Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов әкімдіктің құрамы мен дербес бөлім басшыларына Семей қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды. Қала әкімінің өкімімен Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Әзбергенов Сержан Мұхтарұлы тағайындалды.
Сержан Мұхтарұлы 1961 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша — кәсіби заңгер. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің түлегі. Еңбек жолында әр жылдары бұрынғы Семей облысының атқарушы комитетінде және облыс әкімдігінде қызмет еткен. Өңірдегі коммерциялық ұйымдардың ең алғашқы басшысы болған. 2008 жылдан бүгінгі уақытқа дейін Семей қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.