"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘРІБАЙ АҚЫНҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

15.12.2020
43
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта, мәдениет үйінің алдындағы алаңға артына мол мұра, рухани қазына қалдырған, ұлттың жоғын жоқтаған, жұрт мүддесін ойлаған, ел тағдырын жырына арқау еткен біртуар  ақын Кәрібай Таңатарұлының ескерткіші орнатылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев, журналист  Мейрам Оралов құттықтау сөз сөйледі.

Баласы Таңатардың мен — Кәрібай.

Болыппын малға кедей, өлеңге бай.

Сөзімді біреу мақтар, біреу сөгер,

Жұртқа тегіс ұнауы екіталай.

Артына сөз қалдырған өлмейді деп

Айтқанын ұғыңыздар ақын Абай,-

деп жырлаған Кәрібай ақынның рухы тәуелсіздіктің арқасында туған халқымен қайта қауышты.

Кәрібай Таңатарұлының есімі ертеректе Әсет Найманбайұлымен айтысы арқылы ғана қалың көпшілікке белгілі болса, тәуелсіздіктен кейін әр жерден жинақталған шығармалары насихатталып, әдеби ортада  таныла бастады. Жылдар бойы санасында ғана сақтап келген Тарбағатай жұртшылығы ақынмен рухани қауышып, асылын тапқандай, өшкен отын жаққандай қуанды. Республикалық, облыстық, аудандық газеттерге дүркін-дүркін Кәрібай Таңатарұлы туралы мақалалар жарияланды. Өлкетанушы, шежіреші, ақтаңгер ақын Қалихан Алтынбаев, шежіреші, ардагер  Мәулітхан Сыдықов,  ағайыны Тортай Жағыпаров, ақын Серік Жұматовтар ақын өлеңдерін ұрпақ жадында жаңғыртып, насихатталуына үлес қосты. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіруші ретінде дайындаған «Әсетпен айтысқан Кәрібай ақын шығармашылығы» тақырыбындағы дипломдық жұмыс ұстазым, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің жетекшілігімен жазылған болатын.

«Тарбағатай ауданының Қарғыба ауылында дүниеге келіп, алаштың ортақ перзентіне, хас тұлпарына айналған Кәрібай Таңатарұлының еңбектері ғылыми айналымға енгізуді, жаңаша пайымдауды қажет етеді. Ақынның туған жылы туралы пікір сан алуан. 2002 жылы жарық көрген Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 4-томында 1861 жыл деп берілсе, енді бір деректерде 1873, 1866 деп қате көрсетіліп жүр. Ақынның туған жылы 1872 жыл екендігі  өз өлеңінде тайға таңба басқандай жазылып тұр. Олай болса, 2022 жылы  сан қырлы талант  иесі Кәрібай Таңатарұлының туғанына 150 жыл толады. Ақын  есімін ұлықтап, ұрпағының есінде сақтау үшін туған жері Қарғыба  ауылындағы  Ю.Гагарин атындағы мектепке Кәрібай Таңатарұлының есімі берілсе,

…Жыр ағып, көкірегімнен өлең гулеп,

Суындай тасып аққан Қарғыбаның.

Ендігі бар арманым осы болды,

Артыма қандай еңбек қалдырамын…-

деп толғанған, еркіндікті аңсаған ақын арманының орындалғаны сол болар еді»,- дейді ҚР мәдениет қайраткері ақын Серік Әкірамұлы Қалиев.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

2 часа бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

3 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

3 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

3 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

3 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

3 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

3 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

3 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

3 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС