"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚЫН ШАҢЫРАҒЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

17.01.2020
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақ-стан» атты мақаласы бүгінгі таңда жер-жерлерде жан-жақты талқылануда. Бұл шаралардың да берері мол екені анық. Себебі, Мемлекет басшысы өзі атап көрсеткендей, Абай хакімді қазіргі заман тұрғысын танып, ол мұрат еткен ұлттың қайта жаңғыруы жолында ақынның өсиеттері мен тағылымын басты бағдар ету — баршаға парыз.

Жуырда қаламыздағы «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде де Президент мақаласын талдауға арналған келелі басқосу болып өтті. Аталған отырысқа зиялы қауым өкілдері мен тарих, филология ғылымдары бойынша ізденушілер, ғылым кандидаттары, мектеп ұстаздары мен студенттер қатысты. Дәйекті пікірлер ортаға салынып, орынды ұсыныстар айтылған шараға сонымен қатар Семей қалас{jcomments off}ы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Әнет баба атындағы Қос мұнаралы орталық мешіттің бас имамы Асқар Мұқанов, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының директоры Б.Мусин, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің және Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің абайтанушы ғалымдары, оқытушылары, мәдениет саласының мамандары, сондай-ақ мектеп ұстаздары қатысты

Жиын барысында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Абай музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева, Шәкәрім университетінің халықаралық байланыстар факультеті деканының орынбасары А.Жүндібаева, Т.Аманов атындағы №16 мектеп мұғалімі Г.Кунафина, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Н.Өтепбаев, Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлы Президент мақаласы бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Жиынға қатысушылардың пікіріне сүйенсек, бүгінгі абайтану ғылымына соны серпіліс керек. Ал оған Президент Қ.К.Тоқаевтың мақаласы дем берері анық. Соның ішінде қазіргі заман тұрғысынан алғанда анықтап алар бірқатар жайттар бар. Бұл ретте есімі елімізге кеңінен танымал кескіндемеші Нұрбұлан Өтепбаев жиналған көпшілік алдында Абайдың бейнесін бірізділікке түсіру туралы өз ойын айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі күні Абай тақырыбына арналған суреттер көптеп салынуда. Әйткенмен көпшілігі бірінен-бірі мүлде алшақ. Кейбірінде тіпті қазақылыққа, ойшыл-ғұламаға тән белгілер мүлде жоқ деуге болады. Осыны алға тартқан кескіндемеші Абайдың сөзін танумен қатар, ақынның суретін де бір қалыпқа түсіру керектігін, әрбір білім ордасының алдына Абай, Шәкәрім, Мұхтардың портреттерін қойып, олардың өсиеттерін кейінгі буынға насихаттаудың маңыздылығын да атап айтты.

Шәкәрім университеті халықаралық байланыстар факультеті деканының орынбасары, ғалым Арай Жүндібаева хакім Абайдың қара сөздерін орыс және ағылшын тілдеріне аударудың өзекті мәселелеріне қатысты баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қазақтың бас ақынының бірқатар туындылары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Әйтсе де кейбірінің әлі де толықтыруды, қайта қарауды қажет ететін тұстары да бар.

Жиын барысында сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкіл имамы, елімізге белгілі теолог Асқар Әбітайұлы дін мен дәстүрді ұштастыруда Абай мен Шәкәрімге көбірек арқа сүйеу қажеттігін атап өтті. Абай шығармашылығының елеулі бөлігін діни таным-түсінік қамтитындықтан, дана хакімді барлық ғасыр мен барлық ұрпаққа ортақ теолог, дінтанушы деп атауға негіз бар. Осы орайда жастардың жат ағымның жетегінде кетпеулері үшін Абайдың діни тағылымын, сенім мен ғибадатқа қатысты ой-толғамдарын басшылыққа алудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте еліміздің мүфтияты тарапынан бірқатар іргелі шаралар қолға алыныпты. Соның аясында Абай туған өлке Семей жерінде де елеулі жұмыстар атқарылмақ.

Осы орайда бас имамға өтініш айтқан жергілікті зиялы қауым өкілдері шаһар орталығынан қаланың бас мешіті ретінде салынып жатқан жаңа нысанға Абайдың есімін беру орынды екенін, әйтсе де қаламызда ұлы ақынның есімімен аталатын нысандардың көп болуы себепті оған дана тұлғаның азан шақырып қойған аты — Ибраһим хакім атауын беруді ұсынды.

Ал жиынның соңында қорытынды сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлы айтылған ой-ұсыныстардың барлығы алдағы уақытта ескерілетінін жеткізіп, шараға қатысушы зиялы қауым өкілдерін Абай мұрасын, хакімнің рухани құндылықтар жүйесін үзбей насихаттауға шақырды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

30.10.2026
Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Абай облысында құрылыс сапасын бақылау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде жалпы құны 389,2...

Толығырақ...Details

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

30.10.2026
Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылау және су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте...

Толығырақ...Details

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.2026
Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

4 часа бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

4 часа бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

7 часов бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

7 часов бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

7 часов бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

7 часов бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

1 день бұрын

Абай облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды

1 день бұрын

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 дня бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС