"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ

28.08.2019
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тиісе берді деп кінә арта көрмеңіздер, бірақ ақиқатты айту — біздің міндет.

Өткен жылы Баймұрат Бәйімбетұлына ескерткіш қойып, үлкен іс-шара өткізген Зайсан елі таяуда тағы да батыр бабаның туғанына 310 жыл толуын тойлады. Биылғы іс-шараға да аудан әкімдігі, аудандық мәдениет, ауыл шаруашылығы, басқа да бөлімдер, қысқасы, бүкіл зайсандықтар бірнеше күн дайындалды. Өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, қазақ күресінен, көкпар, жорға, аламан бәйгеден спорттық жарыстар өткізіліп, батырға арналып ас та берілді.

Бұл орайда ең бірінші айтарымыз — мерейтойларды өткiзу мен атаулы даталарды мерекелеу туралы Қазақстан Республикасының Қаулысында: «Жалпыхалықтық тарихи және мәдени маңызы бар атаулы оқиғалардың даталары, аса зор жетiстiктерге қол жеткiзген облыстардың, қалалардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, ғылыми және мәдени мекемелердiң, оқу орындарының, қоғамдардың мерейтойлары елу жыл толғанда, жетпiс бес жылдығында, жүз жыл толғанда, одан әрi әрбiр жиырма бес жыл сайын атап өтiлетiн болсын»,- деп анық жазылған.

Ендеше, Баймұрат батырдың 310 жылдығын атап өту ресми тұрғыдан дұрыс емес.

Осы тойға қатысу үшін алыс-жақыннан ығай мен сығайлар Зайсанға ағылды. Жиналғандар-дың омырауларына арнайы дайындалған «Баймұрат батыр» деген медаль тағылғаны жайлы Сәдібек Түгелдің  Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасынан оқып білдік. Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, жазушы ағамыз: «…Той үстінде Зайсан ауданының әкімі, абзал азамат Ақтанов Серік Қасымбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Баймұрат батыр» мерекелік медалімен бір топ азаматтарды марапаттады. Соның ішінде мен де бармын…» деген жазба қалдырыпты.

Қысқасы, аспаннан «медаль жауған» ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ардақты оқырман. Қазір аудан, ауылдарда өткізілетін іс-шараларға арнап жаппай медаль жасату дәстүрге айналып кетті. Бүгін осы медальдардың қадірі де кетіп қалғанын байқап жүрміз… Өз басым бұл үрдісті креативті ойлауға қабілетті кадрлардың жетіспеушілігінің белгісі деп бағалаймын.

Ал осы жазбаға желі қолданушылардың тіркеген пікірлеріне де бір сәт назар аударып көрелік:

Қарлыгаш Бақытбекова: «Әрине, жақсы шығар! Алайда, 2-3 адам қосылып, әркім атасына той жасайтын, ескерткіш ашып, ешкім білмейтін батыр тауып табынатын әдет індет сияқты болып кетті ме? Одан да өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, жүйелі тәрбие болатын әлеуметтік жобаларға неге көңіл бөлінбейді екен???»

Жанна Саятовна: «Адам танымайтын батырларға ескерткіш орната бермей, тозған Зайсанды жөндесеңдерші. Серік Зинабековичтің кезінде қандай еді Зайсан! Тозығы жетіп, жерінің шаңы шығып, асфальттың өкпесі тесіліп жатыр. Жаз бойы шырылдап шегіртке болып жүрмей, қыстың қамын ойлаңыз, әкімшілік!!!!!!»

Ал Facebook әлеуметтік желісіндегі жоғарыдағы жазбаларға әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің қызметкері Гүлден Сайранова: «Ескерткішті әкімшілік емес, батырдың ұрпақтары өз қаржысына орнатты. Әкімшіліктен 1 тиын шыққан жоқ. Ескерткіш орнатқан ағалар Дайыр ауылында тұратын 1 отбасына үй алып берді. Республикаға танымал ақындарды шақырып, халыққа тегін айтыс ұйымдастырып берді. Ал Зайсанды шаңнан арылту олардың жұмысы емес деп ойлаймын» деген жауап қалдырыпты.

«Қазақтың батыры Баймұрат Бәйімбетұлы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі де осы іс-шаралардың қатарында өтті. Кітап шығару тақырыбы да бүгін ерекше тоқтала кетуді қажет етеді. Соңғы кездері ел ішінде қолдан жасалған ғалымдар мен жазушылар көбейіп кетті. Баспа көп. Кітап шығару қиын емес. Демеуші тауып алса болғаны, әркім өз ата-бабасын дәріптеп, әр жерден бір көшіріп кітап шығара беретін болды. Ал сол кітап авторларына көз жүгіртіп көріңіздерші, кешегі шенеунік те, зоотехник те, қойшы да бүгін «абайтанушы» немесе «алаштанушы» атанып жүр. «Абайтанушы» немесе «алаштанушы» атағы — зерттеу жұмысы арнайы құрылған ғылыми кеңесте бекітіліп, мойындалған ғалымдарға ресми түрде берілетін атақ. Білім деңгейінің шектеулі ресурстарына қарамай тарихты ойыншыққа айналдырып жүргендердің қатарының көбейіп бара жатқаны ұлт болашағы үшін қауіпті жағдай. Абайдың «Есектің артын жусаң да мал тап» деген ұлағаты ғылымға жүрмейді, бұл жерде ақынның «Пайда ойлама, арды ойла» деген тәмсілін есте ұстаған жөн екенін ащы да болса ашық айтамыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлы батырларымыздың тарихын асқан жауапкершілікпен дұрыстап зерттеу, зерделеу арқылы олардың ерлік істерін кейінгі келер ұрпаққа жеткізу — біздің парасатты парызымыз»,- дегені естеріңізде болар. Бұл сөздің астарында үлкен салмақ жатыр. Тарих қателікті кешірмейді. Бүгін жалмауыз ғаламтордың ақ пен қараны талғамай жұта беретін ойлы-қилы дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Қолдан жасалған «абайтанушылар» мен «алаштанушылардың» дүбәра еңбегі ертеңгі ұрпақты тарихты таразылау кезінде қателікке ұрындыра ма деген қауіп — бүгін көпті алаңдатып жүрген мәселе… Болашақта осы іс заң жүзінде тәртіпке келтірілуі қажет деп ойлаймыз.

Бізбен телефон арқылы байланысқа шыққан зайсандық азамат:

— Қала сыртында 8 ауылдық округ пен облыстық мәслихаттың депутаты Болатбек Нұрасыл тіккен киіз үйлер қалашығында дастарқан мәзірі дайындалды. Дайыр ауылдық округі ғана үй тіккен жоқ. Әр киіз үйдегі дастарқан мәзіріне орташа есеппен 40-60 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалып, бір қойдан сойылды. Бюджетте қарастырылмаған бұл шығын халықтың қалтасынан жиналды, — дейді. Аты-жөнін атамағанымен, дауысынан байқадық, наразылығын айтып жеткізе алмай тұр…

Әрине, ұлан-ғайыр жерімізді бүгінгі ұрпағына мұра етіп қалдыруға өлшеусіз үлес қосқан Қабанбаймен үзеңгілес әйгiлi батырлардың бiрi Баймұрат бабаның тарихтағы орнын кемсітуден, ерлігіне күмән келтіруден аулақпыз. Алайда ел ішінде басқа да шешімін күткен мәселелер толып жатқан күрделі уақытта жыл сайын той жасаудың қажеті бар ма еді?

Риза АСАНҚЫЗЫ{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

17 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

17 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

17 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

2 дня бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС