"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

06.04.2021
су тасқыны
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен апта соңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көктемгі су тасқынына дайындықтың соңғы кезеңін пысықтап, бүгінгі ахуалды бағамдау мақсатында жиын өткізді.

Ауа температурасының көтерілуіне және су айдындарында мұздың еруіне байланысты өңірде су тасқынына қарсы қарқынды шаралар жалғасуда. Жиын барысында айтылғандай, бүгінгі таңда 564 мың текше метр қар шығарылған. Жедел штаб өкілдері 3779 автокөлік жолындағы, 160 темір жолдағы су өткізу құрылыстарын, 575 көпірді, 689 арық пен каналды тазартты. 2412 техника, 377 мотопомпа және 108 эвакопункт дайындалған.

— Су басу қаупі бар 19 елді мекен үшін уақытша орналастыру пункттері қарастырылған. Сондай-ақ Алтай ауданында 32, Катонқарағай ауданында 21, Бесқарағай ауданында 13, Глубокое ауданында 30 мотопомпа әзірленді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 109,6 мың дана қап, 15,5 мың тонна инертті материал, 532 тонна ЖЖМ дайындады, – деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерлан Нұрпейісов.

Оның айтуынша, 31 наурызға жер тоңы Күршім ауданында 150 см, Катонқарағай ауданында 147 см, Бесқарағай ауданында 124 см, Зайсан ауданында 120 см, Бородулиха ауданында 110 см және Алтай ауданында 119 см деңгейде болған.

Өз кезегінде аймақ басшысы Даниал Ахметов аудан әкімдеріне су тасқыны қаупі бар барлық елді мекендерді қайта аралап шығып, жағдайды баяндауды тапсырды.

— Жағдай күрделі. Күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмын. Орынбасарым Бақытжан Байахметовке және ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерлан Нұрпейісовке қажетті техникалық ресурстарды Катонқарағай, Бесқарағай, Глубокое, Көкпекті және Алтай аудандарына жіберу үшін ТЖД жергілікті атқарушы органдарының күштер резервін қалыптастыруды тапсырамын. Қажеттілік туындаған жағдайда, жарты сағат ішінде су басқан аумаққа қарай жіберу керек, — деді ШҚО әкімі.

Сөз орайында айта кетсек, арнайы мамандар тікұшақпен су тасқыны жағдайына байланысты мониторинг жүргізген. ШҚО ТЖД департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мониторинг барысында аймағымыздағы су тасқыны қаупі бар учаскелерге бақылау жасалған. Шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖД, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы және «Қазгидромет» РМК мамандары қатысқан. Аэровизуалды бақылау Өскемен — Глубокое ауданы — Алтай ауданы — Катонқарағай ауданы — Өскемен бағыты бойынша жүргізілген.

— Мониторинг барысында Бұқтырма, Красноярка, Глубочанка өзендерінің арналары қаралды. Аэровизуалды зерттеулер гидрологиялық жағдайдың тұрақтылығын көрсетті. Өзендердегі су деңгейі қауіпті шектен төмен, — дейді ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы басшысы Алексей Штыкель.

Облыс аумағында қар еритін кезең басталды. Аймақтағы қар басқан аумақ соңғы 2 аптада 97% — дан 55%-ға дейін азайған. Жер тоңының жоғары қабаты жіби бастаған. Күршім, Катонқарағай, Бесқарағай, Зайсан, Алтай және Бородулиха аудандарында жер тоңының бір метрден астам қатуы сақталған.

Өз тілшіміз

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

08.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

Semeytany.kz – Беларусь елінің Минск облысында өтіп жатқан «Достастықтың балалары» атты халықаралық мәдени-танымдық форумға Абай облысының оқушылары қатысуда. Шара 7–16...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

08.07.2025
Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd корпорациясының басшысы Ли Цзюнь бастаған делегациямен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

08.07.2025
Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу,...

Толығырақ...Details

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

08.07.2025
Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

Semeytany.kz – Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы...

Толығырақ...Details

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

08.07.2025
Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

Semeytany.kz – Абай облысында мүлік пен жер салығының мөлшері артты. 2024 жылға арналған төлем мерзімі 1 қазанға дейін белгіленген. Бұл...

Толығырақ...Details

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

08.07.2025
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

35 жылдан кейінгі жаңару: Семейдегі жылу желісіне жаңа дем берілді

41 минута бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда Қазақстанды таныстырады

19 часов бұрын

Абай облысы Қытайлық инвесторлармен жаңа қала салуды жоспарлап отыр

19 часов бұрын

Облыс әкімі Семейде әлеуметтік дүкендер санын арттыруды тапсырды

19 часов бұрын

Берік Уәли: Ауылдағы медициналық нысандар толық дайын күйінде пайдалануға берілуі тиіс

19 часов бұрын

Семейде мүлік салығы өсті: жаңа мәртебе – жаңа талаптар

20 часов бұрын

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

20 часов бұрын

Шекарадан жанармай мен ірі көлемдегі ақша алып өтпек болғандар ұсталды

20 часов бұрын

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

3 дня бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС