"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Көздегендері аймақтың мүддесі ме, әлде әулеттің мүддесі ме?

19.04.2021
Көздегендері аймақтың мүддесі ме, әлде әулеттің мүддесі ме?
139
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осы аптаның сәрсенбісінде Семейде «біртүрлі» жиын өтті… Тосыннан. Еш хабарландырусыз… «Шығыс Қазақстан облысы — аймақтың өзекті мәселелері» атты баспасөз конференциясы өтетінін межелі уақытқа санаулы минуттар ғана қалғанда естіп, өзіміз қосылдық. Қосылдық дейміз-ау…

«Е, бұлар бар екен ғойға» салғандай хабар беріп, ZOOM-ына зорға қосқанымен, өзіміз жақпадық па, сөзіміз жақпады ма, білмеймін, әйтеуір, «таңдаулылардан» өзгелерге орын жоқ онлайн өткен жиынға кіргенімізден шыққанымыз жылдам болды.

Сонымен, облыстың өзекті мәселелері көтеріледі деген жиын күттіріп барып басталды. Баспасөз конференциясы басталған бетте сәлемдесуге де қазақшасы табылмаған топтың бағытын байқадық. «Аймақтың өзекті мәселелері жайлы сөз болатын басқосуда облыстық мәслихаттың не бір депутаты, болмаса атқарушы биліктің бірде-бір өкілі неге жоқ? Осы сауалымызды ZOOM арқылы өткізіліп жатқан баспасөз конференциясының ұйымдастырушыларына қоюға мәжбүр болдық. Өкінішке орай, сұрағымызды қойған бетте, жауап бермей, бізбен байланысты біржола үзіп тастады. Түсінбедім. Алғашқыда техникалық ақаулар себеп болды ма деп ойлағанымызбен, редакциядағы келесі компьютерде сұрағым анық естіліп тұрды. Ары қарай басқа компьютер арқылы байланысқа қайта шығуға тура келді. Бұл жолы сөзімді ұйымдастырушыларға арнап: «Неге мемлекеттік тілде сөйлемейсіңдер, өзімді Ресейде отырғандай сезініп отырмын»,- деп бастадым. Байланыс қайта үзілді… Жалғыз мен емес, бүкіл редакциядағы байланысқа құлып салынды…

Сонымен, жиын не жайлы болды. Ең бірінші сөзді қалалық мәслихаттың депутаты Рафаиль Хазипов алды. Рафаиль Хазипов қалалықтарға «қоқыс королі» ретінде таныс. Қазір аталған кәсіпорынның қожайыны басқа болғанымен, қоқысты жақсы көретін адам сүйікті ісінен айналшықтап, әлі де алысқа ұзай алмай жүрген сыңайлы. Қалалық мәслихатта әріптес болған жылдары Хазипов мырзаның депутат ретінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметінің бағасын көтеруден басқа мәселе қозғағаны есімде қалмапты… Күлтөкпені қарық қыла алмаған ол облыстың өзекті мәселелерін қалай көтермекші?! Хазипов мырза бұл жолы Семейде тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу қажеттігін, алайда ол Еуропалық қайта құру және Даму банкі ұсынғандай емес, басқаша болуы керектігін барынша дәлелдеуге тырысты…

Келесі сөз кезегін осыдан бірнеше жыл бұрын Семейді «Семипалатинск» деп желінің «жұлдызы» болған қаламыздың құрметті құрылысшысы Николай Исаев мырза алды. «Құрметті құрылысшы» атағын құрылыспен үш қайнаса сорпасы бірікпейтін үкіметтік емес ұйымның өтініші негізінде алғандығы көпшілік көкейінде көптен бері жүрген жауабы жоқ сауал… Төбемізге көтеріп, төрімізді берген «құрметті құрылысшының» даңқы, замандастарының айтуынша, ертеде ауылдарда қашар салумен шыққан деседі…

Баспасөз конференциясының жұмысына сондай-ақ «ДСУ № 14» ЖШС бас директоры Александр Федосов, Unit Energy Investment ЖШС өкілі Олжас Есенғарин, “Медтехника” ЖШС бас директорының м.а. Бақтияр Сәпиев, «Semey Bus» ЖШС директоры Болат Қылышбеков, “Гордорстрой” ЖШС директоры Бауыржан Қайрамбаев және қашықтықтан «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев қатысты.

Сөзіміздің басында айтып кеткендей, аймақтың өзекті мәселелері қаралады деген жиында облыстың не атқарушы, не өкілетті билігінен бір өкіл болған жоқ. Неге? Ұйымдастырушылар жиналғандар алдында әкімдікке, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына хабар бергендері жайлы қайта-қайта айтып, ақталғандай болды… Олай болса, халық үніне құлақ асатын билік қайда?

Бізді байланыстан ажыратып тастаған соң, ең бірінші өзіміздің Семей қалалық әкімдігіне телефон шалдым. Ешкім, ешкімді, ешқайда шақырмаған. Бұдан кейін құқық қорғау мекемесімен және облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасымен байланысқа шығып, Семейде аймақтың мәселесі қаралып жатқанда неге үнсіз жатқандарын сұрадым. Ол жақ та өтіп жатқан шарадан бейхабар болып шықты.

Ең қызығы, баспасөз конференциясында сұрақ қоюға ынталы болған журналистердің «ауыздарын жауып», бірінен соң бірін өшіріп тастаған ұйымдастырушылар тек өздері ғана сөйледі. Бірде-бір сұрақ қойылған жоқ. Билікке өкпелілердің бас қосып, іштегі наразылықтарын сыртқа шығару мақсатында ұйымдастырылған шара екендігі байқалып тұрды. Айтпақшы, «ДСУ №14» ЖШС басшысы Федосов мырза да осы жиынға қатысты. Өткен жылы мемлекеттік тапсырысты сапасыз орындағанына байланысты билікпен тіл табыса алмай, әлеуметтік желіде шу көтерген Федосов осы жолы да мүмкіндікті пайдаланып, наразылығын жеткізіп қалуға тырысты…

Өзім осы баспасөз конференциясының болатынын әріптестерімнен білдім. Сонда бұл қалай? Елдің мәселесін осы шараны ұйымдастырушылардың елегінен өткендер ғана қарай ма? Ашықтық принципі қайда? Сұрағымды қоймай жатып кедергіге тап болып, байланыстың өшіріліп тасталғанын түсінбедім. Баспасөз конференциясы, әдетте, елдің тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер мен қабылданған аса маңызды шешімдерді БАҚ өкілдерімен таныстыру, белгілі бір оқиғаға түсінік, баспасөз қызметкерлерінің түрлі сұрақтарына жауап беру мақсатында өткізіледі. Ал осы баспасөз конференциясы деп аталатын жиында өздерін ренжіткендерден өш алу пиғылына, әлеуметтің емес, бір әулеттің мәселелері талқыға түскен көрініске куә болдық. Журналистер қауымына ауыз ашуға мүмкіндік берілген жоқ. Атына қарағанда, елдің мұңы айтылатын сияқты көрінген… Өскемендік әріптестеріміз де біз сияқты кедергілерге тап болыпты.

Ендеше, аймақтың емес, қалтаның қамы басым болған басқосуды баспасөз конференциясы деуге келе ме?

Риза АСАНҚЫЗЫ

 

Мақалада: жиынқоғаммемлекеттік тілСемей

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

07.05.2026
Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

Semeytany.kz – Семейде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир...

Толығырақ...Details

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

06.05.2026
Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында қазіргі таңда 11 маусымдық балалар лагері жұмыс істейді. Оның ішінде 8-і мемлекеттік, 3-і жекеменшік....

Толығырақ...Details

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

06.05.2026
«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

Президент «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін салтанатты түрде тапсырды,...

Толығырақ...Details

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

06.05.2026
Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда армияны заман талабына сай нығайтып, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға қажетті барлық шара қабылданып жатқанына назар аударды....

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

06.05.2026
Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

Мемлекет басшысы әңгіме барысында елге қорған болу – ең абыройлы қызмет екенін ерекше атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі...

Толығырақ...Details

Ұлтына қорған болған ержүрек жауынгерлердің есімін ұрпақ жадында сақтауымыз керек — Президент

06.05.2026
Тоқаев: Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп, ерлік ешқашан ескірмейтінін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Оның...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының журналистері «Seitkhan cup» турнирінде топ жарды

10 часов бұрын

Абай облысында жазғы сауықтыру лагерлері қатаң санитариялық бақылауда

2 дня бұрын

«Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды

2 дня бұрын

Қазақстан армиясын заман талабына сай нығайту шаралары қолға алынды – Тоқаев

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет

2 дня бұрын

Ұлтына қорған болған ержүрек жауынгерлердің есімін ұрпақ жадында сақтауымыз керек — Президент

2 дня бұрын

Тоқаев: Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді

2 дня бұрын

Абай облысында 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды

2 дня бұрын

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

2 дня бұрын

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС