"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙДЫНДЫ АЛАКӨЛ: ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

22.05.2018
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жағасында Қабанбай атын суарған Алакөлдің айдынында армансыз жүзіп, демалғысы келетіндердің қарасы жыл санап көбейе түсуде.  18 мамыр, өткен жұма күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Бәріңізге мәлім, өткен жылдан бері облыс әкімі Даниал Ахметов айдынды Алакөлді абаттандыру жұмыстарын мықтап қолға алған. Облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, көл жағалауына көңіл бөлініп келеді. Туристік кластерді дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аймақ басшысының қолдауымен биыл да жалғасын тауып, қомақты қаражат бөлінді. Биыл да Алакөл жағасындағы жұмыс ерте көктемнен басталды. Суға түсу маусымы ашылғанға дейін, яғни дәл қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарбалас жүріп жатыр.

Алакөлдің ажарын аша түсуге ерекше мән беріп отырған Даниал Кенжетайұлының ауданға сапары демалыс аймағындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысудан басталды. Сондай-ақ облыста туризмді одан әрі жетілдіру және дамыту жөнінде кеңес өткізді. Айта кетейік, Алакөлге облыстық бюджеттен 4,5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Алайда аймақ басшысы қаржыландыру мұнымен тоқтамайтынын жеткізді.

Алакөл жағалауын дамытуға бағытталған Бас жоспар бекітілген. Осы Бас жоспар негізінде жарықпен қамту, су тарту және жер бөлу мәселелері шешіледі.

Аймақ басшысы бұл сапарында көлге жақын маңда орналасқан Қабанбай ауылындағы Мәдениет үйі ғимаратының жөндеу жұмысымен танысты. Аталған мәдениет ошағын жаңғырту үшін тиісті қаражат та бөлінген болатын. Сондай-ақ тарихи-археологиялық мұражай ашу бағытындағы жұмыстар қолға алынды. Археологиялық ескерткіштер ел тарихы десек, Үржар өңірінен табылған мұндай құнды жәдігерлер жетерлік. Осы бағыттағы мұражайдың жұмысы, алдағы жоспарлар жайында баяндаған ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов болашақ мұражайға Үржар ханшайымы мен екі Алтын адам, Тарбағатайдың таңбалы тастары, Найманқала, Еміл қаласы бойынан табылған археологиялық жәдігерлер, ішкі көріністер қатарына әртүрлі нақыштағы экспонаттар қойылатынын жеткізді. Енді Алакөлге келген демалушы шипалы судың құдіретіне тәнті болып қана емес, ел мен жер тарихы жайындағы мол мағлұматқа қанығып, демалыс уақытында рухани тұрғыда байып та қайтатын болады. Алакөлде демалғысы келетіндерді жол азабы қинайтыны белгілі. Бұл орайда да биыл жақсы жаңалық бар. Биылдан бастап Алакөлге (Жалаңашкөл ст.) Өскемен мен Семейден пойыз қатынайды. Билет құны 2800 теңге. Қазіргі таңда Мақаншы мен Жалаңашкөл бағытындағы жолды орташа жөндеу жұмысы қызу жүруде. Сондай-ақ Қарабұлақ пен Қабанбай ауылдары арасындағы 16 шақырым да жөнделеді.

Қабанбай ауылы мен Жалаңашкөл арасындағы жолдардың жөнделуі және Мәдениет үйін жаңғырту жұмыстары барысын «Ярус» ЖШС-нің басшысы Талғат Әділханұлы баяндап, қолға алынған істердің қыркүйек айында аяқталатынын нық сеніммен жеткізді.

— Алакөлге келген демалушылар мен шетелдік туристер еліміздің тарихымен де танысулары керек. Осы арқылы Елбасымыздың «Отандық туризмді дамыту» бағытында берген тапсырмасына үлесімізді қосып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы сатылық межелерді іске асырамыз. Ал мұражайға қатысты жобаның әлеуеті жоғары. Дегенмен толықтыру жұмыстарын жүргізіңдер,- деді Даниал Ахметов.

Демалыс аймағында облыс әкімінің тапсырмасымен «Турист инфо» деп аталатын ақпараттық орталық құрылды. Орталықта көл жағасындағы демалыс үйлері жайлы ақпараттар мен Алакөл суының емдік қасиеттері туралы мағлұматтар жинақталған. Сондай-ақ бағыт-бағдары көрсетілген карталар да қолжетімді. Барлық ақпараттар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде болады.

— Алакөл — xалқымыздың байлығы, табиғаттың бізге берген сыйы. Ендеше, ол xалықаралық стандартқа сай болуы тиіс. Қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін жұмыла әрекет ету қажет. Бұдан былай жағалауға жоғары деңгейдегі жайлы әрі сәнді қонақ үйлер салатын кәсіпкерлерді ғана тартамыз. Біздің алға қойған мақсатымыз — қазақстандық туристердің ғана емес, шетелдіктердің де осы бірегей аймаққа қызығушылығын арттыру. Демалушыларға аймағымыздың көркін тамашалауға ғана мүмкіндік жасап қоймай, қазақ   деген халықтың қонақжайлығын, мәдениетін, бүгінгі әлеуетін көрсете білуіміз керек,- деп қорытындылады Даниал Ахметов.

Бұдан кейін облыс әкімі орталық Арбаттағы атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, оң бағасын берді. Жол төсеніштері жайылып, субұрқақтар қойылатын орындарда қазір жұмыс қызу жүріп жатыр. Жаяу жүргіншілер аймағында тамақтану орындары, балалар ойнайтын алаңдар және спортпен айналысатын орындар жабдықталуда. Бұдан басқа қолжетімді таза ауыз су, дәретхана модульдері де құрылуда.

Орталықта шығармашылық кештер, сахналық қойылымдар мен би кештерін өткізуге арналған үш деңгейлі шатыр орнатылады. Көше бойына ағаштар мен гүлдер де отырғызылып, көл жағасының көркіне көрік қосады деген жоспар бар. Сонымен қатар жағалауда инженерлік коммуникация желісін тарту жұмысы жүргізіледі.

Жаяу жүргіншілер аймағын аралап, жұмыс барысына бағасын берген Даниал Ахметов барлық ғимараттарды тәртіпке келтіруді, әсіресе өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық нормалардың сақталуын тексеруді ерекше тапсырды. Ал уақытша ғимараттар иелерінің тиісті құжаттарының бар-жоғы қатаң бақылауда болады. Сонымен қатар аймақ басшысы санитарлық тазалыққа жатпайтын бірде-бір кәуап пісіретін орын сырт жақта болмайтынын, сондай-ақ жобаға кірмеген, ешқандай талапқа сай емес демалыс үйлері, мейрамханалар, кафелер, асханалардың құрылысы тоқтатылатынын баса айтты.

— Заман талабына сай, көңілге қонымды жоба болмайынша, ешкімге құрылысты бастауға рұқсат берілмейді. Бірде-бір шаршы метр жер дұрыс жасалған жоспарсыз бөлінбейді. Заманауи жеке архитектуралық көрінісі бар сауықтыру орталықтарын көрсетіңіздер, енді жобалардың қабылдануын өз бақылауыма аламын. Көл жағалауында сапасы нашар және арзан материалдардан салынатын үйлердің құрылысын тоқтататын уақыт келді. Тәртіп пен талап қатаң болуы қажет,- деді облыс басшысы.

Демалушылардың қауіпсіздігі де аймақ басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Нақтырақ айтсақ, моторлы қайықтар мен скутерлер белгіленген орындарда ғана болады.  Жағалауға жақын жүзбеуі керектігін ескерткен Даниал Кенжетайұлы жерге заңсыз иелік еткен кәсіпкерлерден оны реституция бойынша қайтаруды тапсырды. Бүгінгі таңда жағалаудағы көлеңкелі бизнеспен күрес қарқын алды.

Үржардағы сапарын облыс әкімі Даниал Ахметов облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары және кәсіпкерлердің қатысуымен өткен ауқымды жиынмен қорытындылады. Жиында Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы баяндады.

— Алакөл жағалауын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына алдағы үш жылға 4 млрд. 363 млн. теңге қарастырылған. Биылғы жылы 2 млрд. 511 млн. теңгенің жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Атап айтқанда, Мақаншы — Жалаңашкөл автокөлік жолын орташа жөндеу, Қарабұлақ — Қабанбай бағытындағы жолды жөндеу, Қабанбай ауылындағы Мәдениет үйін қайта жаңғырту жұмыстары, «Мақаншы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының материалдық-техникалық базасын кеңейту. Сол сияқты қуат көзін реттеу үшін Алакөлге екі трансформатор қойылса, тоқ жиілігін арттырып, жарықтың өшуін тоқтатады. Жоспар бойынша саябақты жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаулар да қойылмақ. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 жоба субсидияланып, 2 жоба рұқсатын алса, қалғандары несиелендірілді. Бірнеше жер телімі қайтарылды. Былтырғы жылы талапқа сай емес деп табылған 24 демалыс үйі ашылмады. Барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүйелі жүріп жатыр,- деді Серік Зинабекұлы өз сөзінде.

Осы ретте Даниал Ахметов:

— Алакөл жағасын жақсартуға байланысты шаралар қолға алынбаған аумақтардағы жерді мемлекет меншігіне қайтаруды ұсынамын,- деді. — Мен барлық кәсіпкерлерді өздерінің заңды міндеттерін орындауға және салықтық қарыздарын төлеуге шақырамын. Ағымдағы жылдың маусымынан бастап демалушыларға жасалған жағдай қолайлы ма, жоқ па, бақылауға алынады және олардың нақты саны да бекітіледі.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков, ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадияров, облыстық сәулет және құрылыс бөлімін бақылау басқармасының басшысы Дмитрий Гариков Алакөл аумағындағы қазіргі жағдайды баяндап, әр сала бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Аймақ басшысы бұл сапарында өткен жылдан бері ерекше түрленіп, көркейген Алакөл жағасында биыл атқарылған жұмыстармен толық танысып шықты. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, Үржар өңірінде жан жадыратар жақсы істер көп. Қай істе болмасын қатаң тәртіп пен тазалықты басты назарда ұстайтын, осы ауданға басшылыққа келген бес жылға жуық уақытта талай жарқын істердің ұйымдастырушысы болып жүрген Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің жұмысына облыс әкімі жоғары баға берді.

Нұрсұлтан ЕСЕМБАЕВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

15.05.2026
Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

Бүгін Аягөз ауданында алғаш рет «Қазақстан халқына» қорының «JASAMPAZ URPAQ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» ауқымды технологиялық және...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

15.05.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

✔️Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның арнаулы мекемесі саналатын Дүниежүзілік метеорология ұйымы климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін...

Толығырақ...Details

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

15.05.2026
Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу мақсатында...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

15.05.2026
Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

Абай облысында биылғы жылдың төрт айында тұрмыстық салада 1345 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес негізгі басым бағыттардың...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

15.05.2026
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

15.05.2026
Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

7 часов бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

8 часов бұрын

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

8 часов бұрын

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

8 часов бұрын

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

8 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді

9 часов бұрын

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

9 часов бұрын

Облыста «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды

9 часов бұрын

Облыс әкімі белгілі суретші Қоңыртай Мұхамедиевпен кездесті

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС