"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЫҢ СЕРПІН, СОНЫ ЛЕП

18.05.2018
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына қатысты семинар болып өтті. Семинарға университет оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты.

Қазақ филологиясы факультетінің деканы Айбар Қадыров семинардың көтерген тақырыбына қатысты өз ойын білдірген соң, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі философия докторы (PhD) Арай Қанапияқызы Жүндібаева сөз алды.

— 13 сәуірде арнайы жарық көрген 18 кітаптың таныстырылымы болды. Оны Ұлттық аударма бюросы қамтамасыз етті. Осы оқулықтармен жұртшылықты таныстыруға арналған іс-шаралар өз жалғастығын табуда. Біз де осы ортақ іске өз үлесімізді қосып, семинарлар циклін өткізбекпіз, — деді Арай Қанапияқызы. — Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 100 оқулықты аудару үшін, өткен жылы Ұлттық аударма бюросы құрылып, маусым-шілде айларында еліміздегі жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдарынан, қоғамдық-мемлекеттік мекемелерден қандай   кітаптарды  тәржімалау керектігіне байланысты түскен жазбаша ұсыныстар бойынша тізім жасалды. Енді сол тізімге енген 18 оқулық жұрт назарына ұсынылып отыр. Біз де бұл шарадан тыс қалмай, таяуда Тель-Авив кибернетика университетінің зертхана жетекшісі, нанотехнология саласының маманы Рои Тцезанның «Болашаққа жолнұсқау» («The Guide to the Future») кітабын қазақ тіліне аударып, Астанада қалың жұртшылық назарына 3D форматында ұсындық. Елордалықтарға, бұдан бөлек, Шәкәрім атындағы СМУ ректоры Мейір Ескендіровтің басшылығымен дайындaлған «Латынға төте жол» әдістемелік құралы да таныстырылды. Бұл кітаптарды 100 оқулық аясында шектеуге болмайды. Оның соңы 200-ден де асып кетуі ықтимал. Осы аударма оқулықтар білім нарығында тың серпілістер әкеледі деген үміттеміз.

Жиналған зиялы қауым осы игі шараның қазақ ғылымы мен білім беру саласына сіңірер зор үлесін ұғына алды. Бұл семинар осымен тоқталып қалмайды. Қазақ филологиясы факультеті ары қарай да Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала ұстаздары мен студенттері арасында түрлі басқосулар ұйымдастырып, кең көлемді ағартушылық жұмыстар жүргізетін болады.

Семинар жұмысын қорытындылаған қазақ филологиясы факультетінің деканы Айбар Қадыров оқытушыларды, студенттер мен магистранттарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС