"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аймақ басшысы Семейдегі атқарылған істерді оң бағаланды Желтоқсанның төрті күні

12.12.2013
Аймақ басшысы Семейдегі атқарылған істерді оң бағаланды Желтоқсанның төрті күні
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласына

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы жұмыс сапарымен келіп қайтты. Іссапар барысында Бердібек Мәшбекұлы Семейдегі бірқатар кәсіпорындарды аралады, жылу қазандықтарының жайымен танысты, «Спартак» футбол клубының ұжымымен жүздесті. Волгоград көшесіндегі жаңадан салынған  үйдің иелеріне пәтер кілтін табыстады. Аймақ басшысымен бірге сенатор Сергей Плотников та Семейдің тыныс – тіршілігімен танысты.


Аймақ басшысы алдымен осы Волгоград көшесінде толығымен салынып біткен баспаналардың иелеріне пәтер кілтін табыстады. «Жұмыспен қамту — 2020 жол кар-тасы» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша, яғни еңбек ресурстарының ұтқырлығын  арт-тыруды жүзеге асыру мақсатында экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің азаматтарын қоныс-тандыру үшін осы жерден біршама уақыт бұрын тұрғын үйлердің құры-лысы басталған болатын. Құрылыс барлық коммуналдық жүйелері тартылып, жарығы қойылып барып басталған- ды. Міне, мұнда қоныс аударғандардың қалалықтардан еш кемшілігі жоқ деп айтуға болады. Қоныстанушыға барлық жағдай жасалған.

Баспаналы болып, бас ауыртар мәселесінің шешімі табылған жан-дардың қатарында Айнабұлақ ауыл-дық округіне қарасты Самай елді-мекенінің тұрғыны Бауыржан Ұлыбаев та бар. Болашағы бұлыңғыр ауылдан біраз ағайын бұған дейін де көшіп кеткен. Бауыржан болса, баспананың жағдайымен біраз бөгелгенге ұқсайды. Енді бағы жанып, мемлекеттің қол-дауымен басына баспана берілгеніне шүкіршілік айтады. Жаңа қонысқа құтты болсын айтып кіріп шықтық. Кең әрі жарық үш бөлмесінен бөлек ас үйі тағы бар. Соңғы үлгімен салынғаны айшықталып – ақ тұр. Бауыржан бұйыртса, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасымен қайта оқудан оқып, газ электр дәнекерлеуші болмақ. Қолынан іс келетін жұбайы бұл күнде тігіншілікті оқу үстінде.

— Жаңа үйге қоныс аударып жат-қандығымызға жанұямызбен қуанып жатырмыз. Қарапайым адамдарға осындай жағдай жасап, түрлі бағ-дарламаның жүзеге асуына Елбасының еңбегі зор. Үш балам бар. Балалары-мыз да қаланың мектебінен білімін толықтыра түсті. Президенттің тиісті тапсырмаларын жергілікті жерде тиянақты атқарып отырған облыс басшысы Б. Сапарбаевқа, қала әкімі А. Кәрімовке үлкен алғыс айтамын. Шалғай жатқан ауылдан осы Семейге келеміз дегенді ойламаппыз да, — дейді жаңа қоныс иесі Бауыржан Ұлыбаев.

Семей өңірі бойынша баспанаға әлеуеті төмен алты ауылдық округке қарасты елді мекендердің тұрғындары тізімге енген. Алғабас ауылдық окру-гінен Киікқашқан, Қызылжал ауыл-дарынан, Қараөлең ауылдық округінен Қараөлең ауылы, Таңат ауылдық округінен Социалистік Қазақстан, Айнабұлақ ауылдық округінен Самай ауылы және Знаменка ауылдық округінен Сынтас сынды алты ауыл болашағы жоқ ауылдар қатарында. Міне, осы ауылдардағы ағайынның алды жаңа баспананың иесі де атанып жатыр.

— Семей өңірі бойынша қоныс аударуға ынталы 182 адамды құрай-тын 38 отбасы осы тізімге кірсе, 2013 жылдың 19 маусымында бағдар-ламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің нәтижесінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар қатары да, алыстан елге оралған оралман ағайындардың бірлі – екісі жаңа баспанамен қамтылды, — дейді Семей қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Тұрсынбек Шынжин.

Айтпақшы, Жарма ауданынан – 7, Тарбағатай ауданынан – 3, Аякөз ауданынан – 2 отбасы Семей қаласына қоныс аударуға тілек білдірген. Аталмыш 12 отбасының құжаттарын облыстық өңіраралық комиссия мақұлдапты. Амандық болса, алдағы күндері тілек білдіру-шілер қолдарына баспаналарының кілттерін алады.

Қуантарлығы сол, мамандығы бар 26 адам бұл күнде жұмысқа да кірісіп кеткен екен. Ал, мамандығы жоқтарын оқытып, қайта даярлықтан өткізуге жұмыспен қамту орталығы жауапты. Бұл ретте орталық қаладағы сұра-нысқа сай мамандықтарды оқытуды қолға алмақ. Қалада әсіресе, газбен дәнекерлеуші, электрик сияқты ер-лердің жұмысына сұраныс болса, нәзік жандыларды тігінші, аспазшы сияқты мамандықтарға даярлау көзделуде.

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы да баспаналы болып, қуанышқа бөленіп жатқандарға пәтердің кілтін табыстады. Баспаналы болғандардың қуанышына ортақтасып, жылы лебізін  білдірді. Мұндай игі істердің жүзеге асуы – еліміздегі экономика мен әлеу-меттің әл – ауқатының жақсарған-дығын айғақтайды деп  атап өтті.

— Әрбір қазақстандықтың кеуде кернеген қуанышы біріншіден, Еге-мендіктің, екіншіден, Елбасының дұрыс жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатының нәтижесі деп айрықша атап өтуге болады. Елімізде, оның ішінде ШҚО – да атқарылып жатқан жұмыстар Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасының негізінде іске асып жатқан жұмыстар. Елдің бағытын түзейтін, бағдарын айқындайтын көптеген бағдарламалар жүзеге асып жатыр.  «Жұмыспен қамту – 2020»  игілігі мол бағдарлама. Осы бағдар-лама негізінде облысымызда көптеген тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Семейде жаңадан салынған елу үйдің де іргетасы осы бағдарлама арқылы қаланды, — деді құттықтау сөзінде Бердібек Мәшбекұлы. – Тәуелсіздік алғалы 22 жылдың ішінде Қазақ-станның қалай дамып келе жатқан-дығы көз алдарыңызда. Бүгінгі қуаныш осы егемендіктің айғағы. Бұл жерде бұрын су да, жарық та болмаған. Алдымызда үлкен елеулі мереке – Тәуелсіздік күні келе жатыр. Тарихи мерекеге орай бұл сіздерге арналған үлкен сый деп қабылдаңыздар. Баспаналарыңыздың ішінде жылылық, балалардың шат күлкісі естілсін, — деді облыс әкімі.

Бердібек Мәшбекұлы бұдан кейін жоғары технологиялар негізінде құрылыс ұнтақтарын дайындайтын «Alina PRO» ЖШС – нің Семейдегі филиалында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Семей қаласы бойынша индустрияландыру картасы аясында іске асатын 14 жобаның қатарына енетін кәсіпорынның бола-шағы зор. Индустриялды құрылыс ком-бинаты өндірістік қуаттылығы жылына 36 мың тонналық ұсақ ұнтақталған құрылыс материалдарын дайындауды көздеп отыр. Әзірге қыс мезгілінде отыз үш адам жұмыс атқарса, жазғы маусымда қырықтан астам адам еңбекпен қамтылады. Семейліктер негізінен бұл кәсіпорынмен Әуезов даңғылындағы 130 мекен – жайында орналасуымен таныс. Болашақта кәсіпорынның әкімшілік және өндірістік қызметі толығымен қазіргі орналасқан жерге ауысады. Себебі, Әуезов даңғылына алдағы жылдары қаланың Бас жоспарына сәйкес тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Бұл туралы қала әкімі Айбек Мүталап-ханұлы осы жерде аймақ басшысын құлағдар етті. Сондай-ақ қала бас-шысы  кәсіпорынның Алматы қала-сындағы құрылтайшыларымен арнайы келіссөздер жүріп жатқандығын да атап өтті.

Аймақ басшысының жұмыс сапары «Семей Водоканал» МКК оң жағалау су құбырының шаруашы-лығында жалғасты. Су және кәріз құбырларының қалтқысыз қызметін қадағалайтын құзырлы шаруашы-лықтың бір сәтке болса да дамылдауға мүмкіндігі жоқ. Жұмыс шаш етектен десе де болады. Мардымды атқарар міндеттері мол.

Облыс әкімі Смычка аралындағы су соратын жүйенің Энергетик кентіне дейінгі құрылыс жұмысымен танысты. Бұл жерде үшінші насос стан-циясының да құрылысы қарасты-рылған. Құрылыс жұмысы өткен жылы Семей қаласының құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша басталған. Жобасын «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС дайындаған. Бас мердігер «Джеса-Семей» ЖШС. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бердібек Сапарбаев тәуліктің екінші жартысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Плот-никовпен бірге   Энергетик кентіндегі № 5 интернаттың жылу қазандығына  ат басын бұрды. Биылғы жаз айла-рында іргетасы қаланып, жаңадан салынып жатқан жылу беру ныса-нының   құрылыс жұмыстарының  аяқ-талуына аз  уақыт қалған. Маман-дардың айтуынша, қарқынды жұмыс нәтижесінде қазандық  жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

— Аталмыш қазандықта  4 су жылы-ту қазандығы жұмыс істеп, Энергетик кентіндегі біршама тұрғын үйді ыстық сумен, ал келер жылы толық жылумен қамтамасыз ететін болады, — дейді «Азия Энергопроектмонтаж» ЖШС-сі директоры Мұрат Ахметов.

Жаңадан салынған қазандық-тардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысып шыққан облыс әкімі жаңа құрылғылардың бірінің түймесін өз қолымен басып, қазандықтардың бірін іске қосты.

Бұдан кейін облыс басшысы бас-таған топ «Спартак» стадионына барды. Облыстық бюджеттен  500 млн. теңгеден аса қаржы бөлініп, аталмыш стадионға жаз айларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қыр-күйекте Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы дүркіреп өткені белгілі. Стадионның жұмыстарымен танысқан Бердібек Мәшбекұлы:

— Осы стадионға бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған Украина, Грузия, Ресей, Қырғызстан елдерінен,  Мәскеудің «Спартагы», Киевтің «Динамосы» мен Тбилисидің «Дина-мосынан» және Бішкектің «Алға» командаларында ойнаған, аттары көпке әйгілі  ардагер аяқдопшылар келіп, жас күндеріндегідей доп тепкен болатын. Мерейтойды жоғары баға-лаған ардагерлер бірін-бірі 20 жыл уақыттан бері көрмегенін, бұрынғы ескі достарымен жолығуға осындай үлкен мүмкіндік жасағанымыз үшін алғыс-тарын айтып тарқасты, — деп ҚР Пар-ламенті Сенатының депутаты Сергей Плотниковты  Қазақстан  футболының 100 жылдық мерейтойының қалай өткені жайынан хабардар етті.

Расымен де «Спартак» стадионы аз ғана уақыттың ішінде адам таны-мастай өзгерген. Мұнда футболмен қатар, жеңіл атлетиканың да дамуына жақсы жағдай жасалған. Жуынатын және киім ауыстыратын орындардың барлығы жаңарған. Жөндеу жұмыс-тарын бақылап шыққан соң облыс әкімі жергілікті аяқдопшылардың жаттығу барысын тамашалады. Көп жылдан бері жөндеу көрмеген стадионның  өзгеше өңге еніп,  жаңарғанына куә болған Бердібек Мәшбекұлы мұндағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Аймақ басшысының  келесі  сапары «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ-да жалғасты. Бүгінгі күні зауыттың жұмыс істеу қарқыны жоғары. Жыл сайын алға басып келе жатқан зауыт-тың шығаратын өнім көлемі 2011 жылмен салыстырғанда биылғы жылы бірнеше есеге артқан. Қазіргі таңда жүк көліктеріне арналған 8 тонналық тіркеме жасап шығаруда. Мәртебелі меймандарға зауыттың ішін аралата жүріп, жұмыстарымен таныстырған «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ-ның Бас директоры Нұрлан Омаров аталмыш кәсіпорынның пайдаланатын материалдарының 95 пайызы отандық өнім екенін айтады.

— ҚР Қорғаныс министрлігіне қажетті техникалармен қатар, темір жол мекемелеріне де керек тех-никаларды жасап шығарамыз. Сондай-ақ, 8 тонналық жол талғамайтын шынжыр табанды техника да жоғары сұранысқа ие өнімдердің бірі. Оның сапасына көз жеткізгендіктен, еліміздің барлық аймақтары мен Ресейдің де бірқатар өңірлері тапсырыс беруде. Өйткені, бұл техника 70 градус суық пен 60 градус ыстыққа төтеп береді, жүріске де төзімді. Ал, тапсырыс берушілермен бірден 3-4 жылға алдын-ала келісімшартқа отырамыз. Сон-дықтан, жұмысшылардың да ешбір алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Жалақылары да 100 мың теңгеден кем емес. Бүгінде1 млрд. 741 млн. теңгенің инвестициялық жобасы дайындалды, — дейді Н.Омаров.

Кәсіпорын басшысы мәртебелі меймандарға зауыттың бұрынғы мен қазіргі жағдайын салыстырып, алдағы жоспарларымен де таныстырды. Әрине, сұранысқа қажетті ауыр тех-никаларды жасауда жұмысшылардың еңбегі зор екені көрініп-ақ тұр. Жұмысшылардың бірімен де тілдесіп, жасалып жатқан техникаларға көз жүгіртіп, тасы өрге домалаған зауыт-тың жұмысымен толық танысып шық-қан соң облыс әкімі  кәсіпорын  жұмы-сына оң бағасын берді.

Аймақ басшысымен бірге шаһар-дың тынысымен танысып шыққан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Плотников БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

—  Семейдегі атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, көңіліміз бір мар-қайып қалды. Расымен де соңғы уақытта қалада біршама өзгерістердің орын алып жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңіз көргендей, «Семей машина құрастыру зауыты» да қарқынды түр-де жұмыс жасап жатыр екен. Жалпы, қалада қай салаға болмасын жақсы көңіл бөлінуде. «Спартак» стадионы да жаңарған. Жақында ғана 100 жылдық мерейтойы аталып өткен ел фут-болының Отаны Семей болса, соған орай биылғы жылы «Спартак» футбол командасы да қалалықтардың үмітін ақтап, премьер лигаға жолдама алып отыр. Бүгінгі сапарымызда аяқдоп-шылардың жетістігімен құттықтап, оларға сәттілік тілеп, осы футбол клубының басшылығымен және жанкүйерлерімен жүздестік. Сол кезде Бердібек Мәшбекұлы аталмыш командаға  жағдай жасалынатынын, облыстық бюджеттен қаржы бөлі-нетінін айтты.  Демек, спортшылардың алдағы уақытта да қарымы мықты болады деген сөз, — деген Сергей Плотников Семейдегі жақсы жаңа-лықтардың куәсі болғанына қуанышты екенін жеткізді.


Суретті түсірген

Дархан АХМЕТОВ.

Техникалық қыс мезгіліне дайын

Семейдің көшелерін қар мен мұздан  тазалайтын техникалар қазіргі уақытта 100 пайыз дайын. Бұл жайында   ТКШ бөлімінің  баспасөз хатшысы Жанна Шаймұратова хабарлады.

Жанна Шаймұратованың ақпараты бойынша, биылғы қыс мезгілінде  жергілікті және алыс аудандарға бағытталған автокөлік жолдарын күтіп ұстауға  41  287,0 мың теңге қаржы бөлінген. Ал, қала ішіндегі  жолдардың  жалпы ұзындығы шамамен 240, 031 шақырымды құрайды.

Жол жөндеушілер 93 арнаулы техника бірлігімен жабдықталған. Оның 26-сы қар тазалайтын техника болса, 13-і автогрейдер, 14-і құм шашатын, 15-і жүк тиегіш,  36-ы жүкті өзі түсіретін техникалар, ал, 18-і құрал-сайманмен жабдықталған трактор мен 3-і бульдозер және басқа да техникалар.

— Әкімшілік полиция және төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерімен бірігіп, жолдардың қызметіне арналған техникаларды комиссиялық тексеруден өткіздік. Тексеріс нәтижесінде техникалар 100 пайыз дайын болып шықты, — дейді Жанна Шаймұратова.

Мердігер ұйымдарда диспетчерлік қызмет  жұмыс істейді.  Мамандар 1740 текшеметр көлеміндегі инертті материалдармен де қамтамасыз етілген.


«СТ-ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстан барысы–2025»: Марат Байқамұров алтын белбеуді иеленді

20.10.2025
«Қазақстан барысы–2025»: Марат Байқамұров алтын белбеуді иеленді

Semeytany.kz – Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен XIV республикалық «Qazaqstan Barysy – 2025» турнирі аяқталды. Жарыста «Найман»...

Толығырақ...Details

Аида Балаева қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің отбасына көңіл айтты

20.10.2025
Аида Балаева қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің отбасына көңіл айтты

Semeytany.kz - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Композиторлар...

Толығырақ...Details

Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

20.10.2025
Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

Semeytany.kz - Астанада қазақ күресінен өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы-2025» республикалық турнирі аяқталды. Биылғы бәсекеге еліміздің барлық өңірінің таңдаулы балуандары қатысты....

Толығырақ...Details

Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

20.10.2025
Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

Semeytany.kz - Мақаншы ауданында төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Бұл жұмыс Абай облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен...

Толығырақ...Details

Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

20.10.2025
Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

Semeytany.kz - Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын мемлекет меншігіне қайтару қарқыны күшейді. Бұл мәселе облыс әкімі Берік Уәлидің...

Толығырақ...Details

Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

20.10.2025
Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте жергілікті атқарушы органдардағы кадр тұрақтылығы, әдеп нормалары және мектеп...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Қазақстан барысы–2025»: Марат Байқамұров алтын белбеуді иеленді

10 часов бұрын

Аида Балаева қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің отбасына көңіл айтты

14 часов бұрын

Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

16 часов бұрын

Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

16 часов бұрын

Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

16 часов бұрын

Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

17 часов бұрын

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

19 часов бұрын

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда

4 дня бұрын

Қазақстанның ұлттық резервтері 64 миллиард долларға жетті – Бейсенбаев

5 дней бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС