"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢ ТӨМЕН ЖАЛАҚЫ ҚАНША КҮНГЕ ЖЕТЕДІ?

23.01.2018

Елімізде биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ең төменгі жалақы көлемі 28 284 теңгені құрапты. Осы қаражатқа күнелтіп отырған жанұя келесі айлыққа дейін қалай жетеді деген сауалға журналистік әуестікпен жауап іздеп, еңбекақымды қолға алғаннан кейін 28 284 теңгені бөлек алдым да, бір айлық күнкөріс жоспарын жасадым.

Ауылда анам мен әкеме еркелеп өскен қазақтың қызымын. Жасыратыны жоқ, не ішем, не киемін деген уайым менде болған емес. Бүгінде ата-анамнан жырақта жүрсем де, қаржы тапшылығын әлі күнге дейін сезінген кезім жоқ. Семейге оқуға келгенде де пәтер іздеп сабылмадым. Әлі күнге әжемнің үйінде аға – жеңгеммен бірге тұратындықтан, пәтерақы мен коммуналдық қызметтерге бас ауыртпаймын. Жұмыс орным үйіме жақын болғандықтан, жол ақысына кететін 160 теңгем де қалтамда қалады. Түскі асты да үйден әкелемін. Тек күнделікті ұсақ-түйек шығындарымды есептеп, екі аптаға күнделік жасап көрдім. Сонымен:

1 қаңтар. Жаңа жыл қарсаңында біздің үйдегілердің бәрі Астанаға жол тартты. Әзірше үйде жалғызбын. Мерекеден қалған тәтті-дәмділер тоңазытқышта толып тұр.  1550 теңгеге торт алдым да, құрбыма жол тарттым. Жол ақысына 160 теңгеге шығындалдым.

2 қаңтар. 90 теңгеге бір бөлке қара нан, 500 теңгеге жарты келі май алдым.

3 қаңтар. 180 теңгеге бір лимон өлшетіп алып, тұмаудан емделдім. 250 грамдық «Пиала» шайы 690 теңгеге түсті.

4 қаңтар. Жұмысым компьютермен байланысты болғандықтан, көзім көптен бері мазалап жүр. Офтольмологиялық орталыққа бардым.  Дәрігердің қабылдауы 4000 теңге екен. Қосымша анализ үшін 350 теңге төледім. Көз қысымым қалпында. Дәрігер «аллергия» деген диагноз қойды. 1550 теңгеге комбинил-дуо, 910 теңгеге гидробаланс, 1890 теңгеге ирифрин дәрілерін алдым және жолға 160 теңге жараттым.

5 қаңтар. Телефонымда бірлік таусылды. 790 теңгеге «Сұхбат +» тарифіне қосылдым. Бұл тариф те  190 теңгеге қымбаттапты.

6 қаңтар. 870 теңгеге томат пастасын, 355 теңгеге 2 келі макарон, 910 теңгеге 2 литр күнбағыс майын алып, тоңазытқышты қалтамдағы қаржыма сәйкес толтырып қойдым.

7 қаңтар. 1540 теңгені пияз, орамжапырақ және картоп алуға жұмсадым.

8 қаңтар. Бұл күні майлылығы 6 проценттік сүтті 350 теңгеге алсам, 60 теңге нанға кетті.

9 қаңтар. Ауылдағы анам мен әкемнің «қара қызыма» деп жіберген еті де таусылды. Амал жоқ, ай соңына дейін белокты диета ұстануға тура келеді. 260 теңгеге он жұмыртқа сатып алдым.

10 қаңтар. 195 теңге ботқа жармасына, 60 теңге нанға кетті.

11 қаңтар. 135 теңгеге 5 жұмыртқа, 255 теңгеге сушки деп аталатын қытырлақ нан алдым.

12 қаңтар. 345 теңгені айранға, 60 теңгені нанға, 500 теңгені түскі асқа төледім.

13 қаңтар. 650 теңгеге шаш жуатын сусабын (шампунь), 210 теңгеге сабын, 380 теңгеге крем алдым. (Мына түріммен сән салондарының есігінен де қарай алмайтын сияқтымын ғой.)

14 қаңтар. Жексенбі күні бір нан мен сүт алдым да, үйде жатып демалдым. Қыдыратын шамам болмады.

15 қаңтар. Қырсық шалғанда, ескі етігімнің табаны қақ бөлінді. Ең аз жалақыға күнелтетіндер үшін бағасы тиімді «Жансая» базарын бетке алдым. Сатушы әпкеммен тәуір саудаласып, бір аяқ киім үшін 8 мың теңгеге шығындалдым. Жұқа бас киімімнен де суық өтіп барады. Алайда лимит шектеулі. Соңғы тиынымды санап автобусқа отырдым.

Енді дәмді тағам жегім келіп, тәбетім ашылып келеді. Құрығыр етігім бөлінбегенде, әлі бір апта тойып тамақ ішер ме едім? Майға қуырылған макароннан әбден мезі болсам да өзімді «шыдау керек» деп қамшылап, диванға қисая кеттім.

Бір кезде ойда жоқта әкем мен анам келіп, ауылдан әкелген қазы-қартасын, сары майы мен кілегейін, сары бауырсағын алдыма тосты. Қазы-қартаны көргенде анам мен әкемді сағынғаным да есімнен шығып кеткендей… Әйтеуір, қуанышымда шек жоқ…

Оянып кетсем, түсім екен.

Сонымен, экспериментке бөлген 28 мың 284 теңгем тек екі аптаға жетті. Аш адамның түсіне тамақтан басқа не кірсін?

P.S: 28 284 теңге менің бір ғана өзіме екі аптаға тақыл – тұқылмен жеткенін жоғарыдағы есебімнен-ақ аңғаруға болады. Ал осы қаражатқа күн көріп отырған қаншама жанұя бар екенін ескерсек, не ойларыңды да білмейді екенсің… Бір кем дүние…

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

13 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

13 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

17 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

17 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

17 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС