"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕНГЕ САУЛЫК, ДЕРТКЕ ШИПА СЫЙЛАFАН

04.02.2020
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде өңір тұрғындарына медицина саласы бойынша сапалы қызмет көрсетіп отырған алдыңғы қатарлы бірегей емдеу мекемелері көп. Солардың арасында Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасын айрықша атауға болады. Соңғы жылдарда бұл емдеу мекемесі жаһандық озық технологиялармен жабдықтау бойынша да, емшара жүргізуде де өз қызметіне көптеген жаңашылдықтар енгізуде. Бұл орайда аймақ басшысы Даниал Ахметов үлкен қолдау көрсетіп отыр. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған шаралар өткен жылы да сәтімен жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде аталмыш мекеме адами капиталды дамыту бойынша қызмет сапасын арттырып отыр. Аурухананың емдеу, сауықтыру, күрделі ота жасау ісінде қол жеткізген жетістіктеріне үңілсек, бұған айқын көз жеткіземіз.

Жақында қазіргі таңда білікті басшы Ерлан Төлеуғазыұлы жетекшілік ететін, тек қаладағы ғана емес, бүкіл аймағымыздағы дертіне шипа іздеген тұрғындарға қызмет көрсететін емдеу мекемесінде болып, дәрігерлер қауымының жұмысына қаныққан едік.

Аймақ басшысының назарында тұр

Бүгінгі таңда облыс басшылығы әсіресе Семей қаласындағы медцина саласының дамуына ерекше назар аударып отыр. Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас ғимараты мемлекеттік «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған болатын. Аурухана жыл сайын базалық тұрғыда жаңартылып, жоғары технологиялық заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Өңірде медициналық кластер қалыптастыруда аталмыш емдеу мекемесінің жұмысына осылайша баса мән берілуде. Оған дәлел ретінде ауруханада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың болғанын, облыс әкімі, денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мен мәжіліс депутаттарының жиі келетінін айтсақ та жеткілікті.

Қазіргі күндері Жедел медициналық жәрдем ауруханасы өңір тұрғындарының денсаулығын сақтап, нығайту жолында заманауи технологияларға арқа сүйеуде. Жұмыс барысында сапаға жете мән беріп, инновацияның игіліктерін пайдалану қажет.

Көп профильді медициналық мекеменің дәрігерлері басымдық берілген бағыттар бойынша жемісті қызмет атқарып келеді.

Аурухана басшысы Ерлан Бүркітовтің айтуынша, 2018 жылы облыс бойынша тұңғыш рет политравмалық орталық ашылған. Орталыққа жалпы құны 300 млн теңгеден асатын заманауи құрал-жабдықтар, атап айтсақ эндовидеоскоп, артероскоп сынды құрылғылардың толық пакеті алынған. Мұндай жабдықтар республика көлемінде жоқ. Соның нәтижесінде мекемеде отаның ерекше түрлері жүзеге асырылуда.

Ерлан Төлеуғазыұлы хирургтердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылатынын айтады. Мәселен, өткен жылы 10-нан аса шеберлік сыныптары өткізіліпті. Мұндай әдістемелік шаралардың берері мол. Осыған дейін жасалған оталардың барлығы да сәтті жүзеге асқан. Мұның сыртында онлайн байланыс арқылы әлемдік деңгейдегі білікті хирург дәрігерлерден де кеңес алынады, еліміздің танымал хирургтері де арнайы келіп шеберлік сағаттарын өткізіп тұрады. Міне, осындай шаралардың нәтижесінде жоғары білікті дәрігерлер легі қалыптасқан.

Аурухана басшылығы өткен жылы әлемдік стандарттарға сай жаңа қабылдау бөлімін ашқандарын жеткізді. Мұнда жұмыс жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесе жүргізіледі. Мәселен, сырқат адам аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген бетте оған көмек көрсету үшін арнайы жасақталған команда әзір тұрады. Атап айтсақ, хирургтер, терапевттер алғашқы сағатта-ақ жәрдем көрсете алады. Дәл осы бөлімде сырқаттар сұрыпталып, ауыр, орта және асығыстықты қажет етпейтін ауруларға бөлінеді. Бұл жайтты қабылдау бөліміндегі қызыл, сары және жасыл ленталарға қарап бірден аңғаруға болады. Ал аса ауыр жағдайда жеткізілген сырқат бірден отаға әзірленеді. Қазіргі күнгі тәжірибе көрсеткендей, әлемдік стандарттарға негізделген мұндай жаңашылдықтар өте  тиімді болып отыр. Айта кетерлігі, заманауи қабылдау бөлімінің қалыптасуына Семей медицина университетінің де қосқан үлесі бар.

— Білім, ғылым мен тәжірибе ұштасқан жағдайда толыққанды жұмыс жүргізуге мүмкіндік туады. Қазіргі күні осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізудеміз,- дейді аурухананың бас дәрігері Ерлан Төлеуғазұлы.

Дәрігерлер біліктілігі жоғары

Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы жайлы сөз болғанда бүкіл республика бойынша ерекше хирургиялық операция жасауға арналған жоғары деңгейдегі технологиялық кешен тек осында ғана екенін де айта кеткен жөн. Еліміздегі бұл жалғыз айрықша орын әлем бойынша да санаулы болып табылады. Осы орайда аурухананың бас дәрігерінен аталмыш кешеннің жұмысы туралы сұрадық.

— Бұл ота залы жабдықтарының бірегейлігі сол – бір науқасқа интервенциялық араласу мен ашық әдістерді, мысалы, жүрек пен бас миын қоса алғанда, отаның бірнеше түрі жасалады. Өңіріміз тоғыз жолдың торабы болғандықтан да жол апаттары жиі орын алатыны жасырын емес. Міне, осындайда ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа хирургтер бір сәтте бірнеше операцияны еркін түрде жасай алады. Әсіресе дене сүйектері мен бас сүйекке жиі залал келетінін айтсақ, бұл кешеннің маңыздылығы аса зор,- дейді өз сөзінде бас дәрігер Ерлан Бүркітов.

JCI халықаралық “Алтын” стандарт-тарының талаптарына сай жобаланған бұл жаңа медициналық нысан еліміздің жетекші нейрохирургі, Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовтың қатысуымен өткен жылдың жазында ашылған болатын. Медицина саласының мэтрі Серік Ақшолақов өзінің әріптесі, тамыр нейрохирургиясы орталығының меңгерушісі Ербол Махамбетовпен және эндоваскулярлық хирургия және гибридті операциялық ЖМЖА бөлімшесінің меңгерушісі Айбол Маралбаевпен бірге науқастың бас миының ісігін қоректендіретін тамырларды эмболизациялау бойынша төрт сағат ішінде күрделі ота жасап, ісікті ашық әдіспен алып тастап, аурухана дәрігерлеріне шеберлік сағатын да өткізген болатын. Серік Ақшолақов  аурухана дәрігерлерінің біліктілігін жоғары бағалаған еді.

— Баса атап өтер жайт, гибридті ота залы халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және күрделі науқастардың өзге елге жіберілмей, өзімізде емделуіне мүмкіндік береді. Әрине, бұл — облыстың медицина саласын әлемдік деңгейге көтеруде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен жүргізіліп отырған жұмыстың нәтижесі, мақтануға тұрарлық жайт, – дейді бұл ретте аурухананы бас дәрігері Ерлан Төлеуғазыұлы.

Ал енді жаңа жобаға келетін болсақ, гибридті ота бөлмесі хирургияның көптеген салалары үшін қажетті барлық дүниелерді қамтиды. Оның классикалық ота залынан негізгі айырмашылығы – ашық және аз инвазивті лапароскопиялық араласуларды жүргізуге арналған жабдықтар мен технологиялардың бірыңғай көпфункционалды блогында медициналық визуализация жүйелерімен, яғни магнитті-резонанстық томографтармен, компьютерлік томографтармен, хирургиялық рентгендік немесе С-доғалармен, УДЗ-жүйелерімен, сондай-ақ авигация жүйелерімен үйлестірілуі.

Осы орайда бірегей кешенді ашудағы негізгі мақсат Семей қаласындағы және Семей өңіріне қарасты тұрғындарды жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету екенін айта кету ләзім.

Бүгінгі таңда аталмыш ауруханада гибридті ота жасау үшін арнайы мамандар тобы ұйымдастырылған. Ота жасауға байланысты дәрігерлердің құрамы 20-ға дейін жетуі мүмкін. Гибридті ота бөлімінде жылына 3 мыңға жуық операция жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін білікті мамандарды дайындау жұмысы атқарылды. 2017 жылдан бастап Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы дәрігерлерді шетелге үш деңгейлі оқыту бағдарламасы бойынша білімдерін көтеруге жіберуде. Оған облыс әкімдігі тарапынан 2017 жылдан бастап 3,2 млрд теңге қаражат бөлінген. Осы жоба аясында 19 маман Англияда үш ай бойы мультидисциплинарлық топ принципі бойынша оқытылыпты. Бұған рентген хирург, анестезиолог, травматолог, невролог, кардиолог, сәулелік диагностика сынды сұранысы аса жоғары қызметтің мамандары кірген екен.

Сондай-ақ республикалық орталықтарда аурухананың нейрохирург мамандары, интервенциялық кардиологтер, рентген-зертханашылар қайта даярлаудан өтті. Жалпы алғанда, 43 маман оқытудан өтіп, гибридті ота жүйесінде жұмыс істеу үшін арнайы дайындалған. Бұл медицина саласын дамыту ісінде аталған аурухана тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылғанын айғақтайды.

— Осы жұмыстарды жүзеге асыруда үлкен қолдау көрсеткен облыс әкімі Даниал Кенжетайұлына айтар алғысымыз зор, — дейді аурухана мамандары.

Ал бас дәрігердің сөзіне сүйенер болсақ, Жедел медициналық жәрдем ауруханасы мамандарының біліктіліктерін шыңдау алдағы уақыттарда да жалғаса беретін болады.

Дерек пен дәйек

Қазіргі уақытта шаһарымыздағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы Семей өңірінің және оған жақын орналасқан аудандардың халқына – жалпы саны жеті жүз мыңға жуық адамға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

ЖМЖА-да Семей қаласындағы жалғыз травматологиялық пункт орналасқан, мұнда жарақаттанғандарға шұғыл көмек тәулік бойы жасалады. Травмпунктте тәулігіне орташа есеппен 70-90 адамға жедел жәрдем көрсетіледі.

Стационардың қабылдау-диагностикалық бөлімшесі арқылы жылына 24 000 – 27 000 науқас өтеді, оның ішінде 12 000 – 14 000 науқас ауруханаға жатқызылады, жылына 7800-8000 хирургиялық және травматологиялық ота жасалады.

Аурухана аумағының көлемі 6 гектар, көгалдандырылып, абаттандырылған.

ЖМЖА кешенінің жалпы құны 10 371 974 742 теңгені құрайды. Аурухананың жабдықталуына 4 486 802 750 теңге, оның ішінде медициналық құралдарды алуға 2 724 966 270 теңге бөлінген.

Ауруханада жаңа құралдармен жабдықталған физиотерапия бөлімшесі мен екі емдік дене шынықтыру залы жұмыс істейді, бұл жерде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде инсульттан, жарақаттан, өкпе аурулары мен жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан кейінгі бастапқы қалпына келтіру кезеңінде белсенді оңалту жүргізіледі.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасында көрсетілетін стационарлық көмектің көлемі жалпы Семей қаласының емдеу мекемелерінде көрсетілетін стационарлық көмектің 40%-ын құрайды.

Аталған аурухана бөлімшелерінің негізінде диабет мектебі, инсульт мектебі, артериалдық гипертония мектебі, демікпе орталығы құрылып, табысты жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда бұл жерде емделушілерді заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес өз ауруларын басқара білуге үйретеді.

Емделушілерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді, ол көрсетілген медициналық көмектің сапасына сараптама жүргізеді.

Жақын болашақтағы аурухана дамуының инновациялық бағыттары – қанайналым жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға диагностика мен емдеу сапасын жақсарту үшін интервенциялық тәсілдер енгізумен ангиографты құрастыру; артроскопия, тізе буынын эндопротездеу және т.б. енгізулермен политравма және ортохирургия бөлімдерін ұйымдастыру; Қазақстан және шетелдердің алдыңғы қатарлы медициналық орталықтарында тағылымдамалардан өту жолдарымен медицина мамандарының даярлық сапасын көтеру; ЖМЖА дамуының басым бағыты ретінде аурухана қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту және емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өңір халқының өмірін сақтап, денсаулығын нығайту.

Отаның ерекше түрлері жасалады

Жедел медциналық жәрдем ауруханасында енгізіліп жатқан жаңалықтардың қатарында өткен жылы ашылған Семей өңірінің тұрғындарына кең көлемді урологиялық қызмет көрсететін урология бөлімшесін баса атап өткен жөн. Қазіргі таңда аталмыш бағыт бойынша емдеу-сауықтыру ғана емес, операциялық шаралар да жүргізіледі.

Міне, сол емшаралар аясында бөлімшеде несеп бөлу жүйесі ағзаларына жүргізілетін оталардың барлық түрлері жасалады.

— Ауруханамызда урологиялық қызметтің толыққанды көрсетілуі үшін барлық жағдайлардың, атап айтқанда заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгерген жоғары білікті мамандардың бар екені ескеріле отырып, бөлімшеде сонымен бірге лапороскопиялық оталар да жүргізіле бастады, — дейді бұл ретте бас дәрігер.

Ерлан Төлеуғазыұлының негізгі айналысқан саласы урология болғандықтан да бұл бағыт бойынша жұмыс барысын айрықша назарында ұстайды.

Урология – несеп жүйесі ағзаларының ауруларын зерттейтін ғылым. Көптеген адамдарда уролог ерлер дәрігері деген қате түсінік қалыптасқан. Уролог маман, ерлердің де, әйелдердің де, несеп жүйесі ағзаларының ауруларын, атап айтқанда бүйректі, несеп-тас ауруларын, ісіктер, нефроптоз, зәр шығару жүйелерін, қуықты, несеп өткізу каналын, сонымен қатар ер адамдардың жыныс ағзалары – қуықалды безі ауруларын және сыртқы жыныс ағзаларын емдейтін дәрігер.

Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, көп жағдайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген әйелдер цистит немесе зәр тоқтамау белгілері пайда болғанда ғана гинекологтің қабылдауына барады екен, олар уролог тек ер адамдарды ғана емдейді деп ойлайды. Урология, ең бірінші, емдеудің оталық тәсілдерін қолданатын хирургияның бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн.

Мәселен, өткен жылы ЖМЖА-да «сол жақ бүйректің төменгі бөлігінің жылауығы» деген диагноз қойылған науқасқа алғаш рет лапороскопиялық кистэктомия отасы жүргізіліпті. Отаны тәжірибелі хирургтер — директордың хирургиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.М.Төлеуов пен урология бөлімшесінің меңгерушісі М.Ш.Кажитаев жасапты. Мұндай операцияның ерекшелігі — емделушінің іш қуысын тіліп жасамағандықтан, денсаулығы тез қалпына келеді екен.

Мұндай ота түрінің жасалуы тек Семей қаласы бойынша ғана емес, күллі облысымыз бойынша медицина саласының бір қадам алға басқанын көрсетеді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

12.08.2026
Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

Колоректальды обыр – қазіргі онкологиядағы өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын Қазақстанда бұл ауру бойынша 4 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі....

Толығырақ...Details

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

11.08.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Еңбек өтілін растайтын анықтаманы қалай алуға болады? Еңбек өтілін растайтын архивтік анықтаманы келесі жолдармен алуға болады: 1. Еңбек өтілін растау:...

Толығырақ...Details

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

11.08.2026
Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

Абай күні сайлауалды күн тәртібіне мәдени мұра мен қоғамдық бірегейлікті қалыптастыратын құндылықтарға қатысты жаңа мазмұн қосты. Сонымен қатар партиялар тұрғындармен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

22 часа бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

22 часа бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

2 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

2 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

3 дня бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

3 дня бұрын

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

3 дня бұрын

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

3 дня бұрын

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС