"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БИЛІК НЕГЕ ДӘРМЕНСІЗ?

12.01.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Саяжай алаптарында шешімін таба алмай отырған мәселелер жетіп артылады. Бүгін сол күрмеуі көп күрделі мәселелердің бірі болған қоғамдық көлік пен оның «тізгінін» ұстаған тасымалдаушылар жайын сөз етпекпіз. Уақытында келіп болмайтын, тар көліктің ішінде иін тіресе тұратын, адамды лықа толтырып, бір-бірімен жарысатын, адам саны жеткіліксіз болса, «жатып алатын», күн ұясына батса, жүрмей қалатын қоғамдық көліктер тұрғындардың көңілінен қайдан шықсын! Әңгіменің тоқетеріне келер болсақ, қаламыздың Шығыс кентіне қатынайтын №17 бағыттағы автобустар жаңа жылдан бастап аталған бағытта қызмет көрсетуді өз беттерімен тоқтатқан. Бұл онсыз да қоғамдық көлікке көңілдері толмай жүрген тұрғындардың наразылығын тудыруда. Қарапайым халықтың жайын түсінуге болады, әрине. Өйткені бұл тұрғындардың ертелі-кеш жұмыстарына барып қайтуы мен балаларының сабаққа қатынауын қиындатып отыр.

Жалпы, аталған аудан (бүгінде саяжай алаптары бір-бір аудан дәрежесіне жетті деп айтуға болады) тұрғындарына «Семавтопарк» ЖШС-не тиесілі №17 бағыттағы жалғыз маршрут қысы-жазы қызмет көрсететін. Ал жаз маусымында бұл бағытқа басқа да қоғамдық көліктер қосылатын. Тұрғындардың қиналатын тұсы да осы қосымша бағыттар қысқартылған күз бен қыс мезгілі. Сондықтан да қала билігі өткен жылы тұрғындар өтінішін ескеріп, аталған саяжай массивіне тек жаз мезгілінде қатынайтын №52 бағыттағы шағын автобусты қалдырған болатын.

Алайда қуаныш ұзаққа бармады. Араға біраз уақыт салып, онсыз да жолаушыларын сағаттап күттіретін №17 бағыттағы бірлі-жарым автобустар жаңа жылдан бастап мүлдем жүрмей, қатынасты қиындатты. Қыс бойы қоғамдық көлікпен арпалысып шығатын халық мәселені билік құлағына жеткізе алмай отыр. Сөздің реті келгенде айта кетейік, Семейге Ермак Сәлімов әкім болып алғаш тағайындалған тұста қаладағы қоғамдық көлік мәселесін талай мәрте көтерген еді. Тіпті шаһар басшысы бір сәт аялдамада тұрып, жолаушы кейпіне еніп бақылап та көрді. Бірақ сол баяғы кемшілік кері кеткен күйінде қалуда. Жалпы, бұған дейін де билік пен тасымалдаушылар арасынан «қара мысық» өтіп, даулы жағдай да туындаған болатын. Бүгінгі күні әкімнің қоғамдық көлікке мінбейтінін білетін жұрт мұның бір жақты шешілетініне сенуден қалған.

— Шығыс кентінің оң жағалауына қатынайтын №17 бағыттағы маршрут жаңа жылдан кейін мүлде жүрмейтін болды. Оған дейін де дұрыс жүргені шамалы. Қазір бұл бағытта тек №52 шағын маршрут қатынап жүр. Бұл не деген сұмдық! Балаларымыз сабаққа, өзіміз жұмысқа қалай барарымызды білмейміз. «Газельдерге» оқушылар сыймайды. Қыс болса болды қоғамдық көлікпен арпалысамыз да жатамыз. Тасымалдаушылар ойларына келгенін істейді,- дейді саяжай тұрғындарының бірі.

Ал Сәуле есімді тағы бір тұрғын тасымалдаушылардың әрекетінен халықтың әбден мезі болғанын айтады.

— Міне, қар түскелі, осы №17 маршрутпен алысып біттік. Уақтылы жүрсе, жарайды дерсің. Біресе жолдың тазаланбауын, біресе адамның  аздығын сылтауратады. Жергілікті билікте де қауқар жоқ. Әйтпесе осы бір бағытты реттеулеріне болады ғой. Жылда қайталанатын жағдай. Күн аязда автобусты сағаттап күтетін балаларға қиын. Ақыры жұмысын тоқтатқан екен, орнына жауаптысын жіберсін,- дейді.

Ал немерелерін күн сайын сабаққа апаратын Асқар ақсақал болса:

— №17 маршруттың қылтың-сылтыңы өткен жылдан басталды. Сол уақыттан бері тиісті шара қолданылуы керек еді. Енді мүлде жүрмей қалды. Бұл — барып тұрған жауапсыздық. Жергілікті билік те «сен тимесең, мен тиме» деп, тасымалдаушыны жөнге келтірудің орнына, арқаны кеңге салып отыр. Ал оған не дейсіз енді? — дейді зейнеткер.

Аталған мәселе бойынша Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласып, мәселенің мән-жайын түсіндіруді өтіндік. Аталған бөлімнің сектор меңгерушісі Назым Жамболатованың ақпаратынша, Шығыс кентіне қатынайтын №17 бағыттағы автобустар 6 қаңтардан бастап желіге шықпаған. Оның айтуынша, «Семавтопарк» ЖШС-не тиесілі көліктер желіге өзге тасымалдаушы жіберілгеннен кейін «өкпелеп» жұмыстарын тоқтатыпты.

— Саяжай алабына №52 бағыттағы қоғамдық көлік жаз мезгілінде жүріп, қазан айының 15-нен бастап бағытын өзгертетін. Халық көп тұратындықтан, тұрғындар мен аталған ауданнан сайланған қалалық мәслихат депутаты Айнұр Арғынбекова аталған маршрутты қалдыруды өтінген болатын. №17 автобусқа халық сыймайды дегеннен кейін рұқсат бергенбіз. Шыны керек, олар қыстыгүні жүргілері келмеді, дегенмен біз көндірдік,- дейді Назым Жамболатова.

Міне, тасымалдаушы «Семавтопарктің» бар уәжі осында жатыр. Жолаушыларымыздан айырылдық деп жауапсыздық танытып отыр. Ал тұрғындар сол баяғы шешімі табылар түрі жоқ өткір мәселесімен қалды. Тасымалдаушылар неліктен осындай әрекетке барады, не себепті олар ойларына келгенді жасайды және неліктен қызмет алушылардың, яғни жолаушылардың құқығын аяққа таптайды деген заңды сауалдар туындайды. Оған жергілікті биліктің жауабы дайын. Айтуларына қарағанда, оларда тасымалдаушыларды заң шеңберінде тәртіпке салатын тетік болмай тұр екен. Жолаушылар тасымалы мәселесінің айта-айта жауыр болғаны рас. Бейберекетке биліктегілер де шарасыздық танытып отырған сияқты. Бір ғана мысал, айтып отырған нақ осы №17 бағыттағы автобустар өткен жылдан бері талапты бұзып келген. Бұдан атқарушы билік те хабардар. Назым Жамболатованың сөзіне сүйенсек, әкімдік бұған дейін де келісімшартты бұзатындығы жөнінде ескерткен. Алайда «Семавтопарк» бір жақты келісімшартты бұзуға қарсы болған. Сонда жергілікті билік тендер талаптарының бұзылғанын біле тұра, неліктен шара қолданбайды екен?

Тұрғындардың айтуынша, «Семавтопарк» ЖШС-не қарасты №17 бағытқа желтоқсан айының өзінде екі-ақ автобусты шығарып отырған. Ал келісімшарт бойынша, егер де бір айдың ішінде желіге 70 пайыздан кем автобус шыққан болса, тасымалдаушыға келісімшарттың бұзылатыны жөнінде он күн бұрын ескерту жасалуы керек. Ал аталған бағытта талап бойынша 8 бірлік автобус қатынауы тиіс екен. Айналып келгенде, бұдан қарапайым халық зардап шегіп отыр.

Осы жерде қаланың жолаушылар көлігі және                                                                                                                                          автомобиль жолдары бөлімі жұмысының да салғырттығы байқалады. Әйтпесе өткен жылдан «жыры» көбейіп, жауапсыздық танытып отырған тасымалдаушыны тәртіпке шақыруға болар еді. Бейқамдық соңы бейберекетке алып келді. Бір сөзбен айтқанда, қаладағы қоғамдық көліктерді ұйымдастыру мен бақылауында ұстайтын бөлім «ұйқысынан» енді оянған секілді.  Оларға,  редакциямызға хабарласқан тұрғындар өтінішіне орай, аталған мәселенің  жайын түсіндіруді өтінгенімізде, «Семавтопарк» ЖШС-не хабарлама жіберілетінін, осылай жалғаса беретін болса, келісімшарттың бұзылатынын айтты. Сонда өткен жылдан бері жүгенсіз кеткен тасымалдаушыға қайта-қайта ескерту беріп еліртпей, неліктен осы уақытқа дейін келісімшартты бұзбағаны қайран қалдырды.

— Келісімшарт бұзылғаннан кейін, бізге қайтадан конкурс өткізуге 60 күн беріледі. Оған дейін біз ол бағытқа уақытша қызмет көрсететін тасымалдаушыны анықтайтын боламыз. Ал мына тасымалдаушымен келісімшартты бұзамыз. Заң бойынша айыппұл салатын, келісімшартты бұзудан басқа, тағы да өзге амалдар болса, біз баяғыдан қолданар едік.  Тасымалдаушы шартты бұзған жағдайда қолданылатын шара көрсетілмеген. Желтоқсан айында бірнеше ескерту болған. Олар бір жақты келісімшартты бұзуға келіспей отыр. Ескерту жібереміз. Одан кейін сертификаттарын қайтып аламыз,- дейді бұл ретте Назым Әлмисақызы.

Хош делік. Бір қозғалыс бар сияқты. Көп ұзамай оның да нәтижесін  көрерміз. Осы ретте халық қалаулысы, аталған ауданнан сайланған Семей қалалық мәслихатының депутаты Айнұр Арғынбековаға қоңырау шалдық. Депутат бірден аталған мәселеден құлағдар екенін, тұрғындар жақында ғана осы мәселе бойынша хабарласқанын, жақын күндері қала әкімі мен қалалық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөліміне жүгінетінін айтты.

— Кеше «Восточный правый» саяжай массивінің тұрғындары қолдары қойылған хаттарын әкеліп тапсырды. Бүгін мен Семей қаласы әкімі мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аталған мәселені анықтау жөнінде хат әзірлеп отырмын. Бұл бағыттағы қоғамдық көліктер бұрын да дұрыс жүрмей, мәселе тудырған еді. Қолданылған шаралар нәтижесінде қалыпты жүре бастаған. Қазір жағдай қайталанып отыр. Тасымалдаушылар біресе жолды айтып, біресе тиімсіз дегенді алға тартып келеді. Жолдың барлығы тазартылған. Аталған саяжай алабында халық көп тұрады,- дейді халық қалаулысы.

Шыны керек, Семейдегі қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Кемшіліктерін тізіп айтып тауыса алмайсың. Бұл жағдай талай мәрте айтылды, талқыланды, баспасөзде жарияланып та жүр. Ал біздің мақсат — онсыз да тынымсыз тірліктің соңында жүрген жолаушылардың жанайқайын жеткізу.

Басты сауал:ТАПСЫРЫС АЛҒАН  ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН  КӘСІПОРЫН АЛДЫНДА БИЛІК НЕГЕ ДӘРМЕНСІЗ?

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

1 час бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

2 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

2 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

2 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

2 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

2 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

2 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

2 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

2 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС