"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТАНАСЫ — НҰР-СҰЛТАН: КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ.

02.07.2020
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі күні  әлем таныған әсем қалалардың қатарындағы Қазақстанның Бас қаласы  Нұр — Сұлтанның Тәуелсіздік тарихындағы орны ерекше. Тіпті Тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерінің бірі ретінде де, өткен жылдардағы «жеті кереметтің» біріншісі ретінде де жұрт осы алаштың айбынды астанасын, Бас қаласын ауызға алады. Бүгінгі таңда  әлем Нұр — Сұлтан қаласының Еуразия кіндігіндегі ең белсенді, жаһандық  деңгейдегі шешімдер қабылданатын орталыққа айналғанын да мойындап отыр. Ал бұл деңгейге қазақтың Бас қаласы қалай жетті? Осыған үңіле түсу үшін Қазақстанның астанасының  тарихына бір сәт шолу жасайық.

1994 жылы  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  астананы көшіру туралы идеясын айтты.

1996 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды.

1996 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес отырысында Елбасы Н. Назарбаевтың түрлі мемлекеттердің астананы ауыстыру жөніндегі тарихи тәжірибесімен, ғылыми негіздемелері мен геосаяси қажеттілікпен тұжырымдалған баяндамасы мен жан-жақты түсініктерінен кейін көпшілік дауыспен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін» деген тарихи шешім қабылданып, жария етілді. Бұл  ел болып атқарылатын үлкен істің, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының  тарихының басталуы  болды.

1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырда қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар қала атауын Астанаға ауыстыру туралы бір ауыздан  шешім қабылдады. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың халықаралық тұсаукесер тойы болып өтті. Бұдан кейінгі кездері де Астананың қала мәртебесіне сәйкес жаңғырту жұмыстары жалғасын тапты.

Елорданың төрінен қазақтың үш ұлы тұлғасы — Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге ескерткіш тұрғызылып, бабалар алдындағы үлкен бір парыз орындалды.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этносаралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Әлемнің 15-тен астам қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок, Рига және басқалары бар.

2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты. 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі осы съезд үшін арнайы салынған жаңа Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратында өтті. Екінші форум жұмысына бұл жолы 29 делегация қатысты.

2007 жылдың маусымында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еуразиялық ғылым клубын құру туралы сөз қозғады. Еуразиялық экономикалық ғылым клубы 2008 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің және экономикалық ғылыми-зерттеу институтының көмегімен құрылды. Содан бері жыл сайын Астанада Астана экономикалық форумы дәстүрлі түрде өтіп келеді. 2008 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 6 шілде — Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енді.

2009 жылы 1-2 шілдеде Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды.

2009 жылы қазан айында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы еліміздің басты алаңында «Қазақ елі» монументі ашылды.

2010 жылғы шілде айында «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы ашылды. Әйгілі сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған орталықтың биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы — 127 мың шаршы метр.

2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйым — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық еткен Қазақстан тарапы Астанада ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастырды.

2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматы қалаларында Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті.

2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сәттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті.

2011 жылы «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы ашылды. Сәулет нысанының биіктігі — 20 метр. Бұл — ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі.

2012 жылғы 30-31 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі өтті. IV съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO — 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болды.

2017 жылдың 9 маусымы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылады. Дәл осы күні елімізде тұңғыш рет халықаралық көрменің тұсауы кесілді. Көрменің ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы келді. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Астанада өткізілуі — тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы  негізгі ірі жобаларының бірі.

2015 жылғы 10-11 маусым күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті. Оған әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация, БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі ІІ Абдалла, Финляндия Республикасының басшысы Саули Ниинисте қатысты.

Осы жылдар ішінде Астанада Тәуелсіздігіміздің символдарын айшықтайтын алып та бірегей нысандар — «Бәйтерек» пен «Қазақ елі» монументтері  бой көтерді.

Халықаралық деңгейдегі алқалы іс-шараларды өткізуге арналған Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы әлемдік маңызды мәселелер қаралатын, шешімдер қабылданатын орталық ретінде таныла бастады.

Ал «Қазақстан» концерт залы, «Астана-Опера» опера және балет театры, «Шабыт» сарайы секілді бірегей өнер сарайлары әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілеріне жататын ғажайып ғимараттар ретінде келушілерді тәнті етуде.

Нұр-Сұлтан Азияның ең солтүстігінде орналасқан. Қала төрт ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр»  ауданынан тұрады.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Назарбаевтың құрметіне НҰР-СҰЛТАН деп өзгертуге бұйрық берді.

Бұл ретте Астананың бас сәулеткері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі екенін де еске сала кеткеніміз жөн.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың   идеясы мен ұсыныстарының арқасында ел астанасы — Батыс пен Шығыс мәдениетін бойына сіңіріп, Еуразия кіндігінде әлемдік өркениеттерді тоғыстырған, көз тартар бірегей келбетке ие болып отырған  болашақтың қаласы.

Әлеуметтік желідегі деректер негізінде баспаға әзірлеген Роза ПҰШПАҚОВА{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 часа бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

11 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

11 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

11 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

11 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС