"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРЫЛЫСТЫҢ ҮНІН ӨШІРГЕН № 409 ЖАРЛЫҚ

19.02.2021
ЖАРЫЛЫСТЫҢ ҮНІН ӨШІРГЕН № 409 ЖАРЛЫҚ
46
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Тәуелсiздiктiң кезектi жылдығын атап өту бiзге ең алдымен той тойлау үшiн емес, ой ойлау үшiн керек. Тәуелсiздiктiң тайғақ кешулi жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белiмiздi талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз Тәуелсiздiкке қиын iсте тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетедi».

Нұрсұлтан Назарбаев.

ХХ  ғасырдың аяғында  бодандық қамытын  сындырып,  бостандығын алған қазақ елі Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевқа  көшбасшылық тізгінін сеніп тапсырған болатын. Қазақстанның  дамудың даңғыл жолында әлемге танылуына Назарбаев моделінің қосқан үлесі қандай? 30-ға  енді толған  мемлекет аз ғана уақыт ішінде Ұлт Көшбасшысымен бірге соқтықпалы – соқпақты  небір  қиын жолдардан жүріп өтті. Қиындық көп болды, сынбады, бірақ  шыңдалды. Арман еткен Тәуелсіздігін баянды ету жолында  қазақ елі адам сенгісіз жетістіктерге қол жеткізді.

Тәуелсіздік бізге не берді? Тұңғыш Президенттің тұғырлы бастамалары мен парасатты  істері арқылы қазақ өткен тарихын таразылып, болашағына айқын жоспар құрды.  Сабақтастық  салтанат құрды, тұрақтылық тұғырына нық орнықты, ұлттың өсіп-өркендеуі  жолындағы тың мүмкіндіктер жүйелі түрде жүзеге асырыла бастады. Экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалды. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ елін әлемге жаңа қырынан таныту жолында сіңірген еңбегін бағалай білмесек, қиянат болар еді. Ұлт Көшбасшысы қазақ деген халықтың мықтылығын  әлемге мойындатып, алты құрлықтың алдында ұлт абыройын асқақтатты. Орда бұзар отызға енді жеткен  жас мемлекеттің шынайы мүмкіндіктеріне жан – жақты жол  ашты.

Біз  елімізді де, жерімізді де азат етіп қана қоймай, әлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Ұлттың кемеңгер басшысының арқасында ақыл мен парасаттың кез келген қарудан қуатты екенін  дәлелдеп, жаһанды  ядролық қарусыз әлемге айналдыруда  зор үлесімізді қостық.

1947 жылы Семей ядролық полигонын құру жөніндегі шешімге қол қойылып, «Семипалатинск — 21» атты құпия қала пайда болған еді. 1949 жылы 29 тамызда полигонда алғашқы жарылыс жасалған. 1949 — 1961 жылдар аралығында ашық ауада сыналған 456 ядролық жарылыс ауа мен суды түгел улап, жер бетін мекендеген тұрғындардың, ұлттың болашағына тамырымен балта шаба жаздағаны белгілі.

Біз сынақтың зардабынан нәрестесі іштен құбыжық кейпінде туғанын көріп қан жұтқан аналарды көрген ұрпақпыз. Біз сынақтың зардабынан Ұлы Абай елінің, Бесқарағай, Абыралы, Семей өңірінің әр екінші тұрғынының денсаулығы әлсіреп, айықпас дертке ұшырап, қиналған халықтың ұрпағымыз.

Жапонияда Хиросимадағы жарылыстан кейін екі жасында  таңқаларлық жағдайда аман қалған   Сасаки Садако атты кішкентай қыз туралы халық арасына кең тараған аңыз бар. Он жастан аса бергенде Сасаки Садако лейкоз ауруына шалдығады. Сонда қыз ауруханда жатып, «мың тырна жасасаң, тілегің орындалады» деген жапондардың ескі аңызына сеніп, қағаздан  тырна жасай береді. Ел аузындағы аңызда қыз мың тырна (оригами) жасап, жазылып кетедi. Ал шынайы өмірде Сасаки Садако 644 оригами ғана жасап, ауруынан айықпай, 12 жасында  көз жұмады. Содан бері күншығыс елінде қағаз тырналар бейбітшілік символына айналған.

«Мың қағаз тырна» сыйлығын жаһанды ядролық қарудан азат ету жолындағы баламасы жоқ  бастаманың авторы, Семей сынақ полигонын жауып, жарылыстардың үнін өшірген кемеңгер  тұлға ретінде  Нұрсұлтан Назарбаевқа Хиросима қаласының жастар комитеті сыйлаған.

Шындығында, 40 жыл ішінде Семей полигонында ауада және жер бетінде жасалған барлық жарылыстың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе күшті еді. Қазақ еліне қасірет әкелген ажал ошағының үнін біржола өшіруге Қазақстанның Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы»  №409  Жарлығы негіз болды.

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫН

ЖАБУ ТУРАЛЫ

«Қазақ КСР-нің территориясындағы Семей облысында 1949 жылдан бері ядролық қару сынау жүзеге асырылып келеді. Осы уақыттың ішінде онда 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалып, оның өзі мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірді. ҚазКСР КСРО мен АҚШ арасындағы стратегиялық әскери тепе-теңдікті қамтамасыз еткен ядролық потенциалды жасау жөніндегі өз борышын орындағанын ескеріп және республика жұртшылығының талаптарына құлақ асып, қаулы етемін:

1. Семей ядролық сынақ полигоны жабылсын.

2. ҚазКСР Министрлер Кабинеті КСРО Қорғаныс министрлігімен, КСРО Атом энергетикасы және атом өнеркәсібі министрлігімен келісе отырып, Семей сынақ полигонын одақтық республикалық ғылыми-зеттеу орталығы етіп қайта құрсын. 1991 жылы оның статусын және ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының тізбесін әзірлеп, бекітсін.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығынан.

Алматы, 1991 жылғы тамыздың 29-ы

Қазақстан осылайша ядролық қарудан бас тартты. Қазақ елінің бұл бастамасын бүкіл әлем қолдады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында да ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

1992 жылдың мамырында Семей полигонының  базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды.  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  атап өткендей, сынақ алаңын жабу еліміз тәуелсiздiк алар сәтте қабылданған ең маңызды шешім еді. Сөйтіп Абай елінде  қуаты жағынан әлемде төртінші орынға ие атом аждаһасының үні өшті.

Жоғарыдағы  аңызды естіген сайын менің есіме  жарылыстан көз ашпаған туған ауылым оралады. Мен Семей сынақ полигонына ең жақын орналасқан елді мекендердің бірі Бесқарағай ауданына қарасты Бөдене ауылында дүниеге келдім. Ол кезде ядролық  сынақтар жайлы ақпарат  құпия сақталғанымен, жарылыс болған кезде үйдің  қабырғалары  теңселіп тұратынын ұмыта қойған жоқпыз…

Полигоннан зардап шеккен  отбасылар  ауылымызда аз емес еді… Бәрін тізіп жатпасақ та бізге көрші орналасқан екі үйдегі тумысынан мүгедек балалар есімде…  Бірінің екі аяғы мен қос қолы да жансыз, тілі жоқ болатын, ал екіншісінің қол-аяғы сау, тілі бар болғанымен, ақыл-есінің кемістігі бар еді. Бүгін полигон зардаптары жайлы сөз болғанда  сынақтың құрбаны болған сол екі  бейбақ еріксіз еске оралады.

Сынақ алаңына таяу орналасқан  елді мекендердің табиғатының азып-тозуын, Семей полигонының тұрғындардың денсаулығына тигізген зардаптарын, адамзат баласына  әкелген қайғысы  мен қасiретін сөзбен айтып жеткiзу мүмкiн емес. Халықтың жүрегiне  осы жарылыс салған  жара әлi күнге дейін жазылған жоқ. Жарылыстың ауыр қасіретін жергілікті халық тартса да тұрғындарды қорғаудың арнайы шаралары қарастырылмады.  Сынақ алаңындағы ауамен тыныстау өз алдына, сол жерде жайылған малдың етін жеп, сүтін ішкен адам қалай уланбасын?! Радиацияның әсерінен түрлі індеттер кеңінен тарап, жан-жануарлар қырылды. Осы ядролық сынақтың кесірінен талай  адам өмірмен  ерте  қоштасты. Адам түгілі сайын даланы емін-еркін мекен еткен түз тағысы — киік, маралдардың өзі экологиялық қасіретті  сезіп,  ауып кеткен…

Ресми деректер бойынша, Семей  полигонында 1949 – 1989 жылдары 468 мәрте ядролық қару сынақтан өткiзiлген. 1962 жылға дейiнгi сынақтардың  басым бөлігі  ашық ауада  сыналғандықтан, адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенi белгілі. Жер астында жасалған 350 ядролық сынақ, 1953 жылдың 12 тамызында тұңғыш термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада әлемдегi ең алғашқы сутегi бомбасы да біздің Семей топырағында сынақтан өткені белгілі. Мамандар радиоактивті ластанудың ең жоғары деңгейi жоғарыда атап өткен қуаты 400 килотонна шамасындағы жер үсті термоядролық жарылысынан соң байқалғанын айтады.

Үлкендердің  жер сілкінген күннің ертеңінде тағы да жарылыс болғандығы жайлы өзара  әңгімелері де  еміс-еміс есімде. Ауылдастарымның басым бөлігі  қатерлі ісіктен, қан қысымының ауытқуынан дүние салды.  Ядролық жарылыстарға тербелген  сайын даланың ұл –қыздары  өмірге нәресте әкелуде  үміттен гөрі  күдікке көбірек бой алдырып, дені сау  ұрпақ сүю бақыты бұйырмай ма деген қауіппен өмір сүретін болды.

Хиросимадағы  «Мың қағаз тырна» жасап, жанына сауға сұрап, ядролық қарудың құрбаны болған  қыз тағдыры аңызға айналса, біздің  елімізде  олардың қатары тіпті көп еді… Түрлі есептеулер бойынша, Қазақстанда полигондағы сынақтардан 1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен. Кәріпбек Күйіков, Берік Сыздықов сияқты азаматтар полигонның зардабының тірі  белгісі емес пе!

Кәріпбек Күйіков — Семей ядролық полигонынан  100 шақырымдай жердегі Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы дүниеге келген талантты суретші. Туғанынан қолы жоқ болса да, еш мойымай, бейбітшілік қарлығашындай болып, Семей полигонының жабылуына атсалысып жүрген қайсар жан. Екі қолы бірдей жоқ Кәріпбектің  тісімен немесе башпайларының көмегімен салған суреттері  Түркия, Жапония, АҚШ, Германия және өзге де шет мемлекеттердің көрмесіне қойылған. Оның  «Жарылыс» атты туындысын Елбасы АҚШ-тың бұрынғы  Президенті Барак Обамаға сыйға тартқан болатын.

1991 жылы  ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, бүкіл әлем батыл шешімге қайран қалған болатын. Өйткені БҰҰ 60 жылдай уақыт  әлем елдерін ядролық қарудан бас тартуға үндеп келе жатқанымен, нәтиже болмаған. Семей полигонын жабу арқылы Қазақстан әлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне, бейбітшілік жаршысына айналды.

Міне, осындай қасіретті бастан кешірген ел ғана Көшбасшысын бағалап, бейбіт өмірдің қадірін түсінеді. Аумалы-төкпелі жылдардан қазақ елін сүріндірмей алып шыққан  Елбасының қадірін халқы білмесе, қазақтың тектілігі қайда!?

Риза МОЛДАШЕВА

{jcomments off}

Мақалада: 409 жарлықСемейядролық полигон

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

27.01.2026
Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

Өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өтті. Дәстүрлі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай...

Толығырақ...Details

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

27.01.2026
Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты. Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан...

Толығырақ...Details

Туризмге жаңа талап: Бектенов ұлттық парктерге кіру тетігін қайта қарауды тапсырды

27.01.2026
Туризмге жаңа талап: Бектенов ұлттық парктерге кіру тетігін қайта қарауды тапсырды

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру — Олжас Бектенов...

Толығырақ...Details

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады

27.01.2026
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады

Бүгінде елімізде шамамен 7 млн бала өсіп келеді. Яғни, халықтың үштен бір бөлігінен астамын балалар құрап отыр, нақты айтсақ –...

Толығырақ...Details

ҚҚС әкімшілендіру: 2026 жылдан бастап негізгі өзгерістер

27.01.2026
ҚҚС әкімшілендіру: 2026 жылдан бастап негізгі өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты — тиімділік пен әділдіктің негізі

26.01.2026
Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты — тиімділік пен әділдіктің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмысын қамтамасыз етіп, қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды институт. Елдің әл-ауқаты мен тұрақтылығы осы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

2 часа бұрын

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

2 часа бұрын

Туризмге жаңа талап: Бектенов ұлттық парктерге кіру тетігін қайта қарауды тапсырды

6 часов бұрын

Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады

6 часов бұрын

ҚҚС әкімшілендіру: 2026 жылдан бастап негізгі өзгерістер

9 часов бұрын

Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты — тиімділік пен әділдіктің негізі

22 часа бұрын

Өмір сүру құқығы мен әділ сот жаңартылған Конституцияның іргетасына айналады – Ластаев

23 часа бұрын

«Еңбек бостандығының» орнына «еңбекке құқық» – белгілі заңгер Конституцияға өзгерістер туралы пікір білдірді

23 часа бұрын

Конституциялық реформа аясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқықтық кепілдіктер бұрынғы көлемде сақталады — депутат Никита Шаталов

23 часа бұрын

Сергей Пономарев: Конституцияда «Таза Қазақстанды» бекіту арқылы болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік танытамыз

23 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС