"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕРЕШЕК ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИІС

25.02.2020
БЕРЕШЕК ҚАЙТАРЫЛУҒА ТИІС
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша жылу беру ісінде күрделі мәселе жоқтың қасы. Бұрынғы жылдардағыдай, тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар да жоқ деуге болады. Осыдан он шақты жыл бұрын республикалық деңгейге дейін көтерілген проблема қазіргі таңда толықтай шешімін тапты деуге негіз бар. Әйтсе де, жергілікті жылу берушілердің айтуынша, өзекті мәселе шешілгенімен, қалалықтардың берешегін қайтару күрделі күйінде қалып тұр. Атап айтсақ, ағымдағы жылу беру маусымы бойынша, қала тұрғындары «Теплокоммунэнерго» МКК мекемесіне қыс бойы тұтынылған жылу мен ыстық су үшін 400 миллион теңгедей қарыз болып қалған.

Бұл жайында өткен аптаның жұмасы күні қалалық ақпарат орталығында болып өткен баспасөз мәслихаты барысында аталмыш мекеме өкілдері мәлім етті. Жылу берушілердің сөзіне сүйенсек, жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі 396 миллион теңгені құраса, коммерциялық ұйымдар мен заңды тұлғалар 204 миллион теңгеден астам қарызға батқан.


— Біз халықты шотты алғаннан кейін ұзақ уақыт бойы созбалаңға салмай, әр ай сайын, мерзімінде төлем жасап отыруға шақырамыз. Қаламыздағы тұрғындардың төлем қабілеті жоғары деп саналады. Негізінен, бұл — зейнеткерлер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері. Екі ай немесе одан да көп уақыт көлемінде тиісті төлем жасалмаса, борышкерлерге қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылатын болады,- дейді бұл ретте «Теплокоммунэнерго» МКК сату бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнұр Төлеубаева.

Оның айтуынша, 2019 жылдың ақпан айынан бастап ақша өндіру процедурасы айтарлықтай көлемде жеңілдетілген. Біріншіден, борышкер абонент алдын ала арнайы хабарлама алады. Одан соң екі аптаның ішінде орындау туралы акт жеке сот орындаушысына жіберіледі. Ал ең соңғы кезекте, егер берешек сомасы өтелмесе, борышкердің қарызына байланысты банк шоттары мен мүлкі бұғатталады. Сонымен қатар оған Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға заңды түрде тыйым салынады. Яғни елеулі түрде шектеулер қолданылады.

Ал заңды тұлғаларға бірдей санкциялар қолданылатын болады.

— Біздің тәжірибемізде бар жағдай. Кейде белгілі бір себептерге байланысты  абонент төлемді уақтылы жасай алмай қалатын жағдайлар да болып жатады. Осындай кезде «Теплокоммунэнерго» мекемесіне кепілдеме хат дайындап, кешіктіруге не себеп болғанын және қарызды қашан төлейтінін жазу қажет. Бұл да айтарлықтай жеңілдік екендігі сөзсіз, — деді өз сөзіндеАйнұр Төлеубаева.

Аталмыш баспасөз мәслихаты барысында қалалық жылу беру мекемесінің өкілдері бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым түспегенін, ағымдағы жылу беру маусымы кедергісіз, ойдағыдай өтіп жатқанын да жеткізе кетті.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

18 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

19 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

19 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

19 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

19 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС