"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: МАҢЫЗДЫ ЖОБА АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

29.07.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздегі ең ірі компаниялардың бірі «KEGOC» АҚ бүгінде республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде аталған компания Шығыс Қазақстан облысында ірі жобаны жүзеге асыруда. Атап айтар болсақ, электр қуатымен қамтамасыз ететін компания бірегей жоба – 500 кВт-тық «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзиті әуе желісінің құрылысын жүргізуде.

Сәрсенбі күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Шығыс Қазақстан облысында болып, аталған жобамен танысты. Өмірзақ Шөкеев «KEGOC» АҚ-ның Семей қаласында орналасқан өндірістік нысанында «Солтүстік — Шығыс — Оңтүстік» жоғарғы вольтты желі құрылысына жұмылдырылған бас мердігерлер өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Айта кетерлігі,  жобаның қиындығына қарамастан, «Екібастұз — Шүлбі ГЭС-і (Семей) — Өскемен» жоғары вольтты электр желісін тарту жөніндегі жобаның бірінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталады деп жоспарланған. Жобаны 2017 жылы емес, ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.

— «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Қазір бағдарламаның арқасында темір жол, құбыр желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Солардың ішінде электр қуатын тасымалдайтын электр желісі жобасы ерекше. Бұл маңызды жоба арқылы біз Екібастұз қаласымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі электр желілерін байланыстыратын боламыз. Қазір жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоба 2017 жылы аяқталуы керек еді. Жұмыстың қарқынын көріп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнауды жөн көрдік, сондықтан желтоқсан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз,- деген «Самұрық-Қазына» АҚ  басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қазір «KEGOC» компаниясы жобаның бірінші кезеңін аяқтап қалғанын, ол бойынша  Екібастұз – Семей – Өскемен электр желілері байланыстырылатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл шамамен  700 шақырым электр желілерін құрайды.

Айта кетерлігі, әуе желісінің құрылысына жүз пайыз отандық өнім қолданылуда. Мәселен, бағаналар Талдықорған қаласынан жеткізілсе, сымдар Семей, Павлодар қалаларындағы кәсіпорындардан  алынып отыр. Бұған қоса қосалқы станцияларды салу кезінде отандық темір-бетон бұйымдары, металл тіректері, кабель және өткізгіш сым өнімдері, байланыс конденсаторлары, жеке қажеттілікке арналған трансформаторлар және өзге де отандық өнімдер пайдаланылуда. Ал құрылыс-монтаждау жұмыстарымен он мердігер ұйымдар айналысуда. Жоғарыда айтылғандай,  жұмыстар жылдам жүргізілуде. Соның нәтижесінде бұл әуе желісінің құрылысын бір жыл бұрын аяқтау жоспарлануда.

«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев хабарлағандай, компанияда әріптестермен бірге жұмыс кестелеріне, материалдар мен жабдықтар беру мерзімдеріне мұқият талдау жасалды және жобаның бірінші кезеңін іске асыруды жеделдету мүмкіндіктері қарастырылды. Барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын осы күзде аяқтау жоспарлануда. «Екібастұз — Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Өскемен» желісінің жабдықтарын кешенді сынақтан өткізгеннен кейін пайдалануға енгізу көзделуде.

Бұл жоба желілердің өткізу қабілетін ұлғайтуға, Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясы тапшылығын жоюға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Тағы бір айта кетерлігі, болашақта жаңа транзит Ертіс ГЭС каскадының толық қуатының берілуін қамтамасыз етеді. Жоғарғы вольтты электр желісі құрылысының бірінші кезеңінің құны 43,3 млрд. теңге. Жобаны «KEGOC» АҚ қаржыландырып отыр.

Өздеріңізге белгілі, «KEGOC» АҚ 500 кВ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» әуе желісі  транзитін салу» жобасы екі кезеңнен тұрады. Алғашқысын жоғарыда атап өттік. Ал екінші кезең — 500 кВ Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма әуе желісі. Оны іске асыру мерзімі 2018 жылға жоспарлануда. Бақытжан Қажиевтың мәліметі бойынша,  «500 кВ Шүлбі ГЭС-і (Семей)-Ақтоғай-Талдықорған-Алма әуе желісін салу» шығыс транзитінің екінші кезеңінің құрылыс-монтаждау  жұмыстары  ағымдағы жылы басталған.

«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ ӘЖ-ін салу» ауқымды жобасын іске асыру барысында, тұтастай алғанда, жалпы ұзындығы 1700 шақырым 500 және 220 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің және қуаты 500 кВ «Семей», «Ақтоғай» және «Талдықорған» үш жаңа қосалқы станцияларының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ  қолданыстағы 1150 кВ «Екібастұз», 500 кВ «Алма», 500 кВ «Өскемен» қосалқы санциялары мен 220 кВ  «Шүлбі ГЭС-нің» АТҚ-сы кеңейтілуде.

Екінші кезеңнің жұмыстарын аяқтау Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы ұлттық электр торабының транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, темір жолдардың электрлендірілетін учаскелерінің электр энергиясына деген қажеттілігін жабуды, тау-кен өнеркәсібі объектілерінің энергия сыйымдылығын  қамтамасыз етеді, шекаралас аймақтар мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл  — қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасындағы ең өзекті мәселелердің бірі, сондай-ақ шығыс аймағының Қазақстанның біртұтас электр жүйесімен байланысын күшейте түседі. Жобаның әлеуметтік маңызы айтарлықтай. Құрылыс жұмыстары кезеңінде 1861 жаңа жұмыс орны құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның аталған жоғары вольттық желі құрылысын биыл аяқтау жоспары нақты және толығымен сараланған. Компанияның электр энергетикасы саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі мол. Компанияның электр желісін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын жоспарлы түрде және  ойдағыдай іске асыруы осының айғағы болса керек. 2009 жылы «KEGOC» компаниясы екі ірі көлемдегі инфрақұрылымдық жобаны аяқтады – бұл «Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500кВ  екінші желісін салу» және  500 кВ «Жітіқара – Өлке желісін салу» жобалары.

Солтүстік-Оңтүстік транзитінің екінші желісін салу еліміздің оңтүстігіне электр энергиясын екі есеге арттыруға мүмкіндік берді және сол кезеңде орын алған Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына деген аса тапшылықты жабу мәселесін шешуді қамтамасыз етті. Ал Жітіқара-Өлке желісін салу (Ақтөбе мен Қостанай облыстарын байланыстыратын) Ақтөбе энергия торабында қазақстандық электр энергиясына деген тапшылық мәселесін шешті, сондай-ақ өңірдегі тұтынушылардың Ресейден жеткізілетін электр энергиясына деген тәуелділікке тоқтам болады. Сонымен бірге аталған жоба электр энергетикасы саласында  алғаш рет концессиялық негізде іске асырылды.

Тағы бір ауқымды жоба 2014 жылы ойдағыдай аяқталды. Бұл –  «Кернеуі 500-220кВ Қазақстанның ұлттық электр торабына жалғанатын  500 кВ Алма қосалқы станциясын салу». «Алма» қосалқы станциясының Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында салынған  кернеуі 500 кВ алғашқы қосалқы станция екендігін атап өткен жөн. Бұдан бұрын басқа жобалар бойынша  қолданыстағы 500 кВ қосалқы станцияларды  кеңейту жұмыстары жүзеге асырылған болатын. Оны пайдалануға беру Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін едәуір арттырды, өңірдің дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етті, тұтастай алғанда, еліміздің оңтүстік өңіріндегі барлық  аймақты электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін жағдайлар жасады.

«KEGOC» АҚ сондай-ақ  ұлттық электр торабының жабдықтарын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға жақын. Осы орайдағы міндеттер «ҰЭТ-ты жаңғырту» және «ҰЭТ-ты жаңғырту, II-кезең» ауқымды  жобаларын іске асыру арқылы шешілді. Жобалар шеңберінде бастапқы жабдықтар, атап айтсақ, күштік трансформаторлар, реакторлар, коммутациялық аппараттар, ток пен кернеуді өлшеу трансформаторлары ауыстырылған. Нәтижесінде энергия жүйелері жұмысының тиімділігі мен тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, қосалқы станциялар жабдықтарының технологиялық бұзылыстары 4 еседен артық қысқарды. Сондай-ақ, ең бастысы, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасы артты.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

6 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

6 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

6 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

6 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

8 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

8 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

1 день бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 день бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 день бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС