"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

29.07.2020
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей медицина университеті — ұлт денсаулығын нығайтуда үлесі зор, дəрігер мамандығын даярлауда дара жолы қалыптасқан іргелі оқу орны. Университет түлектері тек өзіміздің аймағымызда ғана емес, республиканың түкпір –түкпіріндегі емдеу мекемелерінде қызмет етіп жүр. Олардың қатарында қарапайым дəрігерлер ғана емес, отандық медицинаның дамуына үлес қосып жүрген профессор, академик деңгейіндегі биікті бағындырған ғалымдар да бар. Оқу орнының госпиталі, оқуклиникалық орталығы, сондайақ Павлодар мен Өскемен қалаларында филиалдары да жұмыс істейді.

Қазақстандағы 8 медициналық университеттің ішінде екеуінің ғана өз госпиталі бар екен. Алғаш рет облыстық клиникалық аурухана болып ашылған университет госпиталі — облысымыздағы 530 орындық ең ірі орталық. 2014 жылдан бастап оқу орнының госпиталінде жүрекке ота жасала бастауы университет ғалымдарының жетістігі екендігі сөзсіз. Еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көрнекті білім ордаларының бірі Семей медицина университетінде бүгінгі таңда 5 мыңға жуық студент білім алуда, 500-ден ұстаз еңбек етеді.

2017 жылы Семей мемлекеттік медицина университетінің басшылығына оқу орнының өз түлегі Ерсін Жүнісов тағайындалды. Ерсін Тұрсынханұлы ректорлық қызметке тағайындалғанға дейін университеттің стратегиялық əріптестік жəне халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры қызметін атқарған болатын. Денсаулық сақтау саласына 80-нен аса инновациялық технологияларды енгізген, медициналық менеджменттегі заманауи үрдістерді меңгеріп, шетелдік жетекші ғалымдардан шеберлік дəрістерін алған, көптеген ірі клиникаларда емдеудің заманауи үлгілерін ұйымдастыру ісінде қабілетімен көзге түскен жаңашыл маманға үлкен сенім жүктелгелі де үш жылға жуық уақыт өтіпті.

Ерсін Жүнісов — ТМД мемлекеттерінде жəне Қазақстанда алғаш рет ауыр, соның ішінде автожол, өндірістік жарақаттар кезінде пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек үшін «damage control» заманауи концепциясын, тұңғыш рет жамбас сүйектері, омыртқа, ұзын түтікше сүйектер сынықтарын, буынішілік сынықтарды, жарақаттарды емдеудің жабық азинвазивті технологияларын енгізген ғалым. Орта Азия жəне Қазақстанда алғаш рет гемофилиямен ауыратын пациенттердің ірі буындарын эндопротездеу бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру, «остеоонкология», яғни тірек-қимыл жүйесінің қатерлі жəне қатерсіз ісіктерін емдеу, елімізде халықаралық əріптестік байланыстар негізінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия жəне ҚХР ірі университеттік клиникаларында дəрігерлердің жəне орта медициналық қызметкерлердің білімін жетілдіру ісін жолға қойған басшы.

Сонымен, Семей медицина университетінің бүгінгі ректоры Ерсін ЖҮНІСОВ оқу орнына қандай жаңалық əкелді?

Ақылмандар кеңесінің төрайымы, университеттің алғашқы түлектерінің бірі — РАЙФА ЛАТЫФОВНА ИВАНОВА, медицина ғылымдарының 30 кандидаты мен 4 докторын дайындаған Семей медицина университетінің Құрметті профессоры, ғылым докторы:

— Семей медицина университеті республика бойынша сапалы маман даярлауда алдыңғы қатарлы оқу орындарының санатында. Мен жəне бірқатар басқа да зейнет жасындағы əріптестерім бүкіл адамзат баласының тағдыры дəрігерлердің біліктілігіне қарап қалған бүгінгідей сындарлы шақта үйде отырып кеңес берудеміз. Өзім ғалым — ревматологпін. Адамның ішкі ағзалары жайлы білімі жеткілікті ревматолог маман ғана емдеу барысында дұрыс нəтижеге қол жеткізе алады. Университеттің алғашқы түлектерінің бірімін. Оқу орнының қалыптасу, даму, өркендеу дəуірінің бəрі менің көз алдымда. Е.Белозеров, Т.Раисов, М.Төлеуов, Т.Рақыпбеков сынды ғалымдардың басшылығымен де жұмыс істедім. Бүгін оқу орнына өз түлегіміз Ерсін Тұрсынханұлы Жүнісов басшылық жасап отыр.

Əр басшының өз жаңалығы болатыны заңдылық. Ерсін Тұрсынханұлы — жаңа заман талабымен жұмыс істейтін басшы, ғалым. Ол кісі университет ректоры болып тағайындалғаннан бері оқу орнына көп жаңалық, өзгеріс əкелді. Мысалы, ревмотология, эндокринология, кардиология, қан тамырлары хирургиясы кафедралары Ерсін Тұрсынханұлының бастамасымен ашылды. Ғылымды дамыту жəне емнің шипалы болуы үшін кафедра болу керектігі — бүгінгі университет басшысының басты ұстанымдарының бірі. Ерсін Тұрсынханұлы білім сапасына қатты назар аударады. Ректорлық қызметке кіріскен алғашқы күннен бастап кафедраларды аралап, жағдайларын өз көзімен көруге көп көңіл бөледі. Жай ғана кіріп шықпайды, жұмыспен егжей-тегжейлі танысып, 1,5 — 2 сағат уақытын бөліп отыратын жақсы дəстүр пайда болды. Ерсін Тұрсынханұлы басшылыққа келгелі басқару ісінде жариялылық үрдісі қалыптасты. Əрине, жұмыстың сапалы болуы қажет кезде жұдырықтай жұмыла білетін командаға байланысты екендігі белгілі. Бұл орайда Марат Аманғазыұлы Жанасбаев сынды кадрдың оқу-əдістемелік жəне тəрбие жұмысы жөніндегі проректор болып тағайындалуы да өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Білімнің сапасына заман талабына сай техникамен жабдықтаудың маңызы зор екендігі белгілі. Бұл орайда барлық кафедра қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кафедраларда мамандыққа қажетті шағын кітапханалар жинақталды. Тіпті университеттегі үстел, орындық, шкафтарды шығын шығарып, басқа фирмаларға жөндетіп, дайындатуға тапсырыс бермейміз, бұл жұмысты да өзімізде ашылған жиһаз жөндеу цехы атқарады. Университеттің тігін цехында коронавирус індеті басталған сəтте барлық қызметкерлерге бетперде тігілді. Университет ғалымдары тарапынан коронавирустан сақтану жолдары жайлы ережелер дереу дайындалып, таратылды.

Ерсін Тұрсынханұлы — қол астындағы қызметкерлердің əлеуметтік жағдайларына немқұрайлы қарамайтын басшы. Коронавирус індетінің таралуына орай оқу орнының ғылыми қызметкерлері, оқытушылар құрамы қашықтықтан білім беру жүйесіне көшкен сəтте техникалық мамандар тарапынан жұмыссыз қалу қаупі болған еді. Бірқатар оқу орындары қаржыны үнемдеу мақсатында қысқарту шараларын да жүргізгенін естіп жатырмыз. Алайда біздің университетте жұмыс орындары қысқарған жоқ. Қызметкерлердің еңбекақылары сақталды. Бұл басшының əр адамның жағдайына түсіністікпен қарайтындығын, жанашырлығын аңғартса керек. Зейнеткерлікке шыққан біздің де еңбекақымыз сақталды. Бүгінгідей қиынқыстау заманда ұжымдағы береке –бірлік аса маңызды.

ДАРИЯ МҰРАТҚЫЗЫ ШАБДАРБАЕВА, медицина ғылымдарының докторы, Семей медицина университеті Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия жəне сот медицина кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты дəрігер, сотмедициналық сарапшысы жəне жоғары санатты паталогоанатом:

— Мен Семей медицина университетінде 1992 жылдан қызмет істеймін. 1996 жылдан бері сот медицина кафедрасының меңгерушісімін, ал 2008 жылдан бері біздің университеттің, біздің кафердраның негізін қалаушылардың бірі, профессор Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия жəне сот медицина кафедрасының меңгерушісімін.

Біздің университеттің тарихы бай. Түлектеріміз Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де абырой биігінен көрініп жүр. 1953 жылдан бері оқу орнын тамамдаған түлектеріміздің арасынан шыққан есімі елге танымал дəрігерлер ғана емес, денсаулық министрі мен вице-министрі, министрліктің департамент директорлары, оқу орнының ректорлары, профессорлар, академиктер аз емес. Оқу орнында академик Т.К.Раисов, м.ғ.д., профессор М.К.Телеуов, академик Т.К.Рахыпбеков жəне 2017 жылдан бері м.ғ.д. Е.Т.Жүнісовтің басшылығымен қызмет істеп жатырмыз. Бұл басшылардың əрқайсысы оқу орнының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.

Ерсін Тұрсынханұлы Жүнісов басшылыққа келгеннен бері ЖОО корпоративтік басқару жүйесіне көшті. Кез келген мəселені шешу кезінде оқу орнының əкімшілігі, кафедра меңгерушілері ғана емес, студенттер де қатысып, өз пікірұсыныстарын айта алады. Мұндай ашықтық сыбайлас жемқорлыққа, қоғамдағы басқа да келеңсіз əрекеттерге тосқауыл қоятыны сөзсіз.

2018 жылдың қаңтар айынан оқытушы-профессорлар мен университет қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді. Республика бойынша медициналық оқу орындарының арасында ең жоғары еңбекақы біздің университетте болған еді. Нұр-Сұлтан қаласындағы əріптестеріміздің еңбекақысы таяуда ғана көтерілгенінен хабардармыз. Кəсіби мерекеміз – Медицина қызметкерлері күнінде, басқа да мемлекеттік мерекелерде сыйақы, қызмет өтіліне қарай жəне IETLS, TOEFL сертификаты барлар мен Web of Sceince базасында мақалалары жарық көрген ғалымдарға қосымша ақы төленеді. Соңғы үш жылда білім сапасын жақсарту мақсатында көптеген жаңа кафедралар ашылды. Медицинадағы ITтехнология кафедрасы — сол жаңа заман талабына орай ашылғандардың бірі. Оқу процесін модернизациялау жұмысы қолға алына бастады. Дəрігер болуға сенімі бар жастармен жұмыс істеу мақсатында «Medical Foundation» даярлық курсы ашылды. Осы курста білім алған мектеп түлектеріне ағылшын, химия, биология пəндері бойынша сертификатқа ие болу мүмкіндігі туды. Студенттеріміз бұрын ағылшын тіліне ден қойса, енді түрік тілін үйрене бастады. Башкент университетімен əріптестік байланыс қолға алынды. Бұрын шетелдік студенттер университетке шетелдік компаниялар арқылы келсе, ал 2017 жылдан бастап СМУ елімізде тұңғыш рет арнайы комиссия құру арқылы Үндістанға барып, шетелдік университеттермен қабылдау сұхбатын жүргізу арқылы бірінші курсқа қабылдау сынағы өткізілді. Білім сапасын бағалайтын Тəуелсіз агенттіктің сараптауы бойынша Қазақстандағы 20 озық оқу орындарының қатарынан біздің университеттің ерекше аталуы көп нəрсені аңғартса керек. «Жалпы медицина» бойынша жаңа білім бағдарламасы дайындалды.

Студенттеріміз Израиль, Германия, Түркия, Жапония, Ресей, тағы да басқа мемлекеттерде тəжірибеден өтіп жүр. Халықаралық ғылыми конференцияларға университет есебінен қатысу мүмкіндігі артты. «Alma Mater» түлектер ассоциациясы құрылды. Web-портал іске қосылып, жаңалықтар, құрылымдық бөлімдер, оқу-əдістемелік материалдар туралы ақпараттан көпшілік хабардар болып отырады.

Жастар саясаты соңғы жылдары қарқынды жұмыс істей бастады. Жастармен жұмыс департаменті құрылды. Қайырымдылық акциялары, еріктілер корпусы, психолог-социолог жұмысы жандана түсті.

Əлем халқын үрейлендіріп отырған коронавирус індетінің алғашқы белгілері байқала бастағаннан-ақ университет жанынан халыққа емдеу-кеңес беру штабы құрылды. Covid -19 індетінен емделу жөнінде методикалық құрал дайындалды.

Университеттің қолдауды қажет ететін қызметкерлер тобына материалдық жəрдем көрсетілді. Ешкім ақысыз демалысқа жіберілмеді, жұмыс орны қысқартылмады. 60-тан асқан жəне 3 жасқа дейінгі баласы бар қызметкерлер, жүкті əйелдер жеңілдетілген жұмыс кестесіне көшірілді. Қызыл зонада жүрген дəрігерлер мен зейнет жасындағы университет қызметкерлеріне кəсіподақ тарапынан азық-түлік себеттері жіберілді.

Ерсін Тұрсынханұлы басшылыққа келгеннен бергі өзгерістердің қатарында сырқаттарды қабылдау бөлімінің заманауи əрі жоғары технологиялық деңгейі қандай болу керектігін үйрету тəсілін айтуға болады.

— Қазақстан алдағы уақытта медициналық қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына сай жұмыс істеуі тиіс, емхана, стационарларда науқастарды триаж-талдау арқылы қабылдау, кез келген патологиямен келген сырқаттарды емдеуге дайын болу — бүгінгінің талабы, – дейді университет ректоры Е.Жүнісов.

Университеттің білім беру саласы əлемге танымал team-based learning – TBL, case-based learning – CBL (problem-based learning PBL) жүйелерімен қамтылған. «Ғылым мен білім саласын жаңғырту» жобасына орай, СМУ мен Сент-Луис университеті арасында əріптестік меморандум жасалған. Жоғарыда айтып кеткендей, мұның қатарында Түркияның Башкент университеті де бар. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Башкент университетінің өкілі Семейге келіп, білім мен ғылым саласын қадағалап отырады. Қазіргі таңда Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль, АҚШ, Германия жəне тағы басқа елдермен халықаралық ынтымақтастық жолға қойылған. Оқу орнының ғалымдары мен университет госпиталі дəрігерлерінің шетелдерде білімдерін, тəжірибелерін жетілдіру, ал студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқу мүмкіндігі бар. Университеттің медицина, биология, биохимия салалары бойынша ғылымизерттеу орталығының деңгейі өте жоғары болғандықтан, денсаулық сақтау саласында ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік зор. 6 бөлімнен тұратын оқу-ғылыми зертхана жұмыс істейді. Оқу орнының өзі шығаратын ғылыми-көпшілік журналы бар. Басылым бетінде еңбектерін жариялауға қазақстандық ғалымдар ғана емес, шетелдіктерден де өтініш көп. Семей медицина университетінің «Ғылым жəне денсаулық сақтау» журналы халықаралық Ulrich’s Periodicals Directory, Global Health, CAB Abstracts базалар жүйесіне кіреді. АҚШ, Жапония, Ресей елдерімен бірге көптеген халықаралық ғылыми жобалар қолға алынған.

Семей медицина университетінде құрамына «Nur Otan» партиясы мен Ақылмандар кеңесінің мүшелері, Студенттік өзін-өзі басқару, ата-аналар қамтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрылған. Университеттегі резидентура, магистратура, докторантураға қабылдау сынақтары тəуелсіз сарапшылардың қатысуымен ашық өтеді. Студенттердің ректорға, деканға хат жазу мүмкіндігі бар. Университет сайты арқылы сұрақтарына да жауап ала алады. Резидентура, магистратура, PhD докторантураға түсу үшін шет тілінен емтихан тапсыру керек. Сосын өз мамандығы бойынша америкалық тəсілмен бейнежазба арқылы емтихан тапсырады. Ал əрі қарай PhD докторантура үшін ағылшын тілінде əңгімелесіп, ғылыми жобаларын таныстыра білуі керек. Əр кезеңнің жұмысын бағалайтын тиісті комиссия бар. Оқуға қабылдау емтихандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелерінің жəне Ақылмандар кеңесінің қатысуымен жүргізіледі. Тестілеу компьютерлік сыныптарда өтеді. Емтихан аяқталған соң нəтижесін бірден монитордан көруге болады. Ақылмандар кеңесі де осы кезде маңызды рөл атқарады.

— Біз студенттердің екінші ата-анасы тəріздіміз. Біздің оқу орнында оқитын студенттер үшін терең білім, мейірім, адалдық пен адамгершілік қасиеттер аса маңызды. Медицина университетінде орташа оқитын студент болмауы керек. Өйткені адам денсаулығы орташа емді көтермейді. Оларға түрлі науқастармен, халықпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан да ең басты қажеттілік — төзім мен білім,- дейді Ерсін Тұрсынханұлының өзі.

Жариялылық пен ашықтық — Ерсін Жүнісовтің кредосы. Университеттің бүгінгі ұжымы да осы үрдісте жұмыс істеуге қалыптасқан. Мұнда студент немесе ұстаз деп бөлінбейді. Əрқайсысы — тұлға. Бүгінгі салмағы ауыр, ертеңі бұлдыр қоғам үшін ең үлкен қажеттілік дені сау ұлт жəне сол ұлттың рухын, еңсесін көтеретін, бойын тіктеуге үлес қоса алатын отаншыл азаматтар екені белгілі. Береке мен бірлігі жарасқан университет ұжымы сол қоғамға қажет.

СӨЗ СОҢЫ: Бүгін дəрігерлерге ерекше салмақ түсіп тұрған уақыт. Семей медицина университетінің ұжымы індет басталған алғашқы күннен денсаулық күзетінде. Тіпті зейнет жасындағы ардагерлері де науқастардың жағдайын сұрап, қашықтықта отырып жас мамандарға бағыт-бағдар, кеңес беруде. Індет жас пен кəрі деп бөлмей, талайын жалмап, елді есеңгіретіп тастады. COVID-19 атты бүкіл əлемді тығырыққа тыққан тажалмен күресте бастарын бəйгеге тіккен талай ақ халатты аяулы жандар бақилық болды. Бекжан Бұланов, Нұргүл Баркибаева, Фарида Тусунбаева, Мұхамедхан Мұсабеков коронавирус инфекциясымен күресте майданның алдыңғы шебінде жүрді. Ақ халаттағы ақ пейілді жандардың əрқайсысы өз өміріне төнген қатерден қорықпай, өздерінің бар қажыр-қайратын адамды ажалдан аман алып қалуға жұмсады. Сол жолда құрбан болды.

Семей медициналық университеті ауруханасының жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, ангиохирург, жоғары санатты кардиохирург, Орталық Азия мен Қазақстанның жүрек-қан тамырлары хирургтері ассоциациясының, Ресейлік тамырлы хирургтер қоғамының, Қазақстанның кардиоторакальдық хирургтер қоғамының жəне Еуропалық кардиохирургтер қауымдастығының мүшесі болған Бұланов Бекжан Серікбосынұлы тірі болғанда Қазақстан ғылымына əлі талай сүбелі үлес қосар еді.

Семей медициналық университеті, университеттік ауруханасының гастроэнтерология бөлімінің жоғары санатты дəрігері Баркибаева Нұргүл Рамазанқызы да адам өміріне араша болу жолында құрбан болды. Нұргүл Баркибаева — 150-ден астам ғылыми мақалалардың, бес рационализаторлық ұсыныстардың, инновациялық патенттердің, үш əдістемелік еңбектің авторы.

Семей қаласының №4 емханасының эндокринологі, университет түлегі Фарида Қайсенқызы жоғары білікті маман, жауапкершілігі мол, еңбекқор жəне əрдайым клиниканың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан кəсіби дəрігер болатын. 2015 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де өз жұмысын жалғастырып келді. Коронавирустық пандемия кезінде, өзінің артериялық гипертензия сырқатына қарамастан, ол қант диабеті, эндокринді патологиясы бар жəне инсулинге тəуелді науқастарды қабылдап, көмек көрсетті. Өкінішке орай, келместің кемесіне мінген жолаушылармен Фарида Қайсенқызы да бірге кетті.

Дауасыз дерттің құрбандарының қатарындағы Көкпекті аудандық ауруханасының офтальмологі Мұхамедхан Алтынқанұлы Мұсабеков Семей медицина университетінің түлектерінің бірі болатын. Бүгін Қазақстандағы іргелі оқу орны — Семей медицина университеті жайлы мақаламызды көңілсіз аяқтап отырғанымыз үшін айып етпессіздер, ардақты оқырман. Адам өміріне араша түсу жолында құрбан болған бүгінгі күннің ерлері — тақырыбымызға негіз болған оқу орнының түлектері, ұстаздары. Ерліктің алдында бас иеміз.

Риза АСАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

20.03.2023
Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

Абай облысында конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды Бүгін Alikhan Bokeikhan University конференц залында діни бірлестіктер басшылары клубының тоқсан сайынғы отырысы өтіп,...

Толығырақ...

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

19.03.2023
Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, Сайлау туралы заңнаманың сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Сайлау процесіне қатысушылар мен заңнама талаптарының...

Толығырақ...

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

19.03.2023
«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

«Біз көрген адамдар бақытты, өйткені олар тарихи өзгерістердің бір бөлігі болып табылады». Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі...

Толығырақ...

Сильвия Болтук: Қазақстан халқында ел басқаруға қатысу мүмкіндігі артады

19.03.2023
Сильвия Болтук: Қазақстан халқында ел басқаруға қатысу мүмкіндігі артады

«Сайлау-2023» онлайн-телемарафоны аясында ОКҚ алаңында Италияның «Notizie Geopolitiche» ақпараттық агенттігінің тілшісі Сильвия Болтук осындай пікірін білдірді. «Қазақстанға келгелі жақсы өзгерістердің...

Толығырақ...

Абай облысында дауыс беру аякталады

19.03.2023
Абай облысында дауыс беру аякталады

Санаулы минуттардан соң өңір аумағындағы 478 учаскенін барлығы жабылады. Яғни, Абай облысында дауыс беру аякталады. Тарихи іс-шара аякталар шақта №12...

Толығырақ...

Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді

19.03.2023
Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді

Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді. Қазыналы қария 1924 жылы...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Абай облысы діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

3 дня бұрын

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес, «Сайлау туралы» заңның сақталуын қадағалау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда

3 дня бұрын

«Біз әдемі сайлау учаскелерін көрдік» — Португалия Парламентінің депутаты

3 дня бұрын

Сильвия Болтук: Қазақстан халқында ел басқаруға қатысу мүмкіндігі артады

3 дня бұрын

Абай облысында дауыс беру аякталады

3 дня бұрын

Бүгінгі саяси науқан сайлаудан тыл ардагері Күлпаш Жақыпқызы да тыс қалмай балаларының көмегімен өз дауысын берді

4 дня бұрын

Дауыс беру аяқталғанға дейін 4 сағат қалды  

4 дня бұрын

Қарапайым тұрғындардан бастап, елімізге белгілі тұлғалар әулеттерімен келіп өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасауда

4 дня бұрын

Тыл ардагері Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен Мәслихаттарын сайлауда дауыс берді  

4 дня бұрын

2022 жылғы сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ольга Хижнякова сайлауда дауыс берді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС