда, Алаш арыстарының қасиетті топырағы саналады. Қалаға келген сәттен бастап көрнекі ақпараттар бірден көзге түседі. Көрнекі ақпарат бойынша қаладағы тілдік ахуалға баға беруге болады,- деген Н.Шарова  тілдерді дамыту мемлекеттік саясатының аса маңызды бағыттарының бірі екенін, тілді насихаттауда жеке адамдардың, отбасының атқаратын міндеті мен БАҚ-тың  алар орны орасан екенін атап өтті. Осы ретте ол мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатқа жетуге болатынын айтты.

Келесі кезекте сөз алған Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов, елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен бері, әрбір аудан, қала, облыстық басқармаларда бірнеше индикатор мен көрсеткіштер белгіленгенін, соның бірі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау екенін атап өтті. Осы бағытта облыста 11 оқыту орталықтары ашылған. Оның соңғысы 2013 жылы Семей қаласында жұмысын бастаған екен. Осы уақыт аралығында орталықтар ауқымды жұмыстар атқарып, бүгінгі күні 3 мыңнан астам адам тіл үйрену курстарынан өткен. Соның 2200-і мемлекеттік тілді, қалғаны орыс және ағылшын тілдерін оқыған. Ал мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын Қазтест сынағы бойынша өткен жылы Семей қаласы 46 пайыз көрсеткішті көрсетсе, ағымдағы жылы ол көрсеткіш 76 пайызды құраған. Басқарма басшысының айтуынша, шаһардағы құжат айналымы нәтижесі де жаман емес. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш  97 пайызды көрсеткен. Дегенмен Айдын Шаймарданов құжат айналымын саралаған бұл көрсеткіш тек қағаз жүзінде ғана екенін, шын мәнінде оның әлдеқайда төмен екенін атап өтті. Бөлім басшысы сондай-ақ көрнекі ақпаратқа қоғам болып әрқашан назар аударып жүру керектігіне, сауатсыз жарнамаларды түзеу мақсатындағы бір реттік акциялардың мәселені шеше алмайтынына назар аудартты. Бұл ретте жарнама агенттіктерінің жауапкершілігі маңызды екеніне тоқталды. Басқосуда ономастика мәселесі де қалыс қалмады. Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдын Шаймардановтың айтуынша, Семей қаласында соңғы бес жылда бірде-бір көше немесе мектеп пен басқа нысандар атауы мемлекеттік тілге өзгертілмепті.

— Семей қаласы бойынша 1200 көше бар. Соның 28 пайызы ғана қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілге өзгертілген. Бұл ретте 357 ғана көше мемлекеттік тілге өзгертілген.  Соңғы бес жылда сіздерден бірде-бір ұсыныс келіп түспеген. Облыстық ономастикалық комиссияға түскен ұсыныстардың өзі жеке тұлғалардан болып отыр. Семей қаласы ғана әлі Ленин көшесін сақтап отыр,- деді А.Шаймарданов.

Осы ретте қала әкімінің орынбасары Н.Шарова жақында ғана ономастикалық жұмыс тобының отырысы өткенін, басқосуда Ленин көшесін Әлихан Бөкейханов, ал Интернационал көшесін Қайым Мұхамедханов көшесіне ауыстыру жөнінде шешім  қабылданғанын жеткізді. Дөңгелек үстел барысында Семей қаласы прокуратурасының өкілі Асхат Ксанов «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заң талаптарының нормалары жөнінде және заң бұзылған жағдайда қолданылатын жауапкершілік туралы ақпарат беріп өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан тіл жанашырлары аталған мәселелер бойынша өз ойларын білдіріп, айтылған ұсыныстары талқыға салынды. Зиялы қауым мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, мәртебесін арттыруға нақты іспен үлес қосқан жөн деген пікірмен тарқасты.

Асан САМАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

4 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

5 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС