"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ САҚТАЛУДА

04.03.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жүзеге асқан істерді саралап, есеп беру — алдағы жұмыс жоспарын анықтау үшін қолайлы шара. Осы мақсатта қала әкімдігінде өткен жылы атқарылған шаруаларды қорытындылау бойынша жиналыс өтті. Отырысқа дербес сала басшылары мен ауылдық округтердің басшылары қатысты.

Қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалығымен өткен жиында салық базасын ұлғайту және бюджетті толықтырудың қосымша көздерін кеңейту, өткен жылдың бюджетінің орындалуы және атқарылған ветеринарлық-профилактикалық шаралар сияқты сұрақтар талқыланды. Бірінші болып экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов сөз сөйледі. Салық базасының кеңейтілуі мен бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мәселесі бойынша баяндама жасаған ол, 2013 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты экономикалық өсу үдерістерінің сақталуын дәлелдейтінін жеткізді. 2013 жылға жасалған қала бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 100,5 пайызға орындалған көрінеді. Яғни, жергілікті қазынаға 12 миллиард теңге түседі деп болжанып, нақты түсім 12 миллиард 55 миллион теңгені құраған. Жалпы алғанда 2013 жыл табысты болды. Қала бюджетінің кіріс бөлігінің өсу қарқыны 111,7 пайызға жеткен. Түсімдер көлемі 1 миллиард 260 миллион теңгеге ұлғайған. Дей тұрғанмен олқылықтар да жоқ емес көрінеді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің берешегі 2 миллиард 33 миллион теңгені құраса, оның ішінде қала қазынасының үлесі 413 миллион теңгені құрайды. «Осындай берешектер көлемін азайту бюджетті толықтырудың бір резерві болып табылатындықтан салық басқармасы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай қарызды азайту және олардың ағымдағы жылда пайда болмауы үшін пәрменді шараларды жүзеге асыруы тиіс»,- деді экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы.

Қосымша табыс көздерін қарастыруға қатысты 2013 жылы 400 миллион теңге сомасында жылдық жоспар бекітілген. Осы бағытта арнайы 22 іс-шара  жүзеге асырылып, оның 21-і жемісін берген. Қосымша толықтыру көздерін қарастыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 948,6 миллион теңге анықталып, бюджетке 947,7 миллион көлемінде кіріс кірген. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 427 миллионға артық. Тұрғындардың жалақысы қаншалықты жоғары болса, қала бюджетінің соншалықты толыға түсетіні белгілі. Осы орайда, Сүлеймен Медеуов экономиканың нақты секторында еңбекақы қорын көтеруге байланысты 843 салық төлеуші мекемемен түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін  жеткізді. Жалақыны аз төлейтін, немесе, жасырын түрде беретін 1332 дерек анықталған. Бұл өз кезегінде қаланың әлеуметтік проблемаларын шешуге қажетті біршама қаражат қазынаға түспей қалады дегенді білдіреді. Аталған іс-шаралар шеңберінде еңбек- ақы көлемін кем дегенде 10 пайызға арттыру бойынша 110 кәсіпорын басшысымен жиналыс өткізілген. Нәтижесінде, олардың 101-і есептік кезең барысында жалақы мөлшерін келісілген мөлшерде өсірді. Сондай-ақ, мүлік салығы бо-йынша қосымша 105,9 миллион теңге түсім түскен көрінеді. Бұл құны төмендетіліп көрсетілген жылжымайтын нысандардың иелерімен жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен салық есептілік нысандарына бақылау жасаудың нәтижесі болып отыр.

 

{jcomments on}Жерді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, оның салығын жеке тұлға ретінде төлейтіндер де бар көрінеді. Сүлеймен Медеуовтың айтуынша, 2013 жылы осындай 137 факт анық-талған. Шара қолдану нәтижесінде бюджетке қосымша  5,3 миллион теңге түсім түскен.

 

Сөзінің соңында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы инвестициялық жобаларды іске-асыруға қатысатын мердігер мекемелердің салықты дер кезінде төлеуін қадағалау, көлік құралы салығы бойынша берешегі бар тұлғаларды анықтау бойынша өкілетті органдармен бірлесе рейдтер өткізу, коммуналдық қызметті пайдаланушылар жөнінде мәліметтерді пысықтау сияқты жұмыс- тарды атқару керектігін тілге тиек етті.

Осыдан кейін қала бюджетінің өткен жылы орындалуы туралы қаржы бөлімінің басшысы Роза Кәкімова баяндама жасады. Өз сөзінде бастапқыда қала қазынасы 24 миллиард 311,5 миллион теңге көлемінде бекітіліп, орындалу барысында алты рет нақтыланып, жүргізілген түзетулер негізінде 26 миллиард 328,5 миллион теңгені құрағанын айтты. Биылғы жылы білім беру саласына, оның ішінде нысандардың құрылысы мен қайта құруға 8 миллиард 59 миллион теңге бөлініп пайдаланылған. Оның басым бөлігі жалпы білім беру жұмыстарын жүзеге асыруға жұмсалған.

Халыққа әлеуметтік көмек беру мен бюджетті жоспарлау кезінде ерекше қарастырылатын мәселелердің бірі. Былтыр қала бюджетінен осы мақсатқа 1 миллиард 150 миллион теңге бөлінген. Мұның ішінде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмектің төлеміне және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне берілген қаражат есепке алынып отыр. Жоспар бойынша бөлінген қаржы толық игерілген.

Сондай-ақ, Роза Кәкімова, қала қазынасының орындалуының деңгейі 2012 жылмен салыстырғанда едәуір артқанымен, 118 миллион теңге қаражаттың игерілмей қалғанын тілге тиек етті. Бұл орайда құрылыс бөлімі көш бастап тұрған көрінеді. Өткен жылы осы салаға бөлінген қаражаттың 159 миллион теңгесі игерілмей қалған. Екінші орында 22,8 миллион теңгені пайдаға жарата алмаған ТҮКШ бөлімі тұр. «Қалдықтардың пайда болуының негізгі себебі – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мердігерлердің келісімдік міндеттемелерін мерзімінде орындауына байланысты бақылау жүргізбегендігінен, әзірленген мемлекеттік сараптаманың нәтижесімен жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылысқа қаражат жоспарлау болып тұр»,-дейді қаржы бөлімінің басшысы. Сондықтан, ол осы аталған мәселелерді шешуге баса назар аудару керектігін атап өтті.

Отырыс барысында талқыланған үшінші сұрақ ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар және 2014 жылы алда тұрған жұмыстар туралы болды. Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Әнуарбек Сүйчинов былтырғы жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталып өтті. Жалпы алғанда, індетке қарсы шараларды орындауға Республикалық бюджеттен бөлінген 71,2 миллион теңге. Сарып ауруын анықтау мақсатында жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде 178 бас ірі-қара малдың, 117 ұсақ  малдың осы ауруға шалдыққаны белгілі болды. Олардың бәрі уақытында арнайы мал сою орындарында жойылған. Сондай-ақ, арнайы тексерілген 4 мыңнан астам ірі-қара малдың 46-сы сарып ауруына шалдыққаны анықталды. Аталған жануарлар да уақытында сойылып, өңдеу орындарына табысталған көрінеді. Бүгінгі таңда қаламызда қаңғыбас ит-мысықтардың көбеюі өзекті мәселеге айналып отыр. Былтыр оларды аулауға және көзін жоюға 12,2 миллион теңге бөлініп толық игерілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауланып, көзі жойылған жануарлардың саны: иттер – 8 025 бас, мысықтар – 675 басты құрады. Биыл да бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасын таппақ.

Сондай-ақ, Әнуарбек Сүйчинов болашақта атқарылатын шаралар жоспарын айтып өтті. «Алдағы уақытта Қараөлең, Новобаженово және Знаменка ауылдық округтерінде ветеринарлық дәріхана ашу көзделіп отыр. Сондай-ақ, Приречный, Новобаженово, Озерки, Қараөлең, Ертіс және Жиенәлі ауылдық округте-рінде ауыл шаруашылық малдарын жасанды ұрықтандыру пункттерін ашу жоспарлануда»,-деді ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы.

Бөлім басшыларының өткен жылды қорытындылаған сөзінен кейін аталмыш салаларға қатысты өзекті мәселелердің тез арада шешімін тауып, алдағы уақытта жоспарлан- ған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек екендігі айтылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23 часа бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

1 день бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС