"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІП АШСАҢЫЗ, ҚОЛДАУ ЗОР

12.12.2017
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бородулиха ауданының Жезкент кентінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырған жандар жетерлік. Мемлекетке қол жаймай, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілерге аудан басшылығы тарапынан да барша жағдай жасалуда.

Жезкент кентінде бизнеспен көптен бері айналысып келе жатқан жеке кәсіпкер ретінде Ақан Құсайынұлы Ысқақовты атауға болады. Ақан Құсайынұлы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жас маман ретінде 1982 жылы Жезкент кентіне жұмысқа келеді. Құрылыс саласында жүрген ол 90-шы жылдары Кеңес Одағы құлағаннан кейін жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдары көпшілік мамандықтарын тастап ала дорба арқалаған еді. Сол жылдары елді мекендерде талай ғимарат  қаңырап бос қалды. Екі қолға бір күрек таппай қалған Ақан Құсайынұлы осы кезден бастап жеке кәсіпке бет бұруды шешеді. Сөйтіп, кентте бос қалған автобекет ғимаратын өз ісін ашу үшін сұрап алады. Тозығы жеткен ғимаратты жөндеуден өткізіп, 1999 жылдан бастап жұмысқа кіріседі. Бүгінгі күні аталған нысанда жеке кәсіпкер шұжық және нан өнімдерін шығарады. Міне, содан бері бір күн тыным тапқан емес.

— Қазір айына 2,5 – 3 тонна әртүрлі шұжық өнімдерін шығарамыз. Оның 1,5 тоннасы шұжық. Ал цехтың қауқары он тонна өнім өндіруге дейін жетеді. Алайда өнімдер тек сұранысқа байланысты шығарылып отыр. Шикізат жергілікті шаруалардан алынады. Шұжық цехында барлығы 6 адам жұмыспен қамтылған. Орташа жалақылары 60-70 мың теңгенің айналасы, — дейді Ақан Ысқақов.

Жезкент шұжық цехында тұтынушыларға әртүрлі өнім түрлері ұсынылып отыр. Атап айтар болсақ, шұжықтың көптеген түрлері: пісірілген, сүрленген, жартылай сүрленгендері — бар. Цехтағы қондырғылар мен технология да заман талабына сай. Цехта бұған қоса 20 тоннаға дейін ет сақтайтын мұздатқыш камерасы бар.

— Жұмыс болғаннан кейін, қиыншылықтар да болады ғой. Дегенмен қазіргі таңда кәсіпкер боламын дейтіндерге еш қиындық туындамайды. Себебі мемлекет кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше жағдай жасауда. Кент  тұрғындарын азық-түлікпен қамтып келген біздер алдағы уақытта осы кәсібімізді одан әрі кеңейтсек дейміз,- дейді кәсіпкер.

Жезкент кентінде жыл өткен сайын өркендеп келе жатқан тағы бір кәсіпорын – «Гиндер» наубайханасы. Жұмыс істегеніне айналасы бір-екі жыл болса да, наубайхананың өнімін қазір кент тұрғындары сүйсіне тұтынады. Жеке кәсіпкер Иван Гиндер де бос қалған ғимаратты алып, толықтай жөндеуден өткізіп, 2015 жылдың басында наубайхананы іске қосады. Алғашқыда нан мен санаулы тоқаш түрлерін пісірген кәсіпкер уақыт өте өнім түрлерін арттырады.

— Алғашқыда технолог пен сатушымыз және екі нан пісірушіміз ғана болды. Ал қазір сатушыларымыздың өзі бес адамды құрайды. Ал нан пісіруші тоғыз адам бар. Екі сауда дүкені жұмыс істейді. Уақыт өте келе өнім түрлерін арттырып, бұған қоса кондитер өнімдерін шығаруды да қолға алдық,- дейді мекеме есепшісі Наталия Абдраймова.

ЖК «Гиндер» наубайханасында қазір барлығы 30 адам жұмыспен қамтылған. Мекеме болашақта өнім түрлерін тағы да арттыра түсуді жоспарлап отыр.

— Ең бастысы, өнімді өткізетін нарықты бағындырсақ болғаны. Қазір өнімдеріміз Жезкент кенті мен жақын маңдағы ауылдарға саудаланады. Жезкенттің өзінде біздің өнімді жақсы тұтынады. Сонымен қатар Ресейдің Горняк қаласының нарығын ептеп бағындырып жатырмыз. Бүгінде ол жердегі бес-алты дүкенге қазақстандық өнім жеткізіледі,- дейді Наталия Викторовна.

Жаңашыл, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын наубайхана маңайына әсіресе жастар үйір. Олар білмегенін үйреніп, жұмыстарын қызығушылықпен атқарып келеді. Ыждағаттылықпен істеген жұмыстың нәтижесі зор болатынын ұғынып, өздері де істің көзін табуға барынша әрекет етеді екен. Қажетті қондырғылар алуда Иван Гиндер әрдайым жұмысшылармен ақылдасатын көрінеді. Бүгінде наубайханаға заман талабына сай жабдықтар алыныпты. Ал қажетті ұн, сапасы мен бағасына қарай, Семейден немесе Ресейден жеткізіледі.

— Әрине, бәскелестік болады. Одан ешқайда қашып құтыла алмайсың. Бұл — нарықтың заңы. Сондықтан да біз әрқашан өз өніміміздің сапасын арттыруға тырысамыз. Тұтынушылардың көңілінен шығуға барымызды саламыз,- дейді Наталия Абдраймова.

Жезкент кентінің тағы бір тұрғыны, жеке кәсіпкер Рустам Дюсенбиновтің де өз кәсібін қолға алғанына көп болмаған.  Кәсіппен айналысуды армандап жүрген ол отбасымен ақылдаса келе электр тауарларын сататын дүкен ашуды шешеді.

— Отбасылық бизнес ашуды ойлап жүрген едік. Тәжірибесі бар адамдармен кеңесе отырып, электр тауарларын сататын дүкен ашуды дұрыс деп шештік. Жақында дүкенімізге бір ай болады. Соған қарамастан, тұрақты тұтынушыларымыз да бар. Өзімнің мамандығым электрик болғандықтан, қосымша қызмет те көрсетемін.

Кең әрі жарық, қызмет көрсетуге қолайлы дүкеннің ішінде не керектінің бәрі бар. Іші жайнап тұр. Тұрғындар осындай жаңа заманға лайықталған дүкендердің көптеп ашылып жатқандығына риза. Қажетті электр тауарларын тұрғындар осы жерден табады.

— Күнделікті тұрмысқа қажетті электр тауарларын жеткізуге тырысамыз. Шағын дүкенімізде сапалы қызмет көрсетіп жатырмыз. Электр жабдықтарын да өзім орнатып беремін. Бұл тұтынушыларға тиімді әрі ыңғайлы. Дүкенді ешқандай несиесіз өз қаражатымызға ашып отырмыз. Кәсіптің қыр-сырын енді меңгеріп келеміз. Болашақта тағы да басқа салалар бойынша жұмыс істегіміз келеді,- дейді жеке кәсіпкер Рустам Дюсенбинов.

Мақала Бородулиха аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде әзірленді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

07.05.2026
Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

Semeytany.kz – Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир...

Толығырақ...Details

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

06.05.2026
Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында қазіргі таңда 11 маусымдық балалар лагері жұмыс істейді. Оның ішінде 8-і мемлекеттік, 3-і жекеменшік....

Толығырақ...Details

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

06.05.2026
«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

Президент «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін салтанатты түрде тапсырды,...

Толығырақ...Details

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

06.05.2026
Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда армияны заман талабына сай нығайтып, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға қажетті барлық шара қабылданып жатқанына назар аударды....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

06.05.2026
Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

Мемлекет басшысы әңгіме барысында елге қорған болу – ең абыройлы қызмет екенін ерекше атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі...

Толығырақ...Details

Ұлтына қорған болған ержүрек жауынгерлердің есімін ұрпақ жадында сақтауымыз керек — Президент

06.05.2026
Тоқаев: Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, ерлік ешқашан ескірмейтінін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Оның...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

1 день бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

2 дня бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

2 дня бұрын

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

2 дня бұрын

Ұлтына қорған болған ержүрек жауынгерлердің есімін ұрпақ жадында сақтауымыз керек — Президент

2 дня бұрын

Тоқаев: Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды

2 дня бұрын

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

2 дня бұрын

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС