"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРУ — ЖАРАҚТЫ САҚТАУҒА ТАЛАП КҮШЕЙДІ

03.11.2017
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қару-жарақты сақтауға байланысты талап күшейді. Бұл туралы  қалалық Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Құлжанбеков мәлімдеді. Жалпы, азаматтар қолданатын қару-жарақ тіркелген және тіркелмеген болып бөлінеді. Осыған орай жаз айында Ішкі істер басқармасы тұрғындардан тіркелген қаруларды сатып алу акциясын өткізіпті. Нәтижесінде 28 азамат 43 бірлік атыс қаруын, 47 бірлік оқ-дәрі тапсырған. Қару-жарақтың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты 12-40 мың аралығында ақшалай сыйақы төленген екен.

—        Қазір бұл акция аяқталды. Сондықтан қару-жарағын Ішкі істер басқармасына өткізген тұлғаларға ақша төленбейді. Бірақ біз мұндай қаруларды аңшылық дүкендеріне сатуға қоюға жолдама жазып бере аламыз. Қару сатып алушының көңілінен шығып, сатып алуға ниет білдіріп жатса, түскен қаржы қару иесіне тапсырылады. Егер олай болмаса, жоюға жіберіледі,- дейді Т.Құлжанбеков.

Жуырда ҚР Үкіметінің «Азаматтық және қызметтік қару айналымының ережесі» Қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, суық қару міндетті түрде сейфте сақталуы тиіс. Сондай-ақ қабырғалардың қалыңдығы 3 мм-ден кем болмауы және есігінде ішкі құлпы болуы шарт.

Жалпы, қазіргі уақытта қалада 3 мыңнан астам аңшы тіркелген. Сондай-ақ жеке басын қорғау үшін өзін-өзі қарумен қамтамасыз еткен азаматтар да бар. Тіркелген қару иелерінің барлығына Ішкі істер басқармасы органдары тарапынан тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мәселен, мамандар өткен кезеңнің ішінде 4 мыңнан аса қару иелерін тексерген. Нәтижесінде тиісті ережелерді сақтамаған 196 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 2,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал осы жылдың 9 айы ішінде 5 адам тіркелген қару-жарақ арқылы  өз-өзіне қол жұмсаған. Сондықтан Ішкі істер басқармасы қызметкерлері үйдің бір бұрышында тығылып жатқан қару-жарақты Ішкі істер басқармасына өткізуге кеңес береді.

— Аңшылық мақсатқа сатылып алынған қару-жарақты белгілі бір аумақтарда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Ал өзін-өзі қорғау мақсатындағы қару-жарақты тек үйде, арнайы металл шкафта сақтау керек. Ережеге бағынбаған кез келген тұлғаға 22 690 теңге көлемінде айыппұл салынады,- дейді Т. Құлжанбеков.

Жолда абай болайық!

«Синоптиктер алдағы қыстың қатаң болатынын ескертуде. Сондықтан жолаушылар жолға шығарда хабарламаларға құлақ түріп, сақтық шараларын жасауы шарт. Ең алдымен, ұялы телефонды қуаттап шығуды есте сақтаған жөн. Жылы киімдер мен азық-түліктерді де ұмыт қалдырмаңыз». Ішкі істер басқармасы қызметкерлері қала тұрғындарына осылай деп ескертеді.

Олардың айтуынша, «Зеленстрой» кәсіпорнының 34 техникасы мен «Озон» кәсіпорнының 17 техникасы биылғы қысқа дайындық үстінде. Оның ішінде 11 қар тазалағыш машина, 5 автогрейдер, 5 тиегіш машина, 18 аспалы құралмен  жабдықталған трактор, 15 автотүсіргіш машина бар.

ІІБ мәліметтеріне қарағанда, ШҚО өңіріндегі тас жолдарда қар көп түсетін 557 (409-ы — республикалық маңызы бар, 148-і — облыстық маңызы бар тас жол) аумақ тіркелген екен. Оның ішінде Таскескен — Бақты, Алматы — Өскемен, Омбы — Майқапшағай, Омбы – Майқапшағай – Қалжыр — Теректі тас жолдарына қардың көп түсуінен қорғайтын қалқандар орнатылмаған. Ал Зайсан, Катонқарағай аудандарының республикалық маңызы бар тас жолдарында көктайғаққа қарсы құм себу жұмыстары жеткіліксіз (Зайсан тас жолына қажетті 300 тоннаның қолда бары — 33 тонна, Катонқарағай тас жолына қажетті 260 тоннаның қолда бары — 120 тонна).

— Қысқы жол маусымының басталуына байланысты ІІБ сақтық шараларын күшейтті. Биыл 13 маршруттық және 13 стационарлық тексеру посты қызмет етеді. Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда 87 рет жол қозғалысы тоқтатылып, бұл шамамен 350 сағатқа созылған еді. Полиция қызметкерлері жолда қалған 120 автокөліктегі 400-ден астам жолаушыға алғашқы көмек көрсетті. Синоптиктер биылғы қыстың да аязды болатынын ескертуде. Сондықтан жолға шығар алдында ескерту хабарламаларын оқып, міндетті түрде ұялы телефондарыңызды қуаттап шығыңыздар. Себебі көмек шақырудың ең оңтайлы жолы – ұялы телефон арқылы байланысқа шығу,- деп ескертті қала тұрғындарына Талғат Құлжанбеков.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

4 часа бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

4 часа бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

4 часа бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

4 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

4 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

4 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

4 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС