"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕСҚАРАҒАЙДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ БІЛІМДІ ЖАСТАР МЕН БІЛІКТІ МАМАНДАР ҚОЛЫНДА

13.12.2013
БЕСҚАРАҒАЙДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ БІЛІМДІ ЖАСТАР МЕН БІЛІКТІ МАМАНДАР ҚОЛЫНДА
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»- дейді қазақ даналығы. Кіндік қаның тамған, балалықтың бал дәурен күндері өткен туған ауылдың топырағы қашан да ыстық.  «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына байланысты және облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Бесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов Семей қаласының жоғары оқу орынында және мемлекеттік колледждерде оқитын бесқарағайлық студенттермен Шәкәрім  университетінде кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Шәкәрім университетінің ректоры Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков және аудандық бөлім басшылары қатысты. Кездесу алдында студенттерге аудандық кітапхананың  «Берекелі Бесқарағай» атты кітап көрмесі  ұсынылды.     Аталған кітап көрмесі алты бөлімнен тұрды.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

«Тарих арнасы», «Гүлденген Қазақстан»  деп аталатын бөлімдерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Тәуелсіз Қазақстан жайлы  кітаптар, «Тарихыңды танып біл» бөлімінде Бесқарағай ауданының тарихы, «Жазушы қаламынан»,  «Елім деп еңбек еткендер» деген бөлімдерінде  ауданымыздың танымал тұлғалары, жергілікті жазушылар мен өмірін өлеңмен өрнектеген ақындарымыздың  кітаптары, өлеңдер жинақтары, аудан туралы мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылды. «Жас қалам»  бөлімінде  жас талант иелерінің шығармалары шет қалмады. Сту- денттердің кітап көрмесіне деген  қызығушылықтары артып, өздерін қызықтырған сауалдарды аудандық кітапхананың  директоры Жанат Алпыспаеваға қойып, сұрақтарына толық жауап ала алды. Сонымен қатар ауданда жеткіліксіз мамандардың орнын толтыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесі де өтті. Аудандағы бөлім басшылары әр сала бойынша қызығушылық танытқан студенттермен жүздесіп, ауданға қанша маман қажет, оларға жасалатын қамқорлық туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің маңыздылығы жайында Шәкәрім университетінің ректоры Ш.А.Әмірбеков таныстырды.Өзінің алғы сөзін аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы Бесқарағай өңірі жайлы мағлұмат пен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінен бастады. Жастарды келер Тә-уелсіздік мерекесімен құттықтап, белсенділік танытып жүрген бірқатар студенттерге Алғыс хаттарын да табыстады. Қосымша аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күмісжан Тастанбекова, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ш.Абылқасымов, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Дәметкен Көшкенова және «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауданға келіп көтерме қаражат пен жеңілдетілген несиемен тұрғын үйге қол жеткізіп, алаңсыз қызмет жасап жүрген мамандар сөз сөйлеп, ауданнан шыққан жастарды туған жерге қызмет жасауға шақырды.

Шығыстың жасыл орманға оранған , Ертісті бойлай орналасқан береке мен бірлігі жарас-қан қасиетті құт мекені — Бесқарағай ауданы.  Кездесу барысында 85 жылдық тарихы бар, мал өсіріп, егін егіп Жер Ананың берген сыйын игере білген ауданның бүгінгі жағдайына, келер жылғы жоспарларына қызығушылық танытқан жастар да табылды.

-Дипломымды қолыма алғаннан кейін педагогика мен психология мамандығын бойынша менің тек мектепте ғана емес, әлеуметтік-экономикалық салада да жұмыс жасауыма ауданда мүмкіндік бола ма?

-Әрине. Психолог бүгінгі таңда жүйелі жұмыс жүргізу үшін әр салаға қажет деп ойлаймын. Өмірде келеңсіз жағдайлар, түсініспеушіліктер, ойға алған жоспардың жүзеге асыра алмаушылық жұмыс барысында туындауы мүмкін, осы орайда психологтардың орны  айрықша. Қазіргі таңда білуімше, әртүрлі өндіріс орындарына да психолог мамандары қажет. Жергілікті билік өкілдерімен ауданда барлық жас мамандардың тұрмысы мен жұмысына қолайлы жағдайлар жасалуда. Келер жылы ауданда жаңа жұмыс көздері ашылмақ, сондықтан да біздер өздеріңіздей мамандарды қуана-қуана қарсы аламыз.

-Жұмағазин Сержан — ЖОО-да географ мамандығы бойынша білім алудамын. Жалпы біздің ауданда қазіргі күні қандай құрылыс нысандары салынуда? Жаңадан бой көтерген нысандардың біздерге берер пайдасы қаншалықты?

—  Ауданда 90 орындық бала-бақша, Дү-     ниежүзілік банкінің көмегімен ортайған орманның орнын толтыруға септігі тиер кешен, Канонерка ауылында пластикалық құбырлар шығаратын  кәсіпорынның құрылыстары жүргізілуде, ал келер жылы апатты жағдайда тұрған  башкөл мен мостик мектептерінің құрылысы, «Эко-Отын» ЖШС жобасы, «Ақбұлақ» бағдарламасымен Өндіріс, Бесқарағай  ауылдарында су құбырларын өткізу аяқталмақ. «Жаңбыр» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд. теңге қомақты қаржы суармалы жерлерді қайта жаңғыртуға жұмсалуда. Келесі жылдың көктемінен бастап «Сат-никель» ЖШС кобальт-никельді өнімді алу зауыты тағы көптеген ауқымды жұмыстар жоспарымызда. Сондай-ақ, Глуховка ауылында  құны 80 млн. теңгені құрайтын медициналық амбулатория құрылысы басталады. Алға қой-ған жоспарларымыз орындалатын болса, ауданымыздың экономикасы дамып,тұрғындардың жағдайын бүгінгі күннен де жақсы болатыны анық. Демек, осындай атқарылар ауқымды жұмыстардың барлығына жас мамандардың үлесі қажет болары сөзсіз.

-Орынбасар Дидар Шәкірім универ-  ситетінің 3-курс студентімін. Мамандығым-эколог. Эколог маманы ретінде ауданға бара аламын ба?

-Әрине. Қарамырзада осы күні үлкен кешен құрылысы жүргізілуде, келер жылы іске қосылатын болады. Яғни, бұл кешен өзіңдей мамандарды қуана қабылдайтын болады. Эколог-   меніңше таптырмайтын мамандық. Біздің ауданда орман да бар, өзен де бар, көл де бар. Сондықтан ауданға келіп алаңсыз қызмет    жасауыңа толық мүмкіндік бар. Ауданға жұмыс жасауыңа қорықпай кел. Қабылдаймыз, қарсы аламыз.

-Өмірханов Дамир Башкөл ауылының тумасымын. Бейнелеу өнері мамандығы бойынша білім аламын. Біздің ауылымызда неліктен спорттық секциялар жұмыс жасамайды?Осы уақытқа дейін бұл жағдайға неге көңіл бөлінбей келеді?

-Жалпы Бесқарағай ауданында спорт жақсы дамыған. Оған дәлел Е.Изатов, А.Бодрянков, К.Мукашев, А.Елеусізов, Е.Смаканов, Қ.Маралов тағы көптеген Шығыстың атын шығар-ған спортшыларымызды атап өте аламыз. Ауданның барлық ауылдарында әртүрлі секциялар жұмыс жасайды. Аудан орталығында да спорт кешені мен спорт залдарына келуші жастар саны күнен –күнге артып келеді. Ал, енді Башкөлге келетін болсақ, мектеп аппатты жағдайда әрі спорт залы болмағандықтан секциялар жүргізілмейді. Бірақ, келер 2014 жылы ауылда жаңа мектептің құрылысы басталады. Бұл мәселе шешімін табады. Бұл біздің бақылауымыздағы мәселенің бірі. Алдағы уақытты бұл мәселе шешімін табуы тиіс.

-Есімім С .Жұмағазин. Мен өткен жылы Ресей Федерациясында болған 48-ші ғылыми халықаралық конференцияға қатыстым. Сол үшін өздеріңізге айтар алғысым шексіз. Ендігі мақсатым академиялық мобильділік арқылы таулы Алтайға барып екі ЖОО-ы арасындағы келісім бойынша 1 семестрлік оқуымызды сонда жалғастырсам деп едім, бірақ аудан әкімі грантымен түскен студенттер бара алмайды дегенді естідім. Осы қаншалықты рас ?

-Академиялық мобильділік деген екі ЖОО-ы арасындағы өзара келісім болғандықтан, ол студенттің әкім грантында оқитындығына қарамайды. Алдыңа мақсат қойған екенсің, баруға толық мүмкіндігің бар. Сонымен қатар, бүгінде біздің ауданның көршілес аудандармен қарым –қатынасы өте жақсы. Көктемде ауданымыз Алтай өңірінің Михайловка ауданына барып Наурыз  мерекесін тойласа, осыдан 1 ай бұрын Павлодар облысының Лебяжі ауданының Мәдени күні Бесқарағайда аталды. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, өзіміздегі жақсыны көрсетіп өте ауқымды іс-шара өткіздік.

Осы бағытта ауданда қолға алынған «Жаңбыр» бағдарламасы келер жылы жүзеге асатындығын білгендіктен гидромилирацияны меңгерту мақсатында 3 студент академиялық мобильділік арқылы Тараз Мемлекеттік университетіне оқуға жіберілгендігін де Шәріпбек Ағабайұлы ерекше атап өтті.

Студенттер тарапынан түскен барлық сұрақтарға нақтылы жауаптар қайтарылды. Кездесу соңында аудан әкімі Нұрлан Сыдықов Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, аудандық мәслихаттың хатшысы Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбековке кездесуге қатысып, ой бөліскені үшін алғысын білдірді. Кездесу аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен өнер мектебінің бірлесе әзірлеген концерттік бағдарламасымен жал-ғасты. Ұйымдасқан түрде әрі жоғары деңгейде өткен бұл жиында аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізген студенттер осындай кездесулер жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін де жасырмады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС