"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан — бейбітшілік елшісі

01.03.2021
Қазақстан — бейбітшілік елшісі
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Адамзат тарихында алғаш рет орын алған осынау тарихи маңызы аса зор оқиғаның басында Ұлт Көшбасшысы, Елбасы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақ жеріндегі атом аждаһасының үнін мәңгілікке өшіріп, жаһан жұртшылығын ядролық қарусыз әлем құруға шақырған ұлт кемеңгерінің бұл ерлігі бүгінде біздің Отанымыз үшін ұлттық мақтанышқа айналды.

Иә, биыл республикамыздың Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Егемендікке қол жеткізгеніне аса көп уақыт өтпесе де, бүгінгі тәуелсіз еліміздің халықаралық аренада бағындырған белестері аз емес. Ең негізгісі, тарихи тамыры терең халқымыздың адамзат өркениетіндегі ұстанған бағыт-бағдары айқын. Қазақстан жер-жаһанға ядролық қарудан бас тартқан, бейбіт өмірдің жаршысы ретінде танылды. Бұл әсіресе қазіргідей геосаяси қақтығыс жағдайында аса құнды. Талай қиындық пен қайғы-қасіретті басынан кешірген қазақ халқы үшін Тәуелсіздік пен Бейбітшіліктен асқан қастерлі ұғым жоқ. Қанша жығылса да, қайта қасқайып тұруға жігері жеткен халықтың Тәуелсіздік таңы атар сәтте бейбітшілік жолын таңдауы да осыдан болар.

Өткенге көз жүгіртер болсақ, КСРО күйрегеннен кейін, 1991 жылдың 16 желтоқсанында, Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Ал сол тарихи оқиғадан бірер ай бұрын, яғни сол жылдың 29 тамызында, Қазақ ССР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Семей ядролық сынақ полигоны мәңгілікке жабылған болатын.

Осы орайда «Невада — Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті, ядролық қаруға қарсы күреске белсене қатысқан Сұлтан Картоев сол бір сұмдық кезең туралы естеліктерімен бөліскен еді.

— Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңы мен 90-шы жылдардың басы есімде, ШҚО тұрғындары мен Семей ядролық полигонына іргелес елді мекендердің тұрғындары ядролық сынақтарды бастан кешірді. Сол кезде мен Семейден 60 шақырым жердегі Шульбинск қаласында тұратынмын. Біз Қазақстандағы ең ірі Шүлбі ГЭС-ін салдық, үлкен ұжым едік. Біз бұл сынақтардың әсерін физикалық жағынан ғана емес, атмосфералық жағынан да сезіндік. Әр жарылыстан кейін үйлер қозғалып, шкафтар орнынан жылжып, ыдыс-аяқ құлайтын.

Расында, біз полигонның моральдық тұрғыдағы орасан зор залалын бастан өткердік. Ол кезде полигон туралы ақпарат болған жоқ, бізге ешкім ештеңе түсіндірмейтін.

Бұл сынақтардың адамзатқа, қоршаған ортаға зияны уақыт өткен сайын айқындала бастады. Әр жарылыстан кейін халықтың наразылығы артты. Біз полигонның адамға тигізетін кері әсері туралы білмедік, өйткені бұрын ядролық жарылыстар болған жоқ еді. Бірақ, соған қарамастан, біз ол сынақтар жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян тигізетінін сезген болатынбыз, — деп еске алады Сұлтан Картоев.

Ядролық сынақтар кезінде Семей аймағындағы полигонда жер үсті, әуе және жер асты жарылыстары жүргізілді. Сол кезде еліміздің және әлемнің ядросыз болашағы үшін күресте Қазақстанның көп ұлтты халқын біріктірген «Невада — Семей» қозғалысы жандана түсті. Бірнеше айдың ішінде қозғалысқа шамамен екі миллион адам мүше болды. Тіпті «Невада — Семей» қозғалысының бөлімшелері әлемнің көптеген елдерінде ашылды.

Бұрынғы Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешені тарапынан жасалған қысымға қарамастан, 1991 жылғы 29 тамызда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Семей ядролық полигонын жапты. Президенттің Жарлығымен 1992 жылы Семей ядролық полигоны Ұлттық ядролық орталық болып қайта құрылды. Бүгінде атом энергиясы бейбітшілік пен ілгерілеу мақсатында пайдаланылады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта және ядролық технологиялар паркі базасында инновациялық жобалар нәтижелі түрде іске асырылуда. Атом саласын дамыту мәселелері шешілуде.

Полигонды жауып, зымырандық-ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, Қазақстан бүкіл әлемге ядролық қарусыздану және таратпау идеяларын жақтаушы ел екенін дәлелдеді. Ал оның басында, әлбетте, Ұлт Көшбасшысы — Елбасы тұр.

— Мен «Невада — Семей» қозғалысының біздің елде құрылғанын және оның мүшесі болғанымды мақтан тұтамын. Бүгінде көптеген елдер Қазақстаннан үлгі алып, ядролық қарудан бас тартып жатыр. Сондықтан мен еліміздің ғана емес, жалпы әлемнің бейбіт болашағына үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаев пен Олжас Сүлейменовті ерекше құрмет тұтамын, — дейді осы орайда «Невада — Семей» қозғалысының вице-президенті.

Қазақстан осылайша ядролық қарудан бас тартты. Расында, сынақ алаңын жабу еліміз тәуелсiздiгін алар сәтте қабылданған ең маңызды шешім еді. Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларацияда мемлекет аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Бүгінде күні кешегі қазақ елінің бұл бастамасын бүкіл әлем халқы қолдайды, барша отандастарымыз мақтан тұтады.
Жаһанның бейбітшіліксүйгіш халқы, әсіресе «Невада — Семей» қозғалысының белсенді мүшелері халықаралық антиядролық қозғалыстың алдына қойылған барлық мақсаттарға бірден қол жеткізу мүмкін еместігін түсінді. Оларды кезең-кезеңмен шешу керек. Алдымен бір ядролық полигон – Семей жабылды, содан кейін ядролық клубқа кіретін әр түрлі елдердің әскери бюджеттері қысқара бастады. Бұл қаражат тікелей әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталды. Мұның өзі, әлбетте, зор жетістік.

Әрине, Қазақстан халқы бейбітшілік орнату мақсатында қойылған міндеттерді биліктің қолдауымен ғана орындай алды.

— Нұрсұлтан Әбішұлы президент қызметін атқармай тұрған кезде де Қазақстандағы антиядролық қозғалысқа жан-жақты қолдау көрсетті. Халық бұл қолдауды әрдайым сезініп, осы жылдар бойы оған сенім артты. Нұрсұлтан Әбішұлы 2009 жылы Семейге келгенде «Өлімнен де күшті» монументінің жанында тұрып, 29 тамызды Ядролық қаруға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы әлемдік қауымдастыққа ұсыныс жасағаны кездейсоқ емес. Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде былай деген еді: «Невада — Семей» қозғалысының арқасында мен, әскери-өнеркәсіптік кешен мен КСРО басшылығының қысымына қарамастан, Семей ядролық полигонын жаба алдым. Бірақ кертартпа ұсыныстар болды. Олар тиімді келісімшарттар, Достық одақтар және басқа да артықшылықтарды ұсынды. Бірақ бұл ұсыныстар бізге пайда әкелмейтін еді. Себебі әлемде жаңа ядролық мемлекет пайда болады, ол бүкіл әлемді толығымен жоюға әкелетін ядролық соғыс қаупін төндіреді».

Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан бірде-бір ел жасай алмаған батыл қадамға барды. Ядролық держава мәртебесінен өз еркімен бас тартты, полигонның барлық инфрақұрылымын және барлық ядролық оқтұмсықтарды толығымен жойды. Біз ядролық құбыжықтың жанында өмір сүрудің не екенін білеміз, оның улы тынысын сезінеміз,- дейді осы орайда қозғалыстың вице-президенті.

Семей полигоны жабылған сәттен бастап ядросыз әлем құру дәуірі басталды. Біз бүкіл әлемге ядролық құбыжықтың үнін қалай өшіру керектігін көрсеттік. Бүгінгі таңда адамзат ядролық қарусыз әлем құрудың қазақстандық жолын зерттеп жатқаны кездейсоқ емес.

Иә, «Невада — Семей» антиядролық қозғалысы қырғи қабақ соғыс пен қарулану жарысын тоқтатуға атсалыса отырып, өзінің тарихи миссиясын абыроймен орындады. Алайда  ядролық қаруы бар елдер бұл алапат қарудан бас тартуға асықпауда.

Сондықтан да ядролық қарусыз әлем құруды басты мақсат еткен қазақстандықтар үшін маңызды міндеттер тұр: жер бетінде ядролық қару болған кезде алаңсыз отыру мүмкін емес.

«Невада — Семей» қозғалысының вице-президенті атап көрсеткендей, алдағы уақыттарда ядролық сынақтардан зардап шеккен аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты тұр. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар, Ұлттық ядролық орталық, ғылыми орталықтар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер бұл мәселені шешу мақсатында жұмыс істеуде. Бұл жұмыстар, әлбетте, мақсатты түрде жалғастырыла беретіні анық.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

15.12.2025
Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды. Салтанатты рәсімге Мәжіліс...

Толығырақ...Details

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

15.12.2025
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған және 1000 респонденттің қатысуымен жалпыұлттық әлеуметтанулық сауалнама өткізілді. Зерттеу нәтижелері азаматтардың өтіп...

Толығырақ...Details

Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

15.12.2025
Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай облысы әкімінің қолдауымен, Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты...

Толығырақ...Details

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

15.12.2025
Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. “Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің...

Толығырақ...Details

АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

15.12.2025
АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

Өрт сөндіруші - адам өмірін құтқару үшін өз өмірін тәуекелге тігу, қиындықпен бетпе-бет келіп, кез келген сәтте «мен барамын» деп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

15.12.2025
Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

Ерназар ауылдық округіне қарасты «Морозов» орман шаруашылығы мен Канонерка ауылдық округінің Қара-Мырза ауылында 4G мобильді интернет желісі қолданысқа берілді. 🌎Жалпы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды

2 часа бұрын

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

3 часа бұрын

Семейде «Жошы хан» және «Бату хан» тарихи романдарының тұсаукесері өтті

3 часа бұрын

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

3 часа бұрын

АДАЛ АЗАМАТ: «ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТУҒАН ЕР»

3 часа бұрын

Бесқарағай ауданының екі ауылында 4G интернет желісі қосылды

3 часа бұрын

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жыл қорытындысын шығаруда: Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды

5 часов бұрын

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

5 часов бұрын

Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

5 часов бұрын

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС