"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСПАЛЫ КӨПІР — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ

25.02.2021
АСПАЛЫ КӨПІР — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ
72
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай мен Шәкәрімдей қос алыпты, Мұхтардай мұхитты дүниеге әкелген Семей өңірінің халқы аспалы көпір құрылысы салынған жылдарды облыс мәртебесінен айырылып, көңілі құлазыған елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан мезгіл ретінде еске алады. Көпір құрылысының басталу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келіп қатысқан сәт те есімізде…

Өткенге бір сәт шегініс жасасақ, 1998 жылы Семей қаласында жаңа көпір құрылысын бастау жайлы республикалық деңгейде шешім шығарылды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Семейдегі Ертіс өзенінің үстімен өтетін автокөліктерге арналған қолданыстағы көпір тозығы жетіп тұрғандықтан, жаңасын салу күн тәртібінде өткір тұрған мәселе болатын.

1998 жылы Семейде салынатын аспалы көпір құрылысының жобасына халықаралық тендер жарияланып, бас мердігерлікті құрылыстың осы түрімен айналысуда әлемге танылған жапондық «Аячай» компаниясы жеңіп алған еді. Аспалы көпір құрылысының жобасын жасаған — жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компаниясы Көпірдің негізгі жабдықтары 67 мың шақырым қашықтағы Жапония елінен су және құрылық жолдары арқылы тасылды.

Мацузава басқарған «Аячай» фирмасы Америкада, Түркияда, Оңтүстік Кореяда осындай көпірлердің құрылысын жүргізген, тәжірибесі мол болғандықтан құрылыс жұмысында айтарлықтай кедергілер болмады. Екі мемлекет арасында жасалған келісімге орай, Жапония елі көпір құрылысына 165 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп, 2,7 пайызбен 30 жылда қайтару мәселесі де алдын ала пысықталған.

Көпірге келіп тірелетін ұзындығы 16 шақырым жол құрылысын жүргізумен Түркияның «АлсимАларко» фирмасы айналысты. Жаңа көпірдің үстіне төселген табиғи асфальт Кариб бассейніндегі Трининад көлінен Семейге арнайы жеткізілген болатын. Аспалы көпір құрылысына өз елімізден 30-ға жуық фирмалар қатысса, жұмысшылардың 90 пайызын жергілікті азаматтар құрады. Тәуелсіздігін енді алып, етек-жеңін әлі жинап үлгермеген жас мемлекет үшін бұл құрылыс үлкен қолдау болды. Жұмыссыздар жұмысқа тартылды. Көпір құрылысы белгіленген мерзімнен бұрын бітіп, 2000 жылдың 16 қазанында пайдалануға берілді.

Аспалы көпір бүкіл қазақ елі үшін тарихи маңызы зор құрылыс болды. Семейдегі аспалы көпір әлемдегі осындай 17 көпірдің бірі болса, ТМД-дағы бірінші көпір. Ертіс бойындағы осы тарихи оқиғаға — көпірдің  ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп қатысып: «Бұл көпір – Қазақстан тарихындағы ең үлкен құрылыс»,– деген баға берген болатын.

Тек Семей мен Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия мен Батыс Сібірді байланыстыратын халықаралық маңызы зор бұл аспалы көпір — Тәуелсіздіктің төл туындысы.

Риза АСАНҚЫЗЫ

Семейдегідей аспалы  көпір ТМД-да да жоқ. Әлем елдерінің өзінде саусақпен санарлық қана. Семейдің көркіне көрік қосып, сәулетін арттырған бұл аспалы көпір — Тәуелсіздіктің төл туындысы. Бұл көпір Ертістің арғы жағы мен бергі жағын ғана емес, Азия мен Еуропаны, қыр мен Сібірді жалғастырып жатқан  стратегиялық маңызы зор нысан.

Мақалада: көпірСемей

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 часа бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС