"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕНІҢ БІР КҮНІ

22.12.2017
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ер – Таң — 1» — бүлдіршіндердің бал күлкісіне толы

Семейде мектепалды білім беру мекемелерінің қатары тағы бір шағын орталықпен толықты. Қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен Юность ықшам ауданында салынған «Ер-Таң — 1» шағын орталығы ашылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында тұсауы кесілген мекеменің 300 балаға білім беруге мүмкіндігі бар.

Юность ықшам ауданының тұрғындарына жаңа шағын орталықтың ашылуы зор қуаныш сыйлады. Себебі балабақшаға кезекте тұрған бүлдіршіндердің 1 мыңнан астамы дәл осы ауданда тұрады. «Ер — Таң — 1» шағын орталығының құрылтайшысы Қайрат Көндебаев атап өткендей, жаңа балабақшаны ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ашқан.  Орталықта бір жарымнан алты жасқа дейінгі балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беріледі. 300 орын толығымен бюджет есебінен қаржыландырылады. Ай сайынғы ақысы 10200 теңгені құрайды. Қазір мұнда 17 педагог маман жұмыс істейді.

Орталық орналасқан ғимарат әр жылдары түрлі мақсаттарда қолданылып келген. 2016 жылы сатылып алынып, қайта қалпына келтірілді. Енді, міне, бүлдіршіндердің игілігі үшін пайдалануға беріліп отыр. Құрылтайшы келесі жылы орталықтың аумағын абаттандыруды жоспарлап отыр. Мұнда шағын теннис корты, футбол алаңқайы құрылып, спорттық жабдықтар да орнатылатын болады.

— Біз салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса көңіл бөлетін боламыз. Сондықтан шағын орталық жанынан футбол, теннис, каратэ, би және басқа да спорт түрлері бойынша қосымша секциялар ашпақ ниеттеміз. Сонымен қатар балақайлар үш тұғырлы тіл бағдарламасына сәйкес білім алады,- деді Қайрат Көндебаев.

Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың айтуына қарағанда, бүгінгі күні қалада 33 жекеменшік балалар бақшасы мен шағын орталық жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап шаһардың әр ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тағы алтауы ашылып, 700 бала орынмен қамтылмақ. Жалпы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының балаларды мектепалды біліммен қамту мәселесін шешуге септігі зор. Соңғы бірнеше жылда балабақша кезегінде тұрғандардың саны екі есеге қысқарған. Ең бастысы, мектепалды мекемелердің тапшылығы байқалып отырған қаланың сол жақ бөлігінде тағы бір шағын орталық пайдалануға берілді. Бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге де біршама ықпалын тигізгені хақ.

«Казполиграф» — қуатты кәсіпорын

Шағын орталықтың ашылу салтанатына қатысқаннан кейін қала әкімі Ермак Сәлімов «Казполиграф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келіп, мекеме еңбеккерлерімен кездесті. Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында өткен кездесуде қала басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

— Келер жылы қала бюджетінің жалпы сомасы 67 млрд. теңгені құрайтын болады. Соңғы үш жылда кіріс көлемі 4 млрд. теңгеге өсті. Бұл біздің қала үшін үлкен жетістік. Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, көп жылдан бері қордаланып қалған жылу беру мәселесі де реттелді. Алдағы жаз айында ыстық су беру мәселесі де шешімін таппақ. Сонымен қатар білім беру ісіне де баса көңіл бөлініп, балалар бақшалары мен мектептер салынуда. Игі істердің барлығы да тәуелсіздіктің арқасы. 20 жыл бұрын, бүкіл әлем елдері экономикалық дағдарысқа ұшыраған уақытта, шетелдік сарапшылар Қазақстанның болашағының жарқын болуы екіталай деп болжаған еді. Алайда бұл қате пікір екенін уақыт та, тарих та дәлелдеп берді. Біздің қаланың өмірі «Казполиграф» серіктестігімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда бұл мекеме түрлі өнім қаптамаларын өндіретін ірі серіктестік ретінде Қазақстанға, Орта Азияға танымал. Комбинат қаптама дизайнынан бастап оны тапсырыс берушіге жеткізуге дейінгі істі өзі жүзеге асырады. Осы орайда еліміздің ең басты құндылығы саналатын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге және отбасыларыңызға береке-бірлік, қажымас қайрат, мықты денсаулық тілеймін,- деп ізгі тілегін жеткізген Ермак Сәлімов «Казполиграф» ЖШС-нің директоры Темірлан Оралбаевқа Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасын табыстады.

Серіктестік жұмысшыларымен кездесуден соң қала басшысы «Казполиграф» мекемесінің өндіріс цехтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

08.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

Semeytany.kz – Беларусь елінің Минск облысында өтіп жатқан «Достастықтың балалары» атты халықаралық мәдени-танымдық форумға Абай облысының оқушылары қатысуда. Шара 7–16...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

08.07.2025
Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd корпорациясының басшысы Ли Цзюнь бастаған делегациямен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

08.07.2025
Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу,...

Толығырақ...Details

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

08.07.2025
Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы...

Толығырақ...Details

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

08.07.2025
Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

Semeytany.kz – Абай облысында мүлік пен жер салығының мөлшері артты. 2024 жылға арналған төлем мерзімі 1 қазанға дейін белгіленген. Бұл...

Толығырақ...Details

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

08.07.2025
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

35 жылдан кейінгі жаңару: Семейдегі жылу желісіне жаңа дем берілді

4 часа бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

23 часа бұрын

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

23 часа бұрын

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

23 часа бұрын

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

23 часа бұрын

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

23 часа бұрын

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

24 часа бұрын

Шекарадан жанармай мен ірі көлемдегі ақша алып өтпек болғандар ұсталды

24 часа бұрын

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

3 дня бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС