"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

03.04.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Наурыз айының соңғы күндерінде Шүлбі су электр станциясынан келетін судың тәуліктік мөлшерінің   үш   есеге дейін ұлғаюына байланысты Ертіс өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, салдарынан шаһардың Полковничий, Мирный, Затон, Бобровка аудандарындағы тұрғын үйлерге су кіріп, апатты жағдай орын алған еді. Осыған орай сенбі, 31 наурыз күні Семейге келген облыс әкімі Даниал Ахметов баспаналарды аралап, зардап шеккен халықпен жүздесіп, мұң — мұқтажын тыңдап қайтты.

Семейде  орын  алған  төтенше  жағдайға байланысты қала әкімі Ермак Сәлімовтің басшылығымен 29 наурыз күні «Востоквзрывпром» ЖШС қызметкерлері үш күн қатарынан мұз жару жұмыстарын жүргізген еді. Нәтижесінде Ертіс өзеніне жақын орналасқан бірнеше үйдің терезелері сынып, едәуір шығын келгені туралы ғаламтор мен әлеуметтік желілерде де кеңінен тарап үлгерді. Жергілікті басшылық бұл жағдайды басқа амалдың жоқтығымен түсіндіріп, барлық залалды өндіріп беретіндерін жеткізген болатын. Адами фактор салдарынан туындаған шаһардағы тосын жағдаймен кеңірек танысып, халықпен жүздесу үшін келген Даниал Ахметов алдымен  тікұшақпен  апат  аумағын   айналып    өткеннен кейін Мирный кентіне ат басын бұрды. Аймақ басшысының келетінін күні бұрын естіп жиналған кент тұрғындары облыс әкіміне мұң-мұқтаждарын айтып жатты. Әрбіреуімен жеке-жеке тілдескен облыс әкімі қамкөңіл тұрғындарды жұбатып, ешкімнің қамқорлықсыз қалмайтынын жеткізді.

— Су қайдан шықты? Шүлбі су қоймасынан ақырғы үш күннің ішінде секундына 1800 текше метрді құраған су келді. Анықталғандай, биылғы наурыз айында Шүлбі қоймасынан жіберілетін судың мөлшері өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым төмен болған. Қойма кенет тола бастаған соң, қалыпты мөлшерден үш есеге дейін артық көлемді құрайтын суды жіберген. Оның соңы Семейдегі төтенше жағдайға алып келді. Су ресурстары комитетінің басшысы қазір осында. Жағдайға кінәлі тарап анықталды. Осы мәселемен қазір прокуратура айналысып жатыр,- деді Даниал Кенжетайұлы тұрғындарға.

Пристань, Мирный, Затон аудандарын үш сағат бойы аралаған Даниал Ахметов халықпен жүздесуі барысында Ертіс өзені жағалауын бекіту жұмыстары басталатыны туралы жағымды жаңалықты жеткізді. Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың тамыз айына дейін жобалық — сметалық құжаттамалары әзірленіп, Семейде жиырма жыл бойы қолға алынбаған Ертіс жағалауын бекіту жұмыстары жанданбақ. Семейдегі төтенше жағдайға орай Астанадан келген Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев аталған комитеттің де осы жобаны жүзеге асыруға серіктес болатынын жеткізді.

— Таяу арада Семейде арнайы топ құрылып, Түйемойнақ аралы, Мирный, Пристань, Бобровка аумақтарында орын алған апатты жағдайларға талдау жасалады. Тамыз айына дейін Ертіс өзені жағалауын бекіту туралы жобаның сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылады. Ал Семейде орын алған жағдайға келсек, су жіберудің қалыптасқан өз ережесі бар: мұздың астымен және үстімен жіберу. Су мұздың үстімен жіберілгенде, қаланың жартысы су астында қалатын еді. Өз кезегінде бұл Павлодарға да зиянын тигізбей қоймаушы еді. 200-ден астам үйге зақым келуі де оңай емес, әрине. Бірақ бәрі де заң аясында халықтың амандығы үшін жасалды. Мәселенің анық — қанығын заң органдары тексеріп, тиісті тарапты жауапқа тартатын болады,- деді Ислам Әбішев.

Мирный кентіндегі Загородная көшесі тұрғындарының бірі Серғазы Төлегетаев облыс әкіміне биылғы мұз жару жұмыстарының жылдағыдан кеш басталғанын, салдарынан ешкім ойламаған тосын жағдай орын алғанын айтып шағымданды. Осы орайда түсінгеніміз — халықтың көпшілігі су деңгейінің не себепті көтерілгенінен бейхабар сияқты. Көпшілігі тасқынды табиғи апатқа балап, жарылысты кешіктірді деп жергілікті билікке кінә артуда.

— Мен көп жылдан бері осы аумақта тұрып келе жатырмын. Жарылыс төменнен емес, жоғары жақтан бастап жасалды. Іштей қауіптенсек те, зардабы осындай болады деп ойламадық. Қазір № 42 орта мектепті паналап отырмыз,- деген СерғазыТөлегетаевке аймақ басшысы апаттың түпкі себебін тағы бір мәрте түсіндіріп, бағалау комиссиясы жұмысын бастағанын, шығындардың өтелетінін, төтенше жағдайлар қорына тағы 70 млн. теңге бөлінгенін айтты.

— Егер жөндеу керек болса – жөндейміз, қаражат қажет болса – бөлеміз. Тұруға жарамайтын баспаналарды жаңасымен ауыстырамыз. Бағалау комиссиясы жұмысын бастады. Үйлеріңіз аман болып, тек дүние — мүліктеріңізге зиян келсе де, комиссияға хабарлаңыздар. Барлығы есепке алынады. Қазіргі уақытта қаланың төтенше жағдайлар қорына қаражат бөлінген. Зардап шеккен отбасыларға көмір, отын, тамақ пен киім-кешек жеткізіледі. Дүйсенбі күні тағы 70 млн. теңге бөлеміз,- деді Даниал Ахметов.

Мирный кентінен соң Пристань ауданына аялдаған аймақ басшысын қаумалаған халық су толған үйлерін көрсетуге асықты. Краевая көшесін аралап шыққан Даниал Ахметов осы көше бойындағы 31-ші үйдің тұрғыны Сәуле Зайтекованың да баспанасына бас сұқты. Қабырғасы бүтін болса да, енді оның тұруға жарамайтынын айтқан отанасына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

— Бастысы, үй құлаған жоқ. Барлық жөндеу жұмыстарына мемлекет қаржысынан көмек беріледі. Бірақ алдымен, комиссияны күтпей-ақ, өздеріңіз тазалау жұмыстарын жүргізулеріңіз керек. Қарап отырған жарамайды. Комиссия келмей үйге кірмеу керек деген — бос сөз. Мен үш күннен кейін Семейге қайта келемін. Зардап шеккен баспаналардың барлығын жөндейміз,- деген аймақ басшысы аталған көшедегі бүлінген тұрғын үйлерге кіріп, жағдаймен танысып шықты. Осы көшедегі 38 Б үйдің иесі № 18 орта мектеп мұғалімі Медет Тоқтаровтың құрылысы аяқталмаған баспанасына да тиісті жәрдем берілетін болды.

Осылай әр тұрғынның өтініш — тілегіне құлақ асқан аймақ басшысы қиын-қыстау жағдайда халық қалаулыларының да белсенділік танытулары қажет екенін баса айтты. Сол күні аймақ басшысымен бірге тұрғын үйлерді аралаған жалғыз депутат Әсемхан Досқожанов Сәтбаев көшесіндегі терезелері сынған үйлерді қалпына келтіруді және су басқан баспаналарға жөндеу жүргізуді жауапкершілігіне алды.

Сапар соңында журналистермен жүздескен Даниал Кенжетайұлы облыс бойынша жалпы шығынның 72 млрд. 205 млн. теңгені құрап отырғанын айтты. Семей қаласы мен Зырян ауданы әлі бұл тізімге енбепті.

— Қалалық әкімдік белсенді жұмыс істеуі тиіс. Мен жергілікті басшылыққа зардап шеккен тұрғындары бар үй-жайларда міндетті түрде кезекшілік тағайындалсын деген тапсырма бердім. Оқыс жағдайда жедел әрекет ету үшін, қажет болса, әкім орынбасарлары сол жерде түнесін. Екіншіден, халық эвакуацияланған қонақ үйлерде орын алған келеңсіздіктерді, жатын жайлардың тарлығын реттеуді тапсырамын. Қазір бір — екі сағаттың ішінде тұрғындарға отын, көмір және басқа да қажеттіліктер жеткізіледі. Осы орайда көпшілікті «енді не болады?» деген сауалдың мазалап отырғанын да жақсы білемін. Тағы да қайталап айтамын, алдағы 2-3 күннің ішінде комиссия жұмыс істеп, барлық шығындарды анықтайды. Осының негізінде құрылыс компаниясымен келісімшарт жасалып, жөндеу жұмыстары басталады. Егер комиссия үйді жөндеуге келмейді деп есептесе, сәйкесінше, орнына басқа баспана аламыз. Аягөзде 18 үй құлағаннан кейін 7 күн өткен соң, 12 отбасыға жаңа үйдің кілтін табыс еттік. Семейде де сондай жағдай болады,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

3 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

3 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

3 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

3 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

3 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС