"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

20.12.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Салымшылар мен алушылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары инфляция себебінен ешқашан құнсызданып немесе жойылып кетпейді. Өйткені Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақта қарияларды зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үйлестірілген.

Қорда зейнетақыға қаражат жинау бірнеше ондаған жылдарға созылатыны белгілі. Әрине, шоттағы жинақ ақша бекерге жатпайды. Әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланып, одан түскен табыстар салымшылардың шоттарына күн сайын есептеліп отырады. Бұл жерде олардың зейнетақы шоттарына бірдей мөлшерде үлестірілмейтіндігін айта кеткен жөн. Инвестициялық табыстың көлемі шотыңыздағы жинақ ақшаның сомасына, келіп түсіп жатқан жарналардың көлемі мен түсу жиілігіне тікелей байланысты.

Нарық жағдайында инвестициялық табыстар мен инфляция көлемі сан құбылып отырады. Міне, осыған байланысты, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес, зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет зейнеткердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңінде болған инфляцияны есепке ала отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Осылайша, Қорда жинақ ақшасы бар адам зейнетақы алу құқығына ие болған кезде оның шотындағы қаражат осы шотқа енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылып тексеріледі. Бұл ретте оның зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейі ескеріледі. Егер алушының Қордағы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептейді. Бұл сома бір жолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

Бір жолғы өтемақы мөлшері әрбір салымшының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне және шотындағы жинақтарының көле-міне қарай әрқалай болады.

Бір жолғы айырма төлемін зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы.

Бұл ретте зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгізілген Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай өтінішпен тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті бөлімшесіне (Халыққа қызмет көрсету орталығына) жүгінеді. Айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Айта кетелік, бұған дейін бұл азаматтар Қордағы жинақтарын алу үшін осы Қорға жүгінетін.

Ал Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін зейнетақы жинақтары есебінен төлем алу тәртібі өзгеріссіз қалды. Яғни олар бұл үшін бұрынғыдай Қорға жүгінеді. Бірақ мемлекеттік зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін, әрине, мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

Еске саламыз, зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

9 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

9 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

9 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

9 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

9 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

9 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

9 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС