"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІРДЕ ӨРКЕНДЕУ БАР

07.02.2014
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дүйсенбі, 3 ақпан күні қала әкімі Айбек Кәрімовтің қаланың экономикалық –    әлеуметтік дамуы тұрғысында   халық  алдындағы  дәстүрлі есеп беруі   Шүлбі кенті, Новобаженово,  Приречный және Озерки ауылдық округтерінен басталды.

Есепті кездесулерге қала әкімімен бірге қала әкімдігінің бөлімдері мен    шаруашылық мекемелердің жетекшілері, қалалық мәслихаттың депутаттары қатысты. Әр елді мекендегі кездесуін Айбек Мүталапханұлы 2013 жыл- ғы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары  және атқарылған жұмыстар жайлы кең көлемдегі ақпараттан  бастады.

ШҮЛБІ

Шүлбі кенті тұрғындарымен жүздесу барысында қала әкімі Айбек Кәрімов есепті кездесулердің Мемлекет басшысының  барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы билік жетекшілерінің жыл сайын   тұрғындар алдында өңірлердің  әлеуметтік-экономикалық дамуы,  атқарылған жұмыстар және жоспарлар туралы     есеп беріп отыруы жайлы Жарлығына сәйкес,  өткізіліп отырғаны жайлы айтып өтті.

Қала басшысы атқарушы биліктің  есепті кезеңдегі барлық жұмысы  Елбасының «Қазақстан — 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.  Жолдауды  насихаттау барысында тұрғындармен кең көлемде түсінік жұмыстары жүргізіліп, Елбасы Жолдауы халық арасында  зор қолдауға ие болды.

 

{jcomments on}Қала басшысы өз баяндамасын қаланың нақты экономикалық секторындағы қалыптас-қан жағдайды баяндаудан бастады. Экономикалық  дамудың басты көрсеткіші қала бюджеті болып табылады.

 

— Қала бюджетінің кіріс бөлігі жыл сайын өсе  түсуде. Осыдан бірнеше жыл бұрын 8 миллиард теңге болған бюджет бүгінде 12 милли- ардқа жетті. Ал, биыл бұл көрсеткішті 14,5 миллиард теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз.  Қазына табысының жартысынан көп бөлігін шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрайды.  Бүгінде Елбасы бұл көрсеткішті 70-80 пайызға жеткізуді міндеттеп отыр,- деді Айбек Кәрімов.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 142 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 12 пайызға артса, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 19,2 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы деңгейден ол да 12 пайызға жоғарылады. Жеке тауар айналымы болсын, өндірістің барлық түрінің көрсеткіштерінде өсу байқалады, мал мен құстың  барлық түрінің  саны артты. Негізгі капиталға тартылған инвестиция 47 миллиард теңгеден асты. Мемлекет басшысының атап  көрсеткен экономиканың өсу факторлары  жайлы  Айбек Кәрімов  біздің өңірге қатыстыларына   жекелей  тоқталып өтті.

Атап айтқанда, «қалпына келтіру» аясында өңірде экономиканың түрлі секторларын жекелей жетілдіру процесі жүруде. Мысалы, қалада құрылыс индустриясы толықтай дамыған. Бұл салаға қажетті  барлық заттар: цемент пен қолғаптардан бастап үйқұрылысы комбинатына дейін  өз қаламызда бар. Қала үшін жылу энергетика саласында басты даму тек жылу энергиясын ғана емес,   200 мегаватт электр энергиясын өндіретін, сөйтіп, қаланың сол жақ    жағалауын  толық қамтамасыз ететін №3 ЖЭО құрылысы болмақ.

Экономиканың жүйелі дамуына   жаңа сегменттерді енгізу болжануда, әсіресе, бұл     шағын кәсіпкерлік пен сауданың дамуында байқалады.  Ал инновациялық тұрғыда өрлеуге республикамызда қабылданған үдемелі инновациялық-индустриялық даму бағдарламасы ықпал етуде. Аталмыш бағдарлама аясында қалада жалпы саны 14 жоба бар, оның ішіне машина құрастыру саласы да енеді. Бірден екі кәсіпорын ауылшаруашылық және қорғаныс   саласындағы көліктерді  құрастыру мен жеткізу бойынша мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайды. Мысалға, «Семаз» ЖШС ауылша-руашылық техникаларының бірнеше түрін, оның ішінде трактор, жүк көліктерін құрастырып шығарады. Зауытта құрастырылған 25 тонналық «Shaсman» басқа  көлік шығарушы кәсіпорындармен  бәсекелестікке түсе алады. Кейбір көліктер газбен жұмыс істейтіндіктен, «жасыл экономика» талабына  сай келеді. Жалпы, зауыт өнімі жергілікті нарықты толық қамтып, қазақстандық қызмет пен өнімнің үлес сапасын арттыруда.

Сонымен қатар, Айбек Кәрімов алдағы уақытта Ресей және Белорусь елдерімен одақтастық аясында, экономикалық ықпалдастық негізінде қатаң бәсекелестік жүретінін айтып өтті. Сол себепті, кәсіпкерлер өз өнімдерінің бәсекелестік ортада төтеп беру мүмкіндіктерін де ескерулері қажет.

Әлеуметтік салаға тоқталған қала әкімі жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік мекемелер алдында қарыздарының жоқ екендігін айта келе, қаражаттың толық көлемде уақытында бөлінетінін жеткізді.

Ал инфрақұрылымдардың дамуына байланысты сөз өрбіткен Айбек Кәрімов бұл орайдағы басты құжат — қабылданған қала дамуының Бас жоспары екенін айтты. Қалалық бюджеттен шаһар аумақтарының детальды жоспарларын жүргізуге қаржы бөлінген. Ол мақсатта бірнеше мәрте қоғамдық тыңдаулар да  өткізілген болатын.

Қала әкімі айтып өткендей, ағымдағы жылы Шүлбі кентінің бас жоспарын жасауға және детальды жобалау құжаттамасына қаржы бөлу көзделуде. Сол орайда кент тұрғындарының әр тоқсан сайын өткізілетін қоғамдық тыңдаулардағы талқылауларға қатысуларын өтінді.

Бүгінде Семейде іс жүзінде қуатты медициналық кластер қалыптасқан: бұл салаға қомақты қаражат бөлініп, тіпті, облыс орталығында жоқ заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа нысандар салынып жатыр. Ал жүргізілген жұмыстардың нәтижесі айқын: өңірімізде жалпылама және сәби өлімінің көрсеткіші күрт төмендеді, туберкулезбен сырқаттанушылардың саны әлдеқайда азайды.

— Ел Президентінің Семейде онкологиялық кластер құру туралы тапсырмасына орай, радиациялық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын. Бүгін біздің алдымызда заманауи оңалту орталығының құрылысын жүргізу міндеті тұр, — деп атап өтті Айбек Кәрімов. – Жапония-да ең ұзақ жасайтын адамдар ядролық бомбалауды бастан өткізген Хиросима қаласында тұрады. Қазіргі таңда ұзақ жасаудың негізгі себептеріне, бірінші кезекте, салауатты өмір салтын ұстану мен дұрыс тамақтану және оңалту шаралары жатады. Сондай-ақ, пәрменді жұмыстар нәтижесінде қала маңайында азық-түлік белдеуі құрылған. Картоп және өзге де көкөніспен қамту мәселесі 100 пайыз жүзеге асып отыр. Ал салынған қоймалар арқылы бағаны жазға дейін бір қалыпта ұстап тұрудың мүмкіндігі туды. Сондай-ақ, тұрғындар 100    пайыз етпен қамтамасыз етілді: бүгін өңірімізде өнімдері жергілікті нарықты ғана қамтып қоймай, экспортқа шыға бастаған үш ірі құс фабрикасы бар. Сол себептен де, жергілікті өнімнің бағасы өзге аймақтардан әкелінетін өнімдермен бәсекелес деуге болады. Бұдан бөлек, жұмыртқа өндіру бағытындағы құс фабрикасының жұмысы қалпына келтірілді.

Қала әкімі келесі кезекте сүтпен қамту мәселесі төңірегінде сөз өрбітіп, Новобаженово ауылдық округінен салынуы көзделген сүт фермасы жайлы да айтып өтті.

Соңғы бірнеше жыл бойы Семейде тұрғындар саны тұрақты түрде артып келеді. Егер 2000 жылы қалалықтар қатары 280 мыңнан аспаса, бүгінгі күні шамамен 350 мыңға жуықтап қалған. Бұл ішкі миграцияның, сондай-ақ, тұрғындардың табиғи өсім  нәтижесінде орын алып отыр. Қазіргі күні Семейде дүниеге келген нәрестелер саны қайтыс болғандардан екі есеге көп. Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаламызға келген өткен жылғы сапарында атап өткендей, бұл  шаһардағы өмір сүру деңгейінің жақсарғандығының айғағы.

Осы  орайда тұрғындар санының артуы тұрғын үйдің қажеттілігін де арттыратыны заңдылық. Есепті жыл көлемінде қалада 100 мың шаршы метрден артық тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі артып, 23 миллиард теңгені құраған. Оның 4,5 миллиарды жеке инвестиция есебінен келді. Қалада 50 жеке үйлер экономикалық потенциалы төмен елдімекендерден көшіп келген отбасыларға берілді. Сондай-ақ, жаңа баспаналардың кілтін жас отбасылар да алды. Бүгінде қаламызда  үймен қамтылмаған бірде бір Ұлы Отан соғысының ардагері жоқ.

Қала әкімі, сондай-ақ, жаңа мектептер мен мектеп алды білім беру орындарының құрылысы мен өңірге тартылған инвестициялар жайында да кең көлемде түсінік беріп өтті.

Есепті мерзімде қалада көптеген қоғамдық-саяси және спорттық маңызы бар ха-   лықаралық деңгейдегі шаралар өтті. Мәселен, қалалықтар мен қала қонақтары үшін ерекше есте қалған Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойын айтуға болады. Ғасырлық мерекеге даярлық аясында «Спартак» стадионы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болды.  Бірқатар қала көшелері де жаңарды. Шаһарда қазіргі заманға сай сапалы қызмет көрсететін сауда үйлері көптеп салынуда. Қала әкімі айтып өткендей, алдағы уақытта базар алаңдарына айналған бірқатар қала көшелерін қайта ашу көзделуде.

Бейбітшілік пен келісімнің нығаюына діни бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтар да үлес қосуда. Ардагерлер мен жастар ұйымдары да белсенді.

— Халық Мемлекет басшысының саясатын дұрыс түсінеді, қазақстандық саяси бағытты айқын аңғарады, — деп түсінік беріп өтті Айбек Кәрімов.

Шүлбі  кенті жайлы айта келе, әкім бұл округтің өткен жылы мемлекетке 1 млрд. 800 млн. теңге кіріс әкелгенін жеткізді. Бұл өңіріміздегі өзге ауылдық елдімекендер арасында айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, кенттің дамуы үшін мемлекет те қомақты қаражат құюда: 1,5 млрд. теңге тұрғындар зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге, аумақтарын абаттандыруға, қажетті жобалық-сметалық құжаттарды жасауға жұмсалған. Ағымдағы жылы кенттегі тазалау қондырғысын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттарын жасап, қаржы бөлу қарастырылуда.

Қала әкімі, сонымен қатар, Шүлбі кентінің  болашақтағы дамуы мен кентті өркендетуге мүмкіндік берер қажетті өнімдер өндіру ісіне көңіл бөлу керектігіне тоқталды. Бұл жергілікті жердегі бос қалған үйлер мен пәтерлер мәселесін шешуге оң ықпал етеді.

— Кентте инновациялық технологиялар қарқынды дамып, іргелес аймақтар оны агроөнеркәсіп секторындағы қажеттіліктерге пайдалануы тиіс, — деп атап өтті қала басшысы. Кентті өркендетуге серпін берер шаралардың бірі көршілес Бородулиха ауданындағы кен ошағын игеру болмақ. Тағы бір мүмкіндік — Бұлақ су электр станциясы құрылысын салу. Алайда, әкім айтып өткендей, оның шешімі уақыттың еншісінде.

Сонымен қатар,  қала басшысы Шүлбіден ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлайтын арнаулы-орта білім беретін оқу орнын ашу мәселесі қаралып жатқанын жеткізді. Бүгінде еңбек нарығында  ауыл шаруашылығына қажетті мамандарға  тапшылық айқын сезілуде.

Тағы бір айта кетер жайт, кентті жылумен қамтудағы орын алған бұрынғы проблемалар қазір жоқ. «Теплокоммунэнерго» МКК техникалық директоры Асхат Букатовтың айтуынша, елдімекендегі жылу беру маусымы еш кедергісіз өтуде. Тек психиатриялық аурухана қазандығы қуаттылығының аздығы жайында ғана аздаған шағымдар болған. Сондықтан,  психиатриялық емхана қазандығын жылу пунктіне айналдырып,  РК-2 жылу көзінің жанынан жаңа жылу желісін тарту туралы шешім қабылданды. Құрылыстың жобалық — сметалық құжаттамасын даярлау  биылғы жылдың жоспарына еніп отыр. Қала мен қала маңындағы елдімекендердің арасындағы қоғамдық көлік қатынасын қалпына келтіру жайына келетін болсақ, әкім бұл мәселені қалада коммуналдық автобус паркін құру арқылы шешуге болатынын айтты. Сондай-ақ,  жиында кенттегі қоғамдық монша салу туралы да сөз болды. Қала басшысы бұл мәселені жергілікті кәсіпкерлердің күшімен шешуге болатынын атап өтті. Шүлбідегі телевизиялық хабарлардың таралуы жайлы сұраққа кент әкімі Лилия Гребельная жауап берді. Оның айтуынша, биыл елдімекенде тұрғындар көретін телеарналардың санын арттыруға мүмкіндік беретін оптикалық-талшықты кабель тарту жоспарланған көрінеді. Есептік кездесуге қатысушылардың көпшілігі соңғы жылдары Шүлбі кенті мен Семей қаласының өміріндегі оң өзгерістерді   атап өтті. Бұрындары қойылатын сұрақтардың басым бөлігі жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, сондай-ақ, қордаланып қалған инфрақұрылым мәселелеріне қатысты болса, бүгінгі таңда есептік кездесулерде абаттандыру мен мәдениет саласына байланысты сауалдар қойылып жүр. Мысалы, кент тұрғындары әкімге Шүлбіде мәдениет үйін салып беру туралы өтініштерін білдірді. Жиын соңында Айбек Кәрімов қаланың атқарушы билігінің басшысы, «А» басқарушылық корпусындағы мемлекеттік қызметкер ретінде өзінің алдында басқа да міндеттермен бірге халықпен тығыз жұмыс жасау, тұрғындарды алаңдататын мәселелерді шешу мақсаты тұрғанын атап өтті. Жиынға қатысушыларға бүкпесіз, ашық айтылған пікірлері  үшін алғысын білдіре отырып, қала басшысы Шүлбі кентіне болашақта да ерекше көңіл бөлінетінін  және атқарушы биліктің кенттің дамуына қатысты мәселелердің дер кезінде шешімін табуына  барша мүмкіндіктердің қарастырылатынын айтты.

Новобаженово

Новобаженово ауылының дамуы жайлы айта келе, қала әкімі былтырғы жылы ауылдық округте өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларында 800 миллионға жуық теңгенің өнімі өндірілгенін тілге тиек етті. Тұрғындардың салық пен аударымдар түрінде бюджетке түсірген қаржысы 4,5 миллион теңгеге жетсе, ауылдың дамуы үшін құйылған қаражаттың көлемі 250 миллион теңгені құраған.

Сондай-ақ, Айбек Кәрімов бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі халықтың негізгі міндеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Дегенмен,  қала басшысы ауыл шаруашылығы саласында олқылықтардың  да бар екенін айтты. Соның ішінде әкім кейбір кездерде жер қорының пайдалану деңгейі сын көтермейтінін жеткізді. Мысалы, өткен жылы округ бойынша пайдаланылмай жатқан 5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған көрінеді.

Округтегі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жұмысы жаңа саланың пайда болуына да  байланысты. Қазіргі таңда округте сүт кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Болашағы зор жобаға ин-весторлар 5 миллиард теңге қаражат құюға да-йын. Бұдан бөлек, Айбек Кәрімов қала билігі суа-ру жүйесі мен инфрақұрылымды қалпына кел-тіру мақсаттарына қосымша 1,5 миллиард теңге бөлу туралы ұсыныс жасайтынын айтты.

Ауылдың дамуының басқа бағыты мал шаруашылығымен байланысты. Ауылдық округ өңірі   әуел  бастан ет-сүт  бағытындағы мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы  ретінде  құрылғандығы бұл салаға  серпін бермек. Қала әкімі қазіргі таңда Семейде  тері-былғары бірлестігінің жұмысы қалпына келтіріліп жат-қанын, сондықтан, кәсіпорында аяқ киім мен тон өндіруге шикізаттың қажет болатынын жеткізді.

Мал шаруашылығының дамуына қатысты сұраққа жауап бере келе, қала басшысы қазіргі таңда ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындармен салыстырғанда ұсақ кәсіпорындардың жұмысы тиімсіз екенін, сондықтан, олардың бірігіп, ортақ ірі кәсіпорындар құрулары керектігін және мемлекет тарапынан қаржыландыру механизмдерін белсенді пайдалануға тиіс екендіктерін айтты.

Семейдегі автобус бекетінің жұмысы жайлы сауалға Айбек Кәрімов қаланың бас жоспарына сәйкес, автобекеттің теміржол         бекетінің маңына көшірілетінін жеткізді. Қазіргі таңда автобекеттің аумағын сауда дүңгіршектерінен тазарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрғындар ауыл жанындағы тас жолға жылдамдықты шектеу белгісін қою туралы өтініш білдірді. Жиынға қатысқан Әуезов полиция бөлімінің басшылығы бұл мәселенің шешілуін өз бақылауына алды.

Приречное

Аталмыш ауылдық округтің өндірілген өнімінің жалпы  көлемі 1,5 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ, былтырғы жылы округ бо-йынша салық түсімдерінің мөлшері екі есеге артып, 31 миллион теңгеге жетті.

Биыл Шүлбі  мен Приречное елді мекендерінің Бас даму жоспары жасалмақ. Осыған байланысты қала әкімі ауыл тұрғындарын аталмыш құжатты талқылаудың барлық кезеңдеріне белсенді түрде қатысуға шақырды.

— Біз сіздердің елдімекендеріңіздің үлгілілердің қатарына қосылуын  және ауыл болып қалмай, қала типіндегі кентке айналуын қалаймыз. Ол мақсатқа жету үшін біз облыстық бюджет пен   қала қазынасының қаражатынан көмек көрсетеміз,- деді Айбек Кәрімов. Қала басшысы бас жоспарды талқылау жариялы түрде өтетінін және халық пен атқарушы биліктің бірігіп істеген жұмысы ауылдың дамуының ең тиімді жоспарын жасауға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Озерки

Озерки ауылында суармалы егіншіліктің дамуына жақсы жағдай жасалғанын айта келе, қала әкімі қолда бар мүмкіндіктердің толықтай пайдаланылмай келе жатқанын және болашақта өсімдік шаруашылығы дамыған жағдайда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жергілікті нарыққа ғана емес, Өскеменге, сонымен қатар, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына жеткізуді жолға қоюға болатынын атап өтті. Сондай-ақ,  Айбек Кәрімов ауылдың шаруа қожалықтарының басшыларын өнімдерді тұтынушыларға тікелей жеткізу үшін Семейде өздерінің сауда үйлерін салуға шақырды. Мұндай мүмкіндікті Бородулиха ауданының «Зайтенов» және «Майер» сияқты ірі шаруа қожалықтары пайдаланып отырғанын тілге тиек етті.

Кездесу барысында ауыл мен қала тұрғындары үшін маңызды бірқатар мәселелер көтерілді. Қала көшелерін жөндеу жайлы айта келе, Айбек Кәрімов Мичурин мен Дальняя көшелерін жөндеу бойынша атқарылатын жұмыстардың көлемі үлкен екенін айтты.     Себебі,  бұл көшелердің бойымен өтетін жолды төрт жолақты етіп жасау жоспарланып отыр-ған көрінеді.

Қала басшысы Озерки ауылының тұрғын- дарына аймақтағы № 3 ЖЭО құрылысының  болашағы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. №1 Жылу-электр орталығындағы  жағдайға  жеке тоқталған әкім биылғы жылы онда кәсіп-орынды электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін екі турбинаның орнатылатынын жеткізді.

Ауыл тұрғындары елдімекенге жедел жәрдем көлігін алып беру туралы өтініштерін айтты. Қала басшысы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Басқармасы басшысының Семей аймағы бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаеваға ауыл халқын алаңдатқан осы мәселені шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Кездесу соңында тұрғындар қаланың атқарушы билігінің халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы жүргізіп жатқан жұмыстарын жоғары бағалайтындарын жеткізіп, зор алғыс білдірді.

Қала әкімі Айбек Кәрімов ақпанның 4-і күні Шаған кентінде, Жиенәлі, Достық, Ертіс ауылдық округтерінде, ақпанның 5-і күні Знаменка, Жазық, Таңат, Ақбұлақ және Айнабұлақ ауылдық округтерінде  халықпен есептік кездесулерін өткізді.

Бұл жиындарға қатысқан жұртшылық өңірдің, соның ішінде тұрғылықты елдімекендерінің 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған істер жайлы нақты мәліметтер алып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Өз кезегінде қала әкімі халықты алаңдатқан мәселелердің ешқайсысы елеусіз қалмайтынын жеткізіп, оларды шешу жолдары туралы айтып берді. Сондай-ақ,  Айбек Кәрімов болашақта атқарылуы тиіс шаруаларды тілге тиек етіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Кездесулерге қатысқан ауылдық округтердің тұрғындары қала басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру үшін және қала мен өңірдегі ауылдық жерлерді көркейту бағытында тындырып жатқан істеріне оң баға беріп, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Мирас ҚҰСАЙЫН.

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС