"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Парасаттылық – сыбайлас жемқорлықпен күрестегi басты алғышарт

12.12.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

{jcomments off}Адамзатқа ертеден белгілі сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «сыбайлас жемқорлық» біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіретіндігін нақты көрсетіп, әрбір Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы негізгі бағыттарды айқындап отырды.

Ағымдағы жылы шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Жарлығына сәйкес тәуелсіз құқық қорғау органы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Агенттік жұмысының басым бағыттары ретінде – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері айқындалды. Осы орайда, Агенттік алдында тұрған ауқымды мәселелердің бірі – «жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» осы келеңсіз құбылыспен күресте тек мемлекеттік қызметшілердің емес, барлық қазақстандықтардың күш-жігерін біріктіру.

Сыбайлас жемқорлық деңгейі өте төмен елдердің озық тәжірибесін зерттей келе, сыбайлас жемқорлықты жеңудің бірден-бір жолы – оның алдын алу екендігі, яғни превентивті шараларды кеңінен қолдану қажеттігі анықталды. Шенеуніктерді отырғызудан ұзақ мерзімді нәтиже болмайтынына көзіміз жетті. Қазақ халқында «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» деген қанатты сөз бар. Сондықтан, біздің алдымызда тұрған ауқымды мақсат, зор жауапкершілік – қазақстандық қоғамның менталитетін, санасын өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың теріс көзқарасын қалыптастыру. Яғни, әрбір адам үшін парасаттылық қағидаттары: адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтар мінез – құлық нормасына айналуы тиіс.

Парасаттылық тек заңдылық пен әдепті сақтау ғана емес, бұл қоғамға қызмет ету құндылықтарына бейімділік, адамдардың мәселелеріне жанашырлық таныта білу. Тіпті азаматтың өтінішіне заңға ресми сілтеме жасай отырып, құрғақ заң тілімен емес, барлығын егжей-тегжейлі зерттеп, мәселені шешуге көмектесуге тырысу – бұл парасаттылық.

Осы орайда, парасаттылық ұғымын кеңінен насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Мысалы, биылғы оқу жылында барлық оқу орындарында өскелең жас ұрпақты адалдыққа дәріптейтін «Адалдық сағаттарының» өткізілуі – соның бір айқын дәлелі. Бұл жарқын бастама жас буынның рухани болмысын бекітіп, адам бойындағы ең асыл қасиет – парасаттылықты дәріптеуге зор мүмкіншілік берді. «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттанба, бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз» — деп ғұлама ақын Абай айтып кеткендей, «Адалдық сағаттарында» балалар осындай даналардың қуатты сөздеріне қанығып, парасаттылық, әділдік және сенім ұғымдарының философиялық мән-мазмұндары тереңнен түсіндірілді.

Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, патриот жастарды тәрбиелеуде «Саналы ұрпақ» жобасының алар орны ерекше. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жастар арасында қолдауын тапқан «Саналы ұрпақ» жобасы жастардың тың идеяларымен үнемі толықтырылуда. Жуырда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Адал бол!» атты студенттер форумы өтті. Форум барысында студенттер «Таза қол» жобасының презентациясын ұсынды. Ар-ұят, намыс құндылықтарын насихаттайтын бұл жоба басқа оқу орындарында да жалғасын табады деп сенемін.

Облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тың жобалардың бірі дін өкілдерімен бірлесе құрылған «Адалдық ілімі» атты ақпараттық-насихаттау тобы. Топ құрамына «Халифа Алтай» Өскемен орталық мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай, Өскемен қаласы Свято-Андреевского кафедралды шіркеуінің клиригі Константин Дьяков, облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов, ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев енген. Аталған ақпараттық-насихаттау тобы еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп,  Ислам, Христиан діндеріне сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кесірін, рухани-адамгершілік салдарын түсіндіреді.

Жемқорлықпен күрес — уақытша науқан емес, жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат. Оны сәтті жүзеге асыру біз үшін абыройлы міндет.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Е.Н.Жалмағамбеттің авторлық мақаласы

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

01.07.2025
Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға облыстық...

Толығырақ...Details

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

01.07.2025
Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

Semeytany.kz – Абай облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

30.06.2025
«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

Semeytany.kz – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары көкөніс пен жеміс ағаштарын қырып бара жатқан құрттарға қарсы шұғыл шара қабылдауды...

Толығырақ...Details

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

30.06.2025
Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

Semeytany.kz – Ақтөбе облысында өткен «Айбын-2025» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Абай облысының командалары үлкен жетістікке жетті. Қазақстан Президенті –...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

30.06.2025
Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына жұмыс сапары барысында Жанай ауылында болды. Елдімекенде осы ауылдың тумасы Серікбол Омаровтың жеке қаражатына...

Толығырақ...Details

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

30.06.2025
Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

Бүгін Үржар ауданының Таскескен ауылында дәстүрлі «Ауыл – ел бесігі» атты мәдени-спорттық фестиваль басталды. Белгілі меценат Талғат Сақанның ұйымдастыруымен, облыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

16 часов бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

17 часов бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

17 часов бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

17 часов бұрын

Абай облысында халықты сумен қамтамасыз ету бойынша 37 жоба жүзеге асырылуда

17 часов бұрын

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

2 дня бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

2 дня бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

2 дня бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС