"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Өскемен мен Семейдің 12 419 тұрғыны көмек алды

17.04.2020
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында мемлекетіміздің түрлі кезеңдегі қиындықтардан қалай шыққаны туралы кеңінен баяндады. Иә, дүниені дүрбелеңге салған пандемия бүкіл әлемде жаңа экономикалық дағдарыс туғызып отыр. Қауіпті індетпен күресуге қауқары жетпеген кейбір елдің шеккен зардабын көргенде, кез келген адамды қорқыныш билейтіні анық. Әрине, үрей мен қорқыныш індетке жол ашып береді. Сондықтан негізсіз алаңдауға болмайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл індетті жеңіп, еліміз қалыпты тірлікке оралу үшін біз бірлесе күресіп, әрқайсымыз жауапкершілікті сезінуіміз қажет», — дейді «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру аясында Өскемен мен Семейдің қолдауға мұқтаж тұрғындары республикалық «Біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден ақшалай көмек алды. Төлемдердің жалпы сомасы 620 миллионнан астам теңгені құрады.

«Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунковтың айтуынша, көмек шектеу шаралары енгізілген қалалардың тұрғындарына — әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға жататын кірісі ең төмен азаматтарға көрсетіледі. Олардың ішінде аз қамтылған және көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар қолдауды қажет ететін мүгедектер мен ең төменгі зейнетақы алатын, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының тізіміне енгізілген зейнеткерлер бар. Жетім балалар мен соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері, мүгедектер де қолдауға ие болады.

Мәселен, Өскеменде 5 005 адам, Семейде 7414 адам 50 теңге көлемінде қаржылай көмек алды. Аталған қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы жеке тұлғаның карточкасына немесе ағымдағы шотына аударылды. Бұл ретте банк комиссиясы алынбайды және түскен қаражат несиесі бар азаматтардан несие берешегін өтеу үшін ұсталмайды.

Өскемен қаласының тұрғыны Маржан Бадыганова: «Сіздің шотыңызға 50 мың теңге ақша түсті. #BizBirgemiz  #МыВместе # Елбасы # Nur Otan» деген мәтіндегі SMS-хабарлама алғанда таң қалғанын айтады.

— Менің төрт балам бар, қазір декреттік демалыста жүрмін. Қалада шектеу шаралары енгізілгендіктен, жұбайым уақытша жұмыссыз қалды. Сондықтан біз үшін бұл ақша айтарлықтай қолдау болып отыр. Осындай қиын сәтте біз сияқты жандарды естен шығармай, қолдау көрсетіп жатқан Елбасымыз бен «Nur Otan» партиясына алғысымды білдіргім келеді, — деп ризашылығын жеткізді көп балалы ана.

«Біргеміз» қоры аударған қаражат қиын жағдайға тап болған Самсоновка ауылының тұрғыны Наталья Бахватдиноваға дер кезінде көрсетілген қолдау болып отыр . Біраз уақыт бұрын отағасынан айырылған оның кәмелетке толмаған төрт баласы бар. Қалада енгізілген шектеулерге байланысты Наталья Бахватдинова да жұмыссыз қалған.

— Мен «Nur Otan» партиясына және Елбасының осы қиын-қыстау уақытта отандастарын қолдауға шақырған үндеуіне іспен жауап берген барлық жаны жомарт жандарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бізге көмек қолын созғандарыңыз үшін рақмет», — деді Наталья Бахватдинова.

Семей қаласы ақпараттық орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

3 часа бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

3 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

3 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

3 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

3 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

3 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

3 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

3 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

4 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС