"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІТІМДІ БИЛЕР АЙТПАҚ

24.12.2020
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде Билер кеңесі жұмысын бастады. Жаңа ұйым дау-дамайларды көне дәстүр негізінде сотқа жеткізбей шешуге ықпал жасамақ. Бұл — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған жоба.

Айта кетсек, елімізде жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен 2018 жылдың басынан жобалық менеджмент әдісімен 7 топ жұмыс істеуде: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Сапалы нәтиже», «Оңтайлы орта» «SMART СОТ» және «Татуласу: сотқа дейін, сотта». Осы бағдарламалар шеңберінде жаңа жүйелілік, түбегейлі өзгерістер қолға алынған.

Қазақтың құқықтық әлемі мен құқықтық дүниетанымының тамыры тереңде жатыр. Адамгершілік құндылықтарға негізделген дала демократиясының институттары кең құлаш жайған көшпелі қоғамда пікірталас қисындығының құралы ретінде әділ сот пен шешендік ділмарлықтың рөлін өте жоғары қойған. Қазіргі тілмен айтқанда, құқықтық тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, заң ретінде жүзеге асыру сынды ұлттық идеология билерге жүктелген. Билер кеңесі қазақ қоғамында маңызды мәселелерді шешіп, әділдіктің үстемдік құруына ұйытқы болған. Халқымыз кез келген мәселені келісіммен шеше білгендігіне тарих пен ауыз әдебиеті дәлел. Қазақ халқы үшін бітімгершілік билік айтудың ең озық үлгісі болған.

Ағымдағы жылы Семей қаласында ешбір органға тәуелсіз Билер кеңесі құрылды. Алайда елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты  жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Енді қайтадан іске кіріспек. Кеңестің құрамына Семей қаласының құрметті азаматтары, зейнеткер жасындағы заңгерлер мен ұлағатты ұстаздар, сондай-ақ ғылым докторлары — жиыны 11 би енді. Кеңес мүшелері ҚР «Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық ұйымының семинарына қатысып, арнайы сертификатқа ие болған. Билер кеңесінің төрағасы болып Абай ауданының Құрметті азаматы, білім саласының үздігі Шаған Манапұлы Жұмақсанов тағайындалды.

«Бүгінде заман низамы өзгерген. Көне жосық та жолдан ығысқан. Бұрынғы билер институтын қазіргі қоғамға енгізуге бола ма?»  деген сұрақ кез келген адамды мазалауы мүмкін. Әділ билік айтып, небір күрделі дауды екі ауыз сөзбен шеше білген, екі жақты да сөзге тоқтата білген билерден неге үйренбеске?! Ережеге сәйкес, Билер кеңесі «Рухани жаңғыру» аясында ұлттық код ретінде қазақтың билерінің дәстүрін жаңғырту, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты насихаттау, дауласушылық деңгейін төмендету, құқық бұзушылыққа төзбеушілік пен оның алдын алу мәселелері бойынша, салт, ғұрып, озық дәстүрлерді сақтау жөніндегі кеңесші орган болып табылады.

Билер кеңесі бүгінде Азаматтық сот пен жасөспірімдер соты, сондай-ақ әкімшілік сотымен меморандумға отырған. Аталған органдар жәбірленуші тарап пен айыпталушыны ең әуелі билерге жүгінтпек. Билер кеңесінің қоғамдағы әсіресе отбасылық-тұрмыстық кикілжіңдердің азаюына септігін тигізері анық. Бүгінгі таңда, статистикаға сүйенсек, елімізде жыл сайын отбасындағы жанжалдың салдарынан әрбір үшінші неке бұзылады. Сондықтан өмірлік тәжірибелері мол ақсақалдар арқылы бірін-бірі заңмен қудалағандарды азайтпақ.

— Билер кеңесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жемісі болды. Бұл мәселе елімізде республика деңгейінде көтеріліп, аймақтық заң билігіне Билер кеңесін құру туралы тапсырма берілген болатын. Көпшілік қауым соттың бұл кеңесті құру туралы бастамасын қолдап, оның құрамына аса беделді азаматтарды, отбасылық психология, білім беру, медицина саласында тәжірибесі мол аға буын өкілдерін, сот жүйесінің ардагерлерін, сондай-ақ қаланың Құрметті азаматтарын енгізуді ұсынды. Біз, міне, 11 биден тұратын Билер кеңесін құрдық. Бүгінде елімізде болмашы дүниеге бола сотқа жүгінетіндер көбейіп кетті. Салдарынан көп азаматтар, тіпті жап-жас бозбалалар істі болып, сотталып кетіп жатыр. Темір тор ұлтымыздың келешегі жастардың жолын біржола жауып, өмірін өзгертіп қана қоймай, ұрпақтарының өміріне де дақ түсіреді ғой. Сондықтан біз дауды сотқа жеткізбей, ақыл-кеңесімізді айтып, тараптарды татуластырып, құнмен бітістіруге тырысамыз. Сонымен қатар қазір ел ішіндегі қасіретті жағдайдың бірі — жас жұбайлардың көптеп ажырасуы. Міне, осы белең алып отырған мәселенің шешімін табуда, шаңырақ шайқалғын тұста басу айтып, жастарды өзара татуластырып, жөнге салуда билердің ықпалы зор, – дейді Билер кеңесінің төрағасы Шаған Манапұлы.

Билер кеңесі биліктің бір тармағы ретінде бүгінгі соттар, кешегі билер ісін жалғастырып, ел ішінде туындаған дауларды шешуге атсалыспақ. Мән-мағынасы жағынан ғана қарап қоймай, екі тараптың бітімге келуін, дауды шешу жолдарын медиация институты арқылы ел арасында кеңінен насихаттауда. Ел болған соң дау-дамайсыз болмайды. Бірақ сол жанжалды ушықтырмай, дер кезінде шешуге қол жеткізу бүгінгі күнде маңызды болып отыр. Өйткені ұлтымыздың болмысына жат құбылыстар белең алып, салт-дәстүріміз құнсыздана бастаған, материалдық игіліктерге көбірек мән беріліп отырған қазіргі қоғамда дау-дамайлар жылдан-жылға еселеп артуда.

Қара қылды қақ жарған әділдікті, мұнтаздай адалдықты, мүлтіксіз жауапкершілікті қағидат тұтқан бабалардан мирас болып қалған игі дәстүрді, ұлттық құндылықты қайта жаңғыртқан Билері кеңесі сенім үдесінен шығады деген ойдамыз.

«Би айтқанды құл да айтады, тек құл аузының дуасы жоқ»,- деп Төле би айтқандай, даулы мәселенің түйінін тарқатып, сотқа дейін және соттан тыс шешілуіне аузы дуалы, ел арасында биік беделге ие ақсақалдардың ықпалы зор болады деген сенімдеміз.

Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

9 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

9 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

9 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

14 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

14 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

14 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС