"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

26.04.2019
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 сәуір, сейсенбі күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясында кәсіпкерлермен бірлескен дөңгелек үстел өтті. Жиынға инспекция басшысы Ермек Сембаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Ғалымжан Исимбеков, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қызметкері Әлия Жүрсімбаева, инспекция мамандары және кәсіпкерлер қатысты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсетеді: карантиндік және фитосанитариялық сертификат беру.

Фитосанитариялық сертификат өңірімізден алыс шетелдерге өсімдік және өсімдік өнімдерін тасымалдау барысында, ал карантиндік сертификат Қазақстан ішіндегі облысаралық тасымалдау операцияларына берілетін өнімнің карантиндік жағдайын анықтайтын құжат түрі. Тасымалдаушы кәсіпкерлер Семей өңіріне келгеннен соң, Семей қаласы аумақтық инспекциясының мамандарына хабарласып, карантинге жататын өнімді қайталап тексеру жүргізу туралы өздеріне ыңғайлы байланыс түрімен хабардар етеді. Яғни тасымалданатын өнім алдымен шетел шекарасында және Семейге жеткен соң екінші қайтара Семей қалалық аумақтық инспекциясы мамандарының қатысуымен карантиндік фитосанитариялық тексеруден (қадағалаудан) өтеді.

Инспекция қызметкерлері тиісті тексеру жұмыстарын аяқтағаннан соң, өнім карантиндік нысандардан таза болса, өнімнің қауіпсізідігі туралы карантиндік-фитосанитариялық актісі табысталады. Тек осы актіні алғаннан кейін ғана кәсіпкерлер өнімдерін саудаға шығаруға немесе өңдеуге рұқсат алады. Егер өнімнен қандай да бір карантинді нысандар немесе ауру түрлері анықталса, өнім оқшауланып, кәсіпкерлер есебінен залалсыздандырылады, болмаса арнайы орында жойылады немесе өнімнің әкелінген жеріне кері қайтарылады. ҚР «Өсімдіктер карантині жөніндегі» Заңы-ның талаптары бұзылса, Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 400-бабына сай, жекелей тұлғаларға 20 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Өткен жылы Семейде 18 заң бұзушылық анықталып, 384 800 теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке аударылса, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 75 750 теңгеге 3 айыппұл салынған.

— ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы өз қызметін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына және «Өсімдіктер карантині туралы» ҚР Заңына сай атқарады. Аумақтық инспекция тарапынан 2018 жылы 6 мыңға жуық фитосанитариялық және карантиндік сертификат берілді,- дейді мекеме басшысы Ермек Нәсенұлы.

Семей қаласы аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Мұхтар Қасымхановтың айтуынша, сыртқы экономикалық байланыстың дамуына байланысты кәсіпкерлер алыс-жақын шетел компанияларымен тығыз қарым-қатынаста сауда-саттықпен айналысуда. Семей өңіріне, негізінен, Ресейден ағаш өнімдері, Қытай Халық Республикасынан, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ ішінара Тәжікстан, Молдова, Түркия, Польша мемлекеттерінен жеміс-жидектер мен көкөністер, Эквадор елінен банан, Голландиядан гүлдер тасымалдануда екен.

Облысаралық карантинге жататын өнімдердің тасымалдануы да инспекция мамандарының қадағалауында. Семей транзитті қала болғандықтан, кейінгі жылдары тауарды Семейге әкеліп түсіру, Семейден шетелге экспорттау жұмыстары ұлғайып келеді. Бидай және бидай өнімдері, ағаш өнімдері Ауғанстан, Тәжікстан, Иран мемлекеттеріне Семей қаласы арқылы жөнелтілуде. Сонымен қатар кейінгі жылдары Семей өңірінен Қытай Халық Республикасына күнбағыс, құрама-жем өнімдері, еліміздің оңтүстік өңірлеріне ағаш өнімдері жеткізілуде.

— ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің негізгі міндеті — Қазақстан территориясына басқа мемлекеттерден бөтен тектес карантиндік нысандарды өткізбеу, келген жағдайда дер кезінде оқшаулау, шұғыл шара қолдану. Биылғы жылы карантиндік нысанның төрт фактісі анықталып, бірі кері қайтарылып, енді бірі арнайы орында жойылды, екеуі әкелінген мекемеде өңделді, — дейді Семей қаласы аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Мұхтар Қасымханов.

Инспекция мамандарының сөзіне сүйенсек, елімізде карантиндік нысанның 14 түрі тіркелген. Оның ішінде Семей өңірінде анықталған жатаған укекіре, арамсояу, картоптың алтын түстес жұмырқұрты карантинді нысандарының ошағымен кешенді түрде күрес жүргізілуде. Семей қалалық аумақтық инспекция мамандары, шеттен келетін және облысаралық тасымалданатын өнімдермен қоса, қаладағы сауда үйлері мен базарлардағы өнімдерді де жіті қадағалайды. Сондай-ақ шаһарымыздағы бидай және ұн өнімдерін шығаратын «Шығыс Қазақстан құрама-жем комбинаты» АҚ, «Әсер» ЖШС, «Ай-Ар» ЖШС, «Ақ нан» ЖШС, «Вахтет» ЖШС, «Шығыс-Астық» ЖШС уәкілдерімен және мүдделі кәсіпкерлермен өсімдіктер карантині жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады.

Мекеме биылғы жылдан бастап өз жұмысын толықтай электрондық форматқа ауыстырған.

— 2019 жылдан бастап жүкті рәсімдеуге сертификат алу жұмыстарын толықтай электронды қызметке ауыстырдық. Енді кәсіпкерлерге бұрынғыдай барлық құжаттарымен мекемеге келіп, тіркелу қажеттілігі жоқ. Электронды қолтаңба алғаннан кейін, өтініштерін портал арқылы жібере алады. Бірақ сертификат алу үшін кәсіпкерлер кеңсеге келулері қажет. Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Елбасы Жолдауларында айтылғандай, мұның барлығы кіші және орта бизнесті қолдау мен олардың жұмысын жандандыру бағытында істеліп жатқан жұмыстар,- дейді инспекция маманы Сәрсен Сейткенов. — Бірақ өтініштерді инспекция мамандары өз жұмыс кестелеріне сәйкес қабылдайды. Инспекция дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 – 13.00 және 14.30-18.30 аралығында жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде біз келіп түскен өтініштерді өңдеп, тіркейміз және тексеру жүргіземіз. Тауарды экспортқа шығарған мемлекеттердің ұлттық карантин қызметінің сертификаттарын негізге ала отырып, қайталай тексеру жүргізу барысында жүктің тазалығына көз жеткізгеннен кейін ғана жүктер рәсімделеді. Жүк қозғалысы темір жол, су жолы, автокөлік жолдары және пошта арқылы іске асырылады.

Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер сенбі, жексенбі күндері кезекші маман өтініштерді қабылдап, тексеру жұмыстарын жүргізсе деген өтініштерін айтты. Инспекция басшысы Ермек Сембаев бұл мәселені қарастыратынын және министрлікке хат жолданатынын жеткізді.

Қазақстан Республикасы территориясының, соның ішінде Семей қаласы аумағына қарасты орман-тоғай, бау-бақша, алқаптардың, саяжай телімдерінің карантинді нысандардан таза болуы үшін фитосанитариялық-карантиндік тексерудің маңыздылығы ерекше. Сондықтан барлық кәсіпкерлерді жауапкершілікке бейжай қарамай, Семей қалалық аумақтық инспекциясына хабарласып, мамандардың кеңесін алып, өнімдерге фитосанитариялық және карантиндік сертификат алуға шақырамыз. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Айта кетейік, Семей қалалық аумақтық инспекциясының жұмыс телефоны: 50-02-06. Мекенжайы: Павлодар көшесі, №106.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС