"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЖЕТ

30.09.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарованың төрағалығымен өткен кеңес отырысына  дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және дәстүрлі діни конфессиялардың өкілдері жиналды.

Кеңесте, күн тәртібіне сәйкес, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы, Семей қаласының кітапханаларындағы діни кітаптармен танысу мақсатындағы жұмыс нәтижесін талқылады. Алғашқы сұрақ бойынша қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қуат Исажанов баяндама жасады. Ол өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала тұрғындарына қызмет  көрсетіп келе жатқан спорттық нысандарды тізбектеп берді.

— Қазіргі уақытта Семейде 300 мыңнан астам халық тұрады. Оның ішінде оқушылар мен студент жастардың саны 100 мыңнан асады. Осы жастарды салауатты өмір салтына баулу үшін қалада 380 спорттық құрылым жұмыс істейді. Дәлірек айтқанда ,7 бассейн, 4 стадион, 5 спорттық кешен, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешені, 5 шаңғы базасы, 5 ату тирі, 2 үлкен мұз айдыны, 22 шағын футбол алаңы, 130 арнайы және 72 орнатылған спорт залы халық игілігіне берілген. Бұдан бөлек қалаға қарасты барлық ауылдық округтерде де спорттық залдар бар. Онда екі мыңнан астам балалар мен ересектер спортпен шұғылдануда. 2014 жылдан бастап ауыл жастарының спартакиадасы қайта жанданды. Оған 700-ден астам адам қатысып үлгерді. Биыл аталмыш ойындардың ақтық сайысы қазан айында Семейде өткізіледі деп көзделіп отыр. 2013 жылдан бастап өңірімізде спортты жанына серік еткен халықтың саны өскені байқалды. Мәселен, 2013 жылы халықтың 13, 3%-ы спортпен кешенді түрде шұғылданғаны тіркелген. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 29, 2%-ға дейін өскен. Үстіміздегі жылдың 9 айында қала халқының 29, 4%-ы бұқаралық спортқа ден қойғаны анықталды. Сол секілді шаһарда үш облыстық спорт мектебі қызмет ететінін айта кету керек. Ал спорт федерацияларының саны  23,  спорт клубтарының саны  27. Жоғарыда келтірілген 380 спорттық құрылымдардың ішінде  4 нысан 1000 адамға дейін қабылдауға қауқарлы,- деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

Десе де жетекші маман проблемалы сұрақтардың да жоқ емес екендігін жасырмады. Атап айтқанда, қалада арнайы футбол манежі мен хоккей модульдері жетіспейтіні анықталды. Сондай-ақ Қ.Исажанов спортшыларды жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін бапкерлік құрам түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін тілге тиек етті. Бұған қоса спорттық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелерін орнатуға қатысты да бірқатар істер қолға алынған екен. Отырыс барысында Кеңес мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

23 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

23 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 день бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС