Бүгінгі Қайым Мұхамедханов көшесі
Бұл көшеде байырғы Семей шаһарындағы ең биік бақылау нүктесі саналған өрт мұнарасы орын тепкен. Аталмыш ғимарат ХІХ ғасырдың соңында бұрынғы татар слободкасы аталған ауданда шыққан алапат өрттен кейін тұрғызылған.
Алғашында екі мұнарасы қатар бой көтерген ғимарат 1927 жылы ресми түрде ашылған өрт сөндіру депосының қосалқы бөлімі ретінде күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылған.
Тарихи маңыздылығы жоғары аталмыш ғимарат тек телефон байланысы қала бойынша толықтай күшіне енген 1950 жылдары ғана жұмысын тоқтатты.
Бұл көше бұрынғы Семей шаһарындағы орталық көше болған. 1878 – 1932 жылдар аралығында Колыванская деп аталған. Ал 1932 жылдан бастап В.Молотов аталса, 1957 жылы А.Ждановтың есімі берілді. 1989 жылы Интернационал деп аталып, 2017 жылы абайтанушы ғылым Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді.{jcomments off}